Файл: 25 мектеп гимназия Жол белгілері Дайындаан Жасылы Кмила ділбекызы Сыныбы 11 Алматы 2022.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№25 мектеп гимназия
«Жол белгілері»
Дайындаған: Жақсылық Кәмила Әділбекқызы
Сыныбы: 11
Алматы - 2022
«Жол белгілері»
Мақсаты: «Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыбында қазақ тілінде өз ойын айта білу, әңгіме, сөйлем құрастырғанда жаңа сөздерді пайдалана білу, сауатты сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
Сабақтың мақсаттары, Барлық оқушылар істей алады:
Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра біледі, тақырып бойынша тірек сызба құра алады;
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Өз пікірін айта алады; тірек сызба бойынша байланысқан мәтін құрастыры;
Кейбір оқушылар істей алады:
Өз әңгімесін құрастыра алады,сөзден өрбітіп сөйлем құрайды, тақырып аясында өз пікірін қалыптастыра алады.
Кіріспе:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
1.Психологиялық ахуал тұғызу.
Көңіл күйлерің қандай?
2.Сабақ мақсатымен таныстыру
Сабақты 2 топқа бөлу
Негізгі бөлім:
-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.
Пікірталас
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
(- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды)
2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
2-топқа екі түрлі тапсырма беріледі. Жетістік критерийін оқушылар өздері құрастырады.
1-топ. Жолда жүру ережесі
2-топ. Жаяу адамдардың міндеттері
ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
«Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыбын рөлдік ойындар арқылы көрсету.
Ережелерді қайталау, мысалы келтіру
Қорытынды:
5-минут
Бүгінгі сабақта мен......................................білдім, .....................................................үйрендім.
Ең қызығы ...............................................
Маған .....................................қиын болды