Файл: Трі командалы жарыс. ралжабдыы доп, кедергілер, секірткіш, ысыры, шыыршы, ап, эттафета таяшасы. Трбиеші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: «Спорт жолы» эстафеталық сайыс

Мақсаты:

1.Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

2.Оқушыларды ұйымшылдыққа, досстыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Оқушыларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету. Білім, білік дағдыларын кеңейту.

Түрі: командалық жарыс.

Құрал-жабдығы: доп, кедергілер, секірткіш, ысқырық, шығыршық, қап, эттафета таяқшасы.
Тәрбиеші: Құрметті ұжымдастар,кішкентай бүлдіршіндер!

«Балдырған» ересектер тобында ұйымдастырылған «Спорт жолы» атты эстафеталық сайысына қош келдіңіздер!

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
«Күншуақ» тобы.                                           «Бірлік» тобы
Мемлекеттік Әнұран орындалады.

Жарысымыздың қорытындысын шығарып, әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

1.Әдіскер: Палжанова Ұлжан апай

2.Медбике: Көпенова Сабира апай

3.Тәрбиеші: Нұржанқызы Ақгүл апай
Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1.Таныстыру

2.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»

3.«Kiм епті?» қасықпен тасу

4.«Секіртпемен жүгіру»

5. «Шығыршылықпен тасы»

6. «Кім жылдам» (гүл түсіне қарай орналастыру)

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!

1 – бөлім.  Таныстыру.

Шарты: Екі топ өздерін таныстырады.

I — топ «Күншуақ» Ұраны: «Күндей болып күлеміз,Шуақ шашып жүреміз!»
II — топ «Бірлік» Ұраны: «Бірлік тобы алға,Биіктерге самға. Достығымыз барда,Жүреміз тек алға!»

2.«Эстафета таяқшасын алып жүгіру»

Әр топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша кедергілердің арасымен эстафета таяқшасын алып белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Екінші ойыншыға береді. Бірінші келген команда жеңіске жетеді.
3. «Кім епті?» (Қасықпен зат тасу)

Шарты: Межеде тұрған заттарды қасыққа салып тасиды . Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.
4.«Секіртпемен жүгіру»(Атпен)

Топ оқушылары төрешінің белгісі бойынша секіртпемен жүгіреді. Белгіленген жерге жүгіріп барып, кейін қайтады. Келесі ойыншыға береді. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

5.«Шығыршылықпен тасы»

Төрешінің белгісі бойынша топ басшысы шығыршылықпен белгіленген жерге топ мүшелерін біртіндеп тасып, кейін қайтады. Соңғы ойыншыны апарып, барлығын бірдей алып келеді.
Шарты: Еденде жатқан шығыршықтан шығыршыққа секіріп межеге дейін барып,межені айналып кері келу.
6.«Кім жылдам» (гүл жинау)

Төрешінің белгісі арқылы белгіленген жердеге гүл күлтешелерін алып ,орнына орналастырады , қайтарында жүгіріп келеді. Ойын осылай жалғасып, бірінші келген команда жеңімпаз болады.
Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген

Сайысқа баға беріңіз!

Осымен сайысымыз аяқталды жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Тәрбиеші:

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! Сау  болыңыздар!

Сайысымызды келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Қызылорда қаласы

«Шарипа Ана» жеке балабақшасы

Эстафеталық жарыс

Тақырыбы: « Спорт жолы».
«Балдырған» ересектер тобы

Тәрбиеші: Малдыбаева Жазира Рахатқызы

2020-2021 оқу жылы