Файл: за мерзімді жоспар блімі 3а химиялы реакциялар Мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А

Химиялық реакциялар

Мектеп: №75 мектеп-гимназия





Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Әди Н.Ә.




Сынып: 7 А

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы: Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі.

№ 3 практикалық жұмыс «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмір қышқыл газына сапалық реакция»




Оқу мақсаты

(оқу

бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

  • оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету;

  • байқалған бақылауды талқылап, алынған газдың қай газ екендігін анықтау

  • көмірқышқыл газын зетханада алу әдістерін меңгерту және оның қасиеттерімен танысу;

Көптеген оқушылар білу керек:

  • көмірқышқыл газын анықтаудың екі (2) жолын білу және дәлелдеу;

  • сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен реакция теңдеулерін жазу.

Кейбір оқушылар білу керек:

  • табиғаттағы карбонаттардың қышқыл жаңбыр әсерінен бұзылуын білу және түсіндіру.

  • Көмірқышқыл газына сапалық реакциясына қорытынды жасау




Жетістік критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді.

  • Көмірқышқыл газының химиялық қасиетін толық біледі;

  • Зертханада көмірқышқыл газын қалай алу керек тәсілдерін зерттеп үйренеді;

  • Көмірқышқыл газын алуға арналған құрылғы құрастыра алады




Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • Қышқыл, сілті, карбонат, индикатор, лакмус, фенолфталеин




Құндылықтар

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын ұстана отырып білім мен ғылымға нақты көзқарасы бар саналы ұрпақ қалыптастыру. Қышқылдар тақырыбын оқыту аясында ғылымға оқушыларды дағдыландыру.




Пәнаралық байланыс

Экология және биология




Алдыңғы білім

6.4.1.2 табиғаттағы тірі және өлі үрдістер жаратылыстану пәні бойынша





Сабақ барысы




Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылармен психологиялық жаттығу жасау.

« Екі қолды бір уақытта жұмылдыру» жаттығуы бойынша

Орындалу барысы:

Мұғалім тапсырма береді, оқушы бір уақытта екі қолына екі қалам алып іс-әрекетті орындауға көшеді.

Мәселен: оң қолыңмен шеңбер және сол қолыңмен бесбұрыш салу керек

Оң қолымен атын сол қолымен фамилиясын жазу






(5 мин)


Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Ресурстар




Тақырыпты ашу

«Мағынаны тану»

Мұғалім жаңа тақырыпты бастамас бұрын тақтаға сурет шығарып оқушылармен сұхбаттасады.

Диолог әдісі

1.Карбонаттар деген қандай заттар?

2.Күнделікті өмірде қандай карбонаттарды қолданамыз? Мысалдар келтіріңдер.

3.Көмірқышқыл газы туралы не білеміз?

4.Ол қандай тіршілік әрекеті нәтижесінде түзіледі?
Оқушылар суретке қарау арқылы сабақтың тақырып мағынасын талқылап ашады.

Мұғалімнің алдында жатқан сөздерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ: қышқылдар 2- топ: карбонаттар

3-топ: көмірқышқыл газы

Мұғалім тапсырма береді.

1-тапсырма. Жеке жұмыс

Инсерт кестесі бойынша БІЛЕМІН графасын толтыру

Формативті бағалау.

«бас бармақ» әдісі арқылы баланы қолдау, қолпаштау.



Презентация











Сабақтың ортасы
(2 мин)

2-тапсырма. Жеке жұмыс

«Зеректігіңді шыңда»

Мұғалім тақтаға алдын – ала осы сабақтың жеті (7) тірек сөздерін жазады.

Қышқыл,

сілті,

көмір қышқыл газы

карбонат

индикатор

лакмус

фенолфталеин

Оқушылар ең әуелі 1 мин ішінде оқып шығады, 1 мин соң мұғалім тақтаны жауып оқушыларға тірек сөздерді жазуды тапсырады. Бұл тапсырма оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексереді, зейіндерін оятады.

Формативті бағалау

Оқушы – оқушыны өзара бағалайды. ауыстырып

1 мин ішінде 6-7 сөз жазған оқушыға + қалғандары -



слайд





10 мин

18 мин


3 - тапсырма ТЖ (Топтық жұмыс)

Білгіш химик

Блум таксаномиясы

Білу, түсіну: Сұрақ-жауап

1)қышқылдар дегеніміз не?

2)индикаторлар дегеніміз не?

3)қышқылдардың физикалық қасиетін сипаттаңдар.
4)металдардың қышқылдармен әрекеттесуі қалай жүреді? Жауабыңды дәлелде?
5)белсенді металдарға қандай металдар жатады?
Қолдану:
Қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі

Металдардың химиялық кернеу қатарын пайдаланып, мына реакция теңдеулерін аяқта және теңестіріңдер.

1-топ

K 2СО3 + HCl =

Al2(CO3)3 + HI =

2-топ

Na 2СО3 + H2S =

Zn СО3 + H2SO4 =
3-топ

Mg СО3+ HI =

Fe СО3 + H3PO4 =


Дескриптор

1.реакция теңдеуін жазады

2.реакцияны теңестіреді


Формативті бағалау

Оқушыларға түрлі – түсті тәттілер тарату арқылы бағалау

Қызыл – өте жақсы

Жасыл – жақсы

Көк – орташа
«жас химиктер»

3 практикалық жұмыс

«Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмір қышқыл газына сапалық реакция»

Мақсаты: Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін және алынатын өнімдерді зерттеу.

Көмірқышқыл газын алу жөніндегі тәжірбиені бастар алдында ең алдымен құрылғыны құрастыру ж/е қауіпсіздік ережесін еске салу.Прибор құрастыру кезінде диалог, сұрақ-жауап ұйымдастырады.

  1. Қышқылдармен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережесін ұстанамыз?

  2. Тақтадағы суреттерді пайдаланып ережені еске түсіріңдер?

Жұмыс барысы: әрбір топқа әр түрлі карбонаттар таратылады.

1-топ: кальций карбонаты

2-топ: магний карбонаты

3-топ: барий карбонаты

сынауыққа бірнеше кесек карбонаттарды салып, оған сұйылтылған тұз қышқылын қосыңыз. Сынауықты газ өткізетін түтікпен жабыңыз. Бөлінеген газды бақылаңдар және сынауықтың ұшын 2-3 мл. ізбес суы бар және жанып тұрған май шамы бар сынауыққа салыңыз. Бірнеше минут ізбес суынан газ көпіршіктерінің өтіп жатқанын бақылаңыз. Сонан соң газ өткізетін түтіктің ұшын ерітіндіден суырып алып, 2-3 мл. дистелденген суы бар сынауыққа салып, газ жіберіңіз. Бірнеше минуттан соң түтікті ерітіндіден алып, алынған ерітіндіге көк лакмус қосыңыз. Қандай

құбылыс байқалады?
Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Борға тұз қышқылын қосқанда не болады?

2. Көмір қышқыл газын ізбес суы арқылы өткізгенде алдымен ерітінді лайланып, сосын неге ериді?

3. Көмір қышқылын дистилденген су арқылы өткізгенде не байқадыңыз? Реакция теңдеулерін жазыңыз және кестеге толтырып, қорытынды жасаңыз. Реакция өнімдерін анықтаңыз. Жұмыс туралы есепті кестеге толтырыңыз.


Тақырыбы

Бары сы

Бақылау нәтижесі

Реакция теңдеуі

Қорытыны
















Дескриптор

- білім алушы - практикалық жұмыс тақырыбын және жұмыс барысын анықтайды;

- бақылау нәтижелерін атайды;

- реакция теңдеуін жазады;

- реакция өнімдерін анықтап, қорытынды жасайды.



Жауаптары:

1.CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + CO2 ↑ + H2O

2.CO2 + CaO = CaCO3↓

3.NaOH + CO2 = Na2CO3 + H2↑

4. Na2CO3 + (CaOН)2 =2NаОН + CaCO3

5.CO2↑ + H2O = H2CO3 тұрақсыз қышқыл
Инсерт кестесі бойынша

Білдім графасын толтырады.

Формативті бағалау

Өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық смайликтері бойынша

С
Сабақтың соңы

Рефлекция

(5+2 мин)
абақты қорыту.


Инсерт кестесінің не білгім келеді? графасын толтыру


Үй тапсырмасын беру.

Табиғатта қышқыл жауындар қалай пайда болады? Қышқыл жауындардың табиғатқа тигізетін залалы қандай? Олардан қорғану жолдары.

Шығармашылық тапсырма (доклад. реферат,зерттеу жұмысы түрінде)
Кері байланыс «Тазалық ойыны»

Оқушылар алдарында жатқан стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, не білгенін, не үйренгендерін өз ойларын жазып егер, керек ақпарат болса чемоданға, қажет емес деп тапса, қоқыс шелегіне, әлі де оқуым керек дегендер ет тартқышқа жабыстырып кетеді.






Әрбір топқа есеп карточкалары таратылады



Қалыптастырушы Бағалау жинағы қосымшасы





Слайдқа шығару
Құрал –жабдықтар: сынауық, газ өткізгіш түтік, штатив, ізбес спирт шамы



Реактивтер
тұз қышқылы, бор, суы, натрий гидроксиді, лакмус, фенолфтолейн.


магний карбонаты кальций карбонаты

барий карбонаты


Әрбір топқа үлестерме материалдар таратылады.


Жоба авторлары:

Оспанова М. Қ. Белоусова Т. Г. Аухадиева Қ. С.
7 сыныпқа раналған оқулығы, 71 бет №3 практикалық жұмыс










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы






Сабақ жүргізу барысында оқушыларды жекелей де, топтық та жұмылдырып жұмыс жасады. Қабілеті төмен оқушылар үшін қышқылдармен жұмыс жасау ережесін еске түсіру арқылы техникалық қауіпсіздік сақтауды үйренеді. Практикалық жұмыс жасау барысында химиялық құралдарды қалай пайдалануды қайда пайдалануды үйренеді. Орташа белсенді оқушылар зертханада көмірқышқыл газын алуды үйренеді. Қасиетін саралайды,сипаттайды. Газдың қалай бөлінгенін дәлелдей алады. АКТ-ны пайдалану. Жоғары белсенді оқушылар барлық реакция теңдеулерін жаза отырып теңестіреді қандай құбылыс болғанын айтып түсіндіре алады. Зертханада жүргізген реакциялық құбылысты өмірмен байланыстыра отырып сипаттайды. Жақсы-жаман жағын қорытады.

Осы сабақта оқушылар материалдарды қалай меңгергенін білу үшін қолдандым. Әрбір топқа жеке-жеке бағалау критерилерімен дискрипторлар қолдана отырып үйренгендеріне көз жеткіздім. Сабақ барысында мынадай тәсілдерді қолдандым. «бас бармақ» әдісі арқылы баланы қолдау, қолпаштау.

Оқушы – оқушыны өзара бағалайды.

Дискрипторлар және смайликтер арқылы.

Түрлі-түсті тәттілер тарату арқылы

Кері байланыс «тазалық» ойыны

Зертханалық жұмыстың жүргізілуі кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтауды қатаң түрде қадағалау. Әрбір химиялық ыдысты қолданып болғаннан кейін тазалау жұмыстары мен өз орындарына қою. Қышқылдармен жұмыс кезінде «су+қышқыл» принцепін ұстануды үйрету.

Қышқылжауындардың табиғаттағы зардаптары экологиялық мәселелері экология пәнімен тығыз байланысты. Көмірқышқыл газының табиғаттағы айналымын түсіндіруде .Адам организіміндегі көмірқышқыл газының сырқа шығуын, фотосинтез процесін биологиядан алған білімдерін пайдалану арқылы жұмыс жасайды.