Файл: НрСлтан аласы кімдігіні 18 орта мектеп кмм.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 18 орта мектеп» КММ


Хроматография. №4 зертханалық тәжірибе «Қағаз хроматографиясы»

10 – сынып ЖМБ

Химия пәні мұғалімі: Сатыбалды Ұлдидар Нұрғалиқызы

10.1.4.16 қағаз хроматографиясы әдісімен заттарды бөлу принципін сипаттау және бөлінетін компоненттің сіңіру коэффициентін есептеу

Сабақтың мақсаты:

Бағалау критерийлері
  • қағаз хроматография әдісінің принциптерін біледі;
  • Rf қозғалғыш факторын есептей алады.

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Хроматография

Хроматография грек тілінен аударғанда (chromatos – түс, бояу, ал грамма – санау, графия) түсті жазу дегенді білдіреді.

Сіңіру процесіне негізделген физика-химиялық талдау әдісі – хроматография деп аталады.

Хроматография дегеніміз – газ, бу, сұйық немесе еріген заттардың қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу.

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Хроматография әдісінің негізі

Хроматографияның талдау негізін салушы орыс физиологы және биохимигі Михаил Семенович Цвет. 1903 жылы М.С.Цвет хроматография принципін ашып, 126 сорбенттің қасиеттерін зерттеп, сұйықтық және адсорбциялық бағандық хроматографияны жасады. Ол аралас ерітінді адсорбент және әртүрлі боялған түрінде қабатқа бөлінетіндігі туралы бірінші болып дәлелдеген.

(1872 – 1919)

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Хроматография әдісінің жіктелуі

БЕЛГІСІ

ТҮРІ

Фазалардың агрегаттық күйлері бойынша

Газдық, сұйықтық және флюидтық хроматография

Фазааралық таралу механизмі бойынша

Таралу, адсорбциялық, ион алмасу, тұндыру және т.б.

Өткізу тәсілі бойынша

Бағаналы жәнепланарлы

Сорбттың таралу механизмі бойынша

Элюенттік, ығыстыратын, фронтальді

Мақсаттары мен міндеттері бойынша

Аналитикалық, препаративтік

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Хроматография әдісінің жіктелуі

Планарлы хроматография

Қағазды хроматография

Жұқа қабатты хроматография

Қағазды хроматография әдісін 1944 жылы К.Г.Мартин және Р.Л.Синг ашты. Бұл әдіс аминқышқылдарының қоспасын талдау үшін пайдаланылады. Бұл әдісті ойлап тапқаны үшін екі ғалым Нобель сыйлығымен марапатталды.


Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Қағаз хроматографиясы

Агрегаттық күйі бойынша пайдаланылатын фазаларды қағаз хроматографиясы сұйық хроматографияға жатқызады, себебі оның жылжымалы және жылжымайтын фазалы сұйықтар болып табылады.

Жылжымайтын сұйық фаза қызметін, көп жағдайда, сүзгі қағазының талшықтары адсорбцияланған су немесе басқа полярлы еріткіш атқарады.

Жылжитын фаза қызметін бутанол, бензил спирті, фенол, крезолдар мен олардың қоспалары сияқты полярлы еріткіштер атқарады.

https://youtu.be/td2CkWnLNXY

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Хроматография әдісінің жіктелуі

Орындау техникасы бойынша:

Бағандық – арнайы бағанда орындалады

Жазықтық:
  • Қағаздық – бөлу арнайы қағазда жүргізіледі. Сүзгіш қағаз
  • Жұқа қабатты – бөлу сорбенттің жұқа қабатында жүргізіледі

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

ҚАҒАЗДЫ ХРОМАТОГРАФИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

Зерттелетін ерітіндіні хроматографиялық қағазға тамызады, органикалық еріткіші бар тиісті камераға салып хроматограмма түзілетіндей белгілі уақыт ұстайды да шығарып алып өңдейді. Хроматографиялық қағаздың жылжымалы еріткішпен жанасу процесінде қағазға тамызылған талданатын компоненттер жылжымалы фазаға өтеді және таралу коэфициентіне байланысты әр түрлі жылдамдықпен қағаздың капиллярлары арқылы қозғалады да, олар бөлінеді.

Түсті компоненттерді көруге / өлшеуге болады. Көрінбейтін компоненттер үшін ультракүлгін сәуле (йод немесе нингидридті) қолданылады.

Еріткіш аймағы

Қағаз

Еріткіш

Қақпақ

Бір өлшемді өрлемелі хроматография

http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/f0eeb17f-417a-4968-9210-f26abd5fd005

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Қағазды хромотограмманы сапалық және сандық анықтау

Әр еріген заттың белгілі бір элюент үшін тұрақты қозғалғыштық факторы (Rf) болады.

Егер екі заттың бірдей еріткіштегі Rfмәндері бірдей болса, онда қағазды айналдыруға және одан әрі бөлу үшін басқа еріткішті қолдануға болады.
  • Екі жақты хроматография ретінде белгілі.

  • Көбінесе амин қышқылдарын бөліп алу үшін қолданылады.

    Rf шама зерттелетін заттың жүрген жолының, еріткіш фронты өткен жолының қатынасына тең.

 

Rf = х/Xf

Мұндағы: х – компонент зонасының ығысуы;

хf - еріткіш фронтының ығысуы.

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?



Rf мәндерін есептеу:

Қажетті реактивтер мен құралдар:

1. Этанол

2. Маркер

3. Хроматография қағазы немесе фильтр қағазы

4. Химиялық стақан

5. Карандаш және сызғыш

Жұмыстың жүргізілу реті:

1) Стақанға сиятындай хроматография немесе фильтр қағазын тік төртбұрыш ретінде қиыңыз.

2) 1 см биіктікте карандашпен сызғыш арқылы көлденеңнен сызық сызыңыз.

3) Сызылған сызыққа тигізбей 1 см жоғарыдан әртүрлі маркерлермен нүкте белгілерін белгілеңіз.

4) Сызылған сызық көлемінде этанол ерітіндісін құйыңыз.

5) Стақаның бетін жауып тыныштыққа қойыңыз.

6) Қағаз бетінен этанол сұйықтығының қозғалғанын байқаңыз.

7) Белгіленген маркер түстерінің этанол сұйықтығымен қозғалғанын байқаңыз.

8) Маркердің шекті қозғалғанын (компонент зонасының ығысуы) анықтаңыз.

9) Қағаз бетінде маркердің шегіне жетіп қозғалғанына (компонент зонасының ығысуы) көзіңіз жеткенен кейін жұмысты тоқтатыңыз.

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Бекіту тапсырмалары





Дескриптор:

- қағаз хроматография әдісінің принциптерін біледі.

№1 тапсырма. Химиялық диктант

1._______ _______ хроматографиялық қағазға тамызады, органикалық еріткіші бар тиісті 2.______ салып хроматограмма түзілетіндей белгілі уақыт ұстайды да шығарып алып өңдейді. Хроматографиялық қағаздың 3.________ 4.________ жанасу процесінде қағазға тамызылған талданатын компоненттер 5.___________өтеді және таралу коэфициентіне байланысты әр түрлі жылдамдықпен қағаздың 6._________арқылы қозғалады да, олар бөлінеді.

Түсті 7._________ көруге / өлшеуге болады.

Көрінбейтін компоненттер үшін 8._____________ қолданылады.

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Дұрыс жауабы

Бекіту тапсырмалары





Дескриптор:

- қағаз хроматография әдісінің принциптерін біледі.

№1 тапсырма. Химиялық диктант

1. Зерттелетін ерітіндіні хроматографиялық қағазға тамызады, органикалық еріткіші бар тиісті 2. камераға салып хроматограмма түзілетіндей белгілі уақыт ұстайды да шығарып алып өңдейді. Хроматографиялық қағаздың 3. жылжымалы 4. еріткішпен жанасу процесінде қағазға тамызылған талданатын компоненттер 5. жылжымалы фазаға өтеді және таралу коэфициентіне байланысты әр түрлі жылдамдықпен қағаздың 6. капиллярлары арқылы қозғалады да, олар бөлінеді.

Түсті 7. компоненттерді көруге / өлшеуге болады.

Көрінбейтін компоненттер үшін 8. ультракүлгін сәуле (йод немесе нингидридті)
қолданылады.

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?

Бекіту тапсырмалары





№2 тапсырма. Төменде берілген суретте қағаз хроматографиясы көрсетілген.

Дескриптор:
  • қағаз хроматографияда болатын іс-әрекетті сипаттай алады;
  • Rf мәнін есептей алады

А) Заттың жүрген жолының кезеңдерін атаңыз.

№1………………………………………….

№2………………………………………….

№3 ………………………………………....

В) А,В және С-ны сипаттаңыз.

A ..................................................................

B ..................................................................

С ..................................................................

С) D, E және Ғ бөліктерін атаңыз.

D ...................................................................

E ...................................................................

F......................................................................

D) Rf есептеңіз

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?





Жауабы:

Дұрыс жауабы

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?





Оқу тапсырмасы
  • Қағазды хроматографияның артықшылығы мен кемшілігі неде?
  • 2 М тұз қышқылының ерітіндісімен қаныққан бутанол қатысында иондарды қағазды храмотографияда бөлді. Олардың Rf мәні Cd-0.6; Zn-0.6; Bi-0.5; Al-0.1; Cu-0.0; Қоспадан иондардың қайсысы анықталмай қалуы мүмкін?

Мына заттардың арасында қандай байланыс бар?





Қорытынды
  • Қағаз хроматография әдісінің принциптерін білемін;
  • Rf қозғалғыш факторын есептей аламын.
  • М.Қ. Оспанова Қ.С. Аухадиева Т.Г. Белоусова. Химия 10 сынып 2-бөлім ЖМБ
  • https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/

Сабаққа қажетті ресурстар