ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5. Еңбек қорғау.

5.1. Жұмыс орындарын аттестатциялау.

  ҚР Еңбек кодексінің 202 бабында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен (2017.07.11. берілген өзгерістермен бекітілген. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау жүргізіледі.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ өзге, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұрған бөлімшелерін) бағалау жөніндегі қызмет.

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс беруші бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.

ТҚКС ЖК “Казанкин” мекемесінің жұмыс орындарын аттестатау.

- мекеменің өндірістік объектілері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;

-қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын қолданылуын бағалауды қамтиды;

-мекемеің өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:

-еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;

-жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;

-қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.

Мекеме объектілерді аттестаттау нәтижелері:

-мекеменің объектілерін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен

қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;

-мекеменің орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайларының нақты жайкүйін бағалау;


- қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;

-кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;

5.2. Үш сатылы бақылау.

Үш сатылы бақылауды Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ бойынша жүзеге асырады. Осы талаптарды орындаудың тиімді жолы- үш сатылы бақылау жүргізу болып табылады. Қорғау жүйесіндегі үш сатылы бақылау ұғымы – мекеменің басқарушылары мен жұмысшылардың жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігімен қоса өндіріс орындарындағы барлық болып жатқан қызметтің жүру тәртібін бақылайды. Бұл жүйе өндіріс орындарында, мекемеде не болмаса өзге де ғимаратты жерлерге таптырмас құрал болып саналады. Бақылаудың басты ерекшелігі болып өндіріс орындарындағы мәдениетті, қажетті жұмыс атмосферасын жасауда, ең кіші жұмысшыдан бастап ең жоғары білікті мамандарға еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, өнім өндірудің сапасын, яғни деңгейін жоғарлатуда өте зор рөлін атқарады. Үш сатылы бақылау өндіріс орнының жұмыс өнімділігіне, мекеменің өлшемдері мен көлеміне байланысты келесі тексеру таптарына бөлінеді:

Бірінші саты - цех ішінде, бригада ауысқанда.

Екінші саты - цехта, өндіріс не болмаса мекеме аумағында.

Үшінші саты-комиссия шешімімен айынна бір рет жүргізіліп отырады.

Бірінші сатыда, егер мекемені басқаруға жауапты барлық тұлғалар қатарда болса, жүргізу жұмыстарын бастай алады.

Осымен орай жоғары мастердың да болуы қажет етіледі, себебі бұл тұлғаның қатысуы жұмыстың өнімді боуына себепші болып табылады.

Бірінші сатыда, егер мекемені басқаруға жауапты барлық тұлғалар қатарда болса, жүргізу жұмыстарын бастай алады. Осымен орай жоғары мастердың да болуы қажет етіледі, себебі бұл тұлғаның қатысуы жұмыстың өнімді боуына себепші болып табылады.

Бірінші сатыда келесі жұмыстар тексерілуі керек:

  • Жұмыс орнының дұрыстығы (жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар мен аспаптардың іске жарамдылығы);

  • Жүру жолдараның жағдайы, оның деңгейі;

  • Құрал – жабдықтардың техникалық қауіпсіздігі. Мекемедегі көліктердің жағдайы;

Екінші сатысы, бақылаудың екінші сатысында комиссия қатысуымен өтеді. Ол комиссия цех бастығының орындауымен жүргізіледі. Бақылау айынна екі рет өтеді. Комиссия құрамына цехтың техника жетекшілері және де еңбек қорғаудың жауапты тұлғасы, бас инженер, меджұмысшы кіреді.


Бақылаудың уақыты цех бастығының және комиссия шешімімен жарияланады.

Екінші саты бақылауында жүргізілетін жұмыстың түрлері:

  • Бірінші сатының тексеру шешімдері мен жасалған шаралары;

  • Жоспарланған бақылаулардың уақытында өткендігі туралы;

  • Цех бастығының айтылған бұйрықтарының орындалу дәрежесі. Еңбек қауіпсіздігінің жариялаған шешімдері мен жариялаған бұйрықтараның орындалуы;

Үшінші сатысы, бұл комиссияның құрамына бас инженер кіреді.

Үшінші және басты сатыда өзге жақтан мемлекеттің жауапты инспекторлары шақырылуы қажет.

Бақылауды өткізу уақыты профсоюз құрамының тұлғасымен және мекеменің басшысымен жоспарланады.

Бақылаудың үшінші сатысында еңбекті қорғау сұрақтары талқыланбайды және бұл сатыда олардың жұмыстары аяқталады.

Бұл сатыда тексерілетін жұмыстардың тізіміне:

  • Бірінші және екінші сатының жасалған шешімдері мен шаралары;

  • Жоспарланған бақылау жұмыстарының уақытында жасалуы;

  • Жұмысшылармен болған қауіпті және ауыр – қатерлі жағдай болуының саны;

5.3. Өндірістік санитария.

"Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығы бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13896 болып тіркелді.

Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.

ЖК “Казанкин” ТҚКС-да ауаның температурасына қосымша жұмыс орнының әрбір м3 көлеміне сағатына 20 килокалориядан аспайтын жылу бөлінеді, бұл орында еңбекті қалыпты жағдайына жасалған орындар деп аталады.

ЖК “Казанкин” ТҚКС-да жұмыс орнында ауаның ылғалдылығы 30 пайызды және ауаның қозғалу жылдамдығы 0,3 м/с құрайды.

ЖК “Казанкин” ТҚКС-да шу 80 децибел болып табылады.

Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды кешенді зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді.

Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмасы, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т.б.) әсер етеді.


Еңбекті қорғау және санитарлы – сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың кешенді жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зиянды факторларды жобаға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді.

Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады.

5.4. Өрт қауіпсіздігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" қаулысы.

Автокөлік өрттері әрдайым қауіп төндіреді. Ең бастысы – бірінші кезекте адамдарды үрейсіз және тез құтқару қажет.

Апат салдарынан болған өрт кездерінде, автокөліктен тез арада шыға алмау себептерінен жолаушылар жарақат алуы мүмкін. Оларға ең алдымен көмек қажтет, алайда кей кездерде кенеттен олардың түсініксіз әрекеттеріне таңқалмаңыздар. Мысалға, бір үлкен апат кезінде жүргізушінің жолдасы жанып жатқан автокөліктен шығуға бас тартқан, өйткені оның айтуы бойынша киімдерінің жыртылуы себептерімен елге көрінгісі келмеген. Бұл әрекеттің себебі басынан жарақат алу және есеңгіреу болған. Бұл жағдай оны құтқаруға кедергі туғызды.

Өрт сөндіру кезінде өз қауіпсіздігіңіз үшін өрт жалынын желге қарсы өшірмеңіз. Автокөліктерде өрт орын алған жағдайларда капотты, ал салондағы өрт кезінде есікті және терезелерді толық ашпаңыз.

  Уақытылы жанар-жағар май құбыр жүргізулерін, электр желілерінің дұрыс тұйықталуын тескеру қажет. Электр желілерінің ақауы орын алған жағдайларда оларды ауыстыру, әлде оқшаулағыш лентамен орау қажет, тіпті болмаған жағдайда аптекалық пластырмен уақытша ораған жөн.

Электр сымдардың ақауы ұшқындап және қысқа тұйықталып өрттің шығуына себеп болады.

5.5. Жобаланып отырған цехтар.

Жүріс бөлігінің еңбек қауіпсіздігі.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексімен бекітілген.

Көтергішпен жұмыс істеген кезде мына ережелерді сақтау керек 1.Көлікті көтергенде немесе түсіргенде көліктін жанында тұруға тыйым салынады.

2.Егер көлік көтергіштен құлау қаупі болса тез арада сол жерден кету керек.

3.Көлікті көтергішке орналастырғанда ауырлық күшін лапкаларға теңбе тең бөлу керек

4.Көлік көтергіште тұрғанда тым қатты шайқауға болмайды.


5.Көтергіштін лапкаларын көліктегі арнаулы орнына ғана орнатамыз.

6.Көтергіште тұрған көліктен агрегаттарын шешкен кезде қосымша тірек қою керек.

Жұмысшыға домкратпен жұмыс істеген кезде домкратқа байланысты нұсқаулар мен көрсетілімдерді ескеріп орындаукерек. Жұмысшыға домкратпен жұмыс істеген кезде өз жұмыс міндеттерінен басқа тағы бір істерге ауытқуға тыйым салынады. Бөгде адамдарға домкратты майлау, тазалау, қолдануға не болмаса жұмысқа жауапты тұлғаның рұқсатынсыз алуға тыйым салынады. Домкратпен көтерілетін жүк (құрылғы немесе машина) ток көздерінен ажыратылып, жұмыс істей алмайтын қалпында болуы тиіс. Адамдарға көтерілетін жүктің үстінде не болмаса ішінде болуына тыйым салынады. Домкратпен жұмыс істеген кезде жұмысшыға келесі ережелерді ескеру қажет:

Домкраттың төменгі жағына ағаш тақтаушаның болуы (қалыңдығы 40 – 50 мм). Тақтайдың деңгейі домкраттың төменгі тіректі аумағына сәйкес болуы керек;

Домкрат тек түзу деңгейде орналасу қажет;

Домкраттың жүкке қатынасатын беті түзу, әрі көтерілетін жүкпен толықтай жатуы міндетті;

Домкраттың барлық айналатын бөлшектері кедергісіз қозғалу керек;

Жүкті төмен түсірген кезде баяу әрі абалықты сақтап түсіреді;

Жүкті көтеру барысында жүкті тек домкратпен көтеріп қоймай қосымша тіректерді онату қажет;

Жұмысты орындау кезінде жұмыс қолғаптарын кию керек.

Қыстың суық кезінде сыртта жұмыстар жүргізгенде берілген қолғаптарға тағы да қосымша қолғап, суық өткізбейтін куртка, шалбар мекеме өз атынан береді.

Этилденген бензинмен жұмыс істеу кезінде слесарды резина фартук пен қолғап беріледі. Шабу, кесу, бөлу жұмыстарыкезінде, слесарь қорғаныш көзілдірікпен қамтамасыз етіледі. Егер слесарь пневматикалық құралдармен жұмыс істеген кезде дірілді бәсеңдеткіш қолғапшалармен қамтамасыз етіледі.

Жұмыс кезінде слесардың қолдарын әр түрлі химиялық сұйықтықтардан қорғау мақсатында «Айро» деген қорғаныс пасталарын жағуды ұсынады.

Теріні пайдалану материалдарынан тазарту үшін жуу заттарымен тазалайды, оларға біз «Ралли», ДНС – АК, арнайы ұсақ кірлерді тазалау үшін солидол май қосылған ФС 42-382-72 атты жуу – тазалау заттарын қолдануды мекеме ұсынады.Слесарлық жұмыстардың қауіпсіздік тиімділігін арттыру үшін, үнемі қауіпсіздік нұсқауларын қатаң сақтап орындап отыру қажет! Мысалы үшін, троста ілініп тұрған көлікке жөндеу жұмыстарын жүргізу, домкратты орнату кезінде қосымша тіреуіштерсіз жұмыс істемеу жатады. Канавада көлікті қарау үшін арнайы қорғаныш көзілдірігін кию керек, себебі көліктің астынан әр түрлі зиян қоқыс, шаң немесе қалдықтар жатуы мүмкін