Файл: за мерзімді жоспарды тарауы лемдік экономикалы дадарыс Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Әлемдік экономикалық дағдарыс

Мектеп: №64 мектеп-лицейі, Нұр-Сұлтан қаласы

Күні: 1 апта,1 сабақ

Мұғалімнің аты-жөні: Оразымбетов Мурат Маратович

Пәні: Дүние жүзі тарихы

Сынып: 8

Қатысқандар: 26

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен АҚШ-та 1920-шы жылдарды «гүлдену кезеңі» деп атайды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

8.4.1.2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін «модернизация» ұғымын пайдалану

8.4.1.1 ХХ ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейнер өңдірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: АҚШ-тың даму процесіндегі гүлдену кезеңін анықтайды.

(білу, түсіну)

Оқушылардың басым бөлігі: АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму кезеңіндегі модернизация ұғымын пайдаланып, гүлдену кезеңін анықтайды, талдайды.(талдау,

қолдану)

Кейбір оқушылар: ХХ ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейнер өңдірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын талдап, бағасын береді. (қолдану, талдау, бағалау)



Бағалау критерийі

Барлық оқушылар: АҚШ-тың даму процесіндегі гүлдену кезеңін анықтайды.

(білу, түсіну)

Оқушылардың басым бөлігі: АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму кезеңіндегі модернизация ұғымын пайдаланып, гүлдену кезеңін анықтайды, талдайды.(талдау,

қолдану)

Кейбір оқушылар: ХХ ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейнер өңдірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын талдап, бағасын береді. (қолдану, талдау, бағалау)

Тілдік мақсаттар

Глоссарий: «Просперити», конвейерлік өңдіріс, тұтыну қоғамы, Ұлы дағдарыс, «аш жорық» тірек сөздерінің анықтамасын дәптерлеріне жазады. (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым)

Деңгейлеп саралап оқыту әдісі(оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым)

(оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым)


Құндылықтарға баулу

- Деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы сол кездегі саяи, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды терең меңгеру және қазіргі күнмен салыстыру;

- Әр оқушыға өзгелердің пікірін сыйлауға үйрету;

-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-Қарым-қатынас жасау қабілеті;

-Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-Жауапкершілік;

-Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

-Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

География, саясаттану.

Алдыңғы білім

Махатама Гандидің идеялары Үндістандағы ұлттық сананың өсуіне қалай әсер етті? еске түсіру үшін, Сократтық шеңбер әдісі арқылы білім алушылардан ашық сұрақтар қоя отырып, қорытындылаймын.




Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

1-2 минут

Білім алушылармен сәлемдесемін, сыныпты түгендеймін. Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбымен оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Оқушы назарын шоғырландыру. Тақырыпқа шығу: «Миға шабуыл»

әдісі

1. АҚШ қандай мемлекет?

2.АҚШ астанасы қалай аталады?

3.Индустрия дегенді қалай түсінесіңдер?

Презентация № 3 бет


Сабақтың ортасы

2-14 минут
Жаңа сабақ

1922 – 1929 жж. кезең АҚШ-та өркендеу немесе «просперити дәуірі» деп аталады.

1920 жылдардың басында АҚШ әлемдегі өнеркәсіптік өнімнің 48%-ын өндірді. Сондай-ақ Америка дүниежүзі елдеріне несие бере отырып, жаһандық несие берушіге айналды.

Республикалық президенттер 1920 жылдары «қатты индивидуализм» идеологиясының – мемлекеттің экономикалық қатынастарға араласпау қағидасы жақтады.

Уоррен Гардинг (1921 – 1923 жж.)бизнес салығын төмендетіп, жоғары кедендік тарифтерді енгізді.Хардинг әкімшілігі АҚШ тарихындағы ең жемқоры саналды. Себебі Президенттің жақын достары мафиямен (ұйымдасқан қылмыстық топтар) тығыз байланыста болды.

«Американың ісі – бизнес» ұранымен Калвин Кулидж (1923 – 1929 жж.) протекционизм және елге шектеулі иммиграция саясатын жалғастырды.

Герберт Гувер (1929 – 1932 жж.) билікке өркендеу ұранымен келді, бірақ оның бүкіл билігі ұзақ жылдар бойы экономикалық дағдарысқа душар болды.

Жаңа салалар – автомобиль өнеркәсібі, электротехника, химия және авиация барынша жылдам қарқынмен дамыды. Экономикалық өрлеудің маңызды алғышарты дәстүрлі отынды электрмен және мұнаймен алмастыру болды. Осы ретте өнеркәсіп өнімдерін стандарттау және унификациялау ерекше рөл атқарды. Көптеген өнеркәсіп конвейерді құрастыру әдісін қолдана бастады, оны алғаш рет Г. Форд өзінің автомобиль зауыттарына енгізді. Конвейер еңбек өнімділігін 10 есеге арттыруға мүмкіндік берді. 1925 жылға қарай автомобиль бағасы 300 доллардан төмен болды, бұл оны көпшілікке қолжетімді етті. 1929 жылға қарай АҚШ зауыттары 39 миллион автомобиль шығарды.

Автомобиль өнеркәсібі – АҚШ экономикасының локомотиві.

АҚШ-тағы құрылыс индустриясы жоғары қарқынмен дамыды. Ірі компаниялар зәулім ғимараттарда кеңсе салу арқылы өз күштерін көрсетуге тырысты.

Электр энергиясын тұтыну тұрмыстық техникаларға: тоңазытқыш, шаңсорғыш, кір жуғыш машина, радио т.б. сұраныс тудырды. Тауарлар жарнамасы және тұтынушылық несие жүйесі айтарлықтай дамыды. 1929 жылға қарай елде өнеркәсіп өндірісі 72% өсті. Құрама штаттар барлық басқа елдермен салыстырғанда, өнеркәсіп өнімдерін көп өндірді. Орташа жұмысшының жалақысы 25% -ға өсті, ал жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспады. АҚШ әлемдегі ең жоғары өмір сүру деңгейіне жетті. Алайда оң өзгерістер АҚШ тұрғындарының барлығына бірдей әсер еткен жоқ. Көмір өндіру, кеме жасау, тоқыма бұйымдары секілді ескі өндіріс жұмысшылары дағдарыстық жағдайға тап болды. Күндерін әрең көріп отырған фермерлердің жағдайы да қиындады. 1928 жылға қарай АҚШ фермерлерінің жартысы кедей өмір сүрді. Жұмыссыздардың көбі ең төменгі жалақыға жұмыс істеуге мәжбүр афроамерикалықтар мен иммигранттар арасында болды. 1919 жылы 28 қазанда АҚШ Конгресі АҚШ Конституциясына алкоголь ішімдіктерін өндіруге және сатуға тыйым салатын 18-түзетуді қабылдады. Ол халық арасында «Құрғақ заң» (сухой закон) немесе «Алкогольге тыйым салу» деп аталды. 1920 жылы 18 тамызда АҚШ Конгресі Конституцияға әйелдердің сайлау құқығын енгізетін 19-түзетуді қабылдады.

1924 жылы Дауэс жоспары қабылданды, оның мақсаты Германия өнеркәсібін қалпына келтіру және оның жеңімпаз елдерге өтемақы төлеуін қамтамасыз ету болды.
1-тапсырма: АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму процесін анықтаңдар?

Дескриптор: білім алушы-

1) АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму процесінің алғышарттарын анықтайды;

2) АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму процесінің барысын сипаттап, анықтайды;

3) АҚШ-тағы индустриялық қоғамның даму процесінің салдарың сипаттап, анықтайды;
Қалыптастырушы бағалау: Басбармақ әдісі
2-тапсырма: Деректер мен дәйектерге сүйене отырып АҚШ президенттерінің рөлін сипаттап, талдап жазыңдар. Кестені толтырыңдар.

АҚШ президенттері

АҚШ тарихындағы рөлі

1. Уоррен Гардинг




2. Калвин Кулидж




3. Герберт Гувер





Дескриптор: білім алушы-

1) Деректер мен дәйектерге сүйене отырып АҚШ президенттерінің рөлін сипаттап жазыңдар

2) АҚШ президенттерінің оң және теріс факторларын сипаттап жазыңдар
Қалыптастырушы бағалау: Басбармақ әдісі
3-тапсырма: «Просперити» кезіңіндегі АҚШ – тың ішкі саясатына баға беріңдер?

Дескриптор: білім алушы-

1) Деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы АҚШ – тың ішкі саясатын салыстырып сипаттаңдар;

2) Деректер мен дәйектерді салыстыру арқылы АҚШ – тың ішкі саясатының бағасын беріңдер;
Қалыптастырушы бағалау: Басбармақ әдісі

Презентация № 4 бет

Оқулық: Дүние жүзі тарихы. 8- сынып. Н.А Алдабек. 17 параграф (107-114беттер).

Презентация № 5 бет

Презентация № 6 бет

Презентация № 7 бет

Сабақтың соңы

14-15 минут

Үй тапсырмасы: §17 оқу
Үй тапсырмасы: OnlineMektep тапсырмасын орындау.


Презентация № 8 бет