Файл: ан топтары. ан ю. Резус фактор. Агглютинация. Резус конфликт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт.
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім: | 8.2 А Заттардың тасымалдануы | |
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Махамбетрзина Рита Сериковна | |
Күні: | 28.11.2022 | |
Сынып:8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор. Агглютинация. Резус – конфликт. | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 8.1.3.7 агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қан топтарын біледі, оларды белгіленуіне байланысты ажырата алады. Оқушылардың басым бөлігі: Антиген мен антиденеге байланысты қан топтарын салыстырады, қан құю кестесін қолданып, қан құюды болжайды. Кейбір оқушылар: Қанды дұрыс құймағанда болатын қауіптерді дәлелдеп бере алады, Резус-фактордың «оң» және «теріс» түрлерін сипаттап береді. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады. 3. Оқушыларды топтарға біріктіру. «Серіппелі жауап» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру | Оқушылар топтарға бөлінеді. Топқа эритроцит,лейкоцит суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 2 топқа бірігеді. 1 топ: Эритроциттер 2 топ: Лейкоциттер - Иммунитет теориясы туралы мағлұматты біледі - Иммунитет түрлерін ажырата алады | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. Бағалау: «Шапалақ» әдісі | Оқулық, жұмыс дәптерлері Эритроцит,лейкоцит суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы (Қазіргі жағдайда) ДК экраны |
| | | | |