ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тарау немесе бөлім атауы: | | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | Тоқтарбекова Айдана Ерболатқызы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән/Сынып: | 10 сынып қатысқаны- қатыспағаны- | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | 30.01.2023 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | №5 зертханалық тәжірибе. «Галогендердің қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау». | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 10.2.1.7 галогенид – иондарын тәжірибе жүзінде анықтауды жоспарлау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | галогенид – иондарын тәжірибе жүзінде анықтау; галогенид иондарымен реакция теңдеулерін жазу; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: | -Хлорсутек қышқылының күміс нитратымен әрекеттесуін бақылап, молекулалық, иондық реакция теңдеуін құрастырады; -Натрий бромидінің күміс нитратымен әрекеттесуін бақылап, молекулалық, иондық реакция теңдеуін құрастырады; -Калий йодидінің күміс нитратымен әрекеттесуін бақылап, молекулалық, иондық реакция теңдеуін құрастырады; -Картоп пен йодтың әрекеттесуін бақылап, қорытынды жазады; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру | Сәлеметсіздер бе? Жағымды орта қалыптастыру. Дене мүшемізге байланысты тілек айту. Мысалы, бас-басымыз аман болсын Көз- көзіміз тек жақсылықты көрсін | Сәлемдеседі. Дене мүшесіне байланысты тілектер айтады. | | ДК экраны | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақ | Үй тапсырмасы бойынша: Есептерді тексеру Өткен тақырып бойынша : «Өзіндік ойын» әдісі (попкорн қорабының ішінде) Оқушылар ұяшықтарды таңдайды, ішінде тақырыпқа қатысты сөздер болады. Оқушылар сол сөзге қатысты сұрақ құрау керек Сөздер:
Сабағымыздың тақырыбы: №5 зертханалық тәжірибе. «Галогендердің қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау». -Бүгін біз галогендерге байланысты иондарын анықтауға арналған зертханалық тәжірибе жұмысын жасаймыз. Тәжірибе жасамас бұрын қауіпсіздік ережесімен танысайық. -Қандай қауіпсіздік ережесін білесіздер? Қауіпсіздік ережелері
абораторияда немесе кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер
Жұмыс барысы: 1-тәжірибе. Үш сынауыққа 2мл хлорсутегінің, натрий бромидінің, калий йодидінің ерітінділерін құйыңыздар. Әр сынауыққа бірнеше тамшы күміс(І) нитратының ерітіндісін қосыңыздар. Не байқадыңыздар? Тапсырма. Кестені толтырыңыз.
2-тәжірибе.Картоптың бір түйіріне бірнеше тамшы йодтың спиртттегі ерітіндісін тамызыңыздар, не байқадыңыздар? Тапсырма. Тәжірибедегі құбылысты түсіндіріп, қорытынды жазыңыз: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Дескриптор:
| Есептерді тақтаға шығып есептейді Ұяшықтарды таңдап ішіндегі сөзге байланысты сұрақ құрайды Сұрақтарға жауап береді Мұқият тыңдап, естерінде сақтайды. . Оқушылар жұбымен жұмыс барысымен танысып, зертханалық жұмысты орындайды. Кестені толтырады | Мұғалімнің бағалауы «Дұрыс,бұрыс» әдісі. Мұғалімнің бағалауы Бағалау критерийі: Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды анықтайды; Хлорид, бромид,йодид иондарымен тәжірибе жасайды; Зертханалық жұмысты қортындылайды; | ДК экраны, Презентация . ДК экраны, Презентация Дк экраны, тапсырмалар жазылған бланк қағаздары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия | «Ілгіш» әдісі арқылы сабақты қортындылау. Сабақтан алған әсерлерін, тәжірибе қортындыларын қағаздарға жазып , ілгіштерге ілу | Сабақтан алған әсерлерін, тәжірибе қортындыларын қағаздарға жазып , ілгіштерге іледі | | Ілгіш суреті бар ақ қағаздар,ленталар киім суреті бар қағаз қиындылары. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма | 20 беттегі 7-тапсырманы орындау. | | Күнделікке жазады | |