Файл: Туелсіздікбаа жетпес байлыым аза биі. Аманат нер орталыы Фанфар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым

Қазақ биі. «Аманат» өнер орталығы

Фанфар

жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым » атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман-есен өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Ендеше,тарихы тасқа қашалып жазылған ұлық мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер... Мереке құтты болсын! Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

гимн

жүргізуші: Ендеше алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Бейсенбаева Маржан Жұмабекқызына беріледі. (сөз барысында Алтынбек Айбарды құттықтайды)

Жүргізуші: Олай болса, «Балауса» өнер байқауының облыстық кезеңінің I орын иегері Алтынбек Айбарды «Ақ сиса» әнімен ортаға шақырамыз.

жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.Үміт ақталды.Тәуелсіздігіміз тұғырлы болды.Оның дәлелі тәуелсіз еліміздің ұрпақтары «Қазақстаным Отаным» деп ән салуда. Алдарыңызда «Жұлдыздар» тобы «Қазақстаным Отаным» әнімен.

Жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Сағым дала» әні. Орындайтын: Салтанатқызы Еңлік, 6 «А» сынып оқушысы.

Жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.Ендеше,ата бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі ұмытылмақ емес,ұмытылмайды да.( осы кезде автоматты түрде көрініс басталып кету керек.Көріністің соңы Қадыр Шұғыланың әнімен бітеді)


Жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді. Алдарыңызда «Қазақстаным» әнімен 5-7 сынып оқушыларынан құралған хор.

Жүргізуші:

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. Алдарыңызда «Ұлы қазағым» деп ән салатын Мұрат Айсана қыздарыңызды қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз - өзінен жүрегім ән салады. Өздері кішкентай болғанымен жүректері үлкен «Қазақстаным» деп ән салатын 3 ж сынып оқушыларынан құралған хор.

Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік баға жетпес байлығым » атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!