Файл: Семинар 34 Таырыбы Сана жне бейсана философиялы концепцияларды салыстырмалы талдау. Тіл мен ойлауды араатынасы..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Математика, физика және информатика институты



Семинар 3-4

Тақырыбы: «Сана және бейсана: философиялық концепцияларды салыстырмалы талдау. Тіл мен ойлаудың арақатынасы.»

Орындаған: Ушкамбаева Ж.К.

Тобы: МФК-204

Тексерген: Мадалиева Ж.К.

Алматы 2021

Сана - дегеніміз адам сезінген және аңғарған ішкі-сыртқы болмыс күйі. Ол таным, қиял, түйсік, ой, тілдік ұғым және жадыны қамтиды. Ол адам миында болатын ерекше құбылыс. Сананы адамның ең басты артықшылығы деуге болады, өйткені адамзаттың бүкіл прогрессінің басында оның санасының прогрессі тұр. Сана ұғымы философияда негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдерістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнінде, сана арқылы қоғамдағы байланыста жеке адам белсенді болады.

Ал бейсана - Адамның санасынан тыс істейтін іс-әрекет қылықтарының жиынтығы. Бейсаналық - саналы адам мінез-құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы әрекет жасау болып табылады. Оның аймағы үлкен болады. Бұл - адамның сана-сезімі жоқ кезінде психиканың белсенді жұмыс істей беретін жағдайы. Бейсаналықтың іс-әрекетінің 2 әдісі бар:

  1. Автоматты, рефлекторлық әрекеттер, сананың қасақана немесе табиғи түрде өшірілуімен (түсінде, гипнозбен, қатты мас күйінде, ұйықтаумен, есін жоғалтумен және т. б.) жасалған әрекеттер;

  2. Субъектінің санасымен қарым-қатынасына тікелей қатыспайтын белсенді психикалық процестер;

Көптеген шетелдік және отандық ғалымдар бұл мәселені көп уақыт зерттеді және әлі де зерттеп келеді. Шетелдік психологияда З.Фрейд бейсаналық ілімнің дамуына үлкен үлес қосты. Ол бейсаналық - психикалық өмірді реттеуде жетекші рөл атқарады, ал сана - бұл біздің психикамыздың аз ғана бөлігі деп түсіндірді. Кейіннен оның теориясын Г.Юнг дамытып, толықтырды. Ол психиканы динамикалық қарама-қайшылықты бірлік деп санады, сана мен бейсананың өзара әрекеттесуімен олардың арасындағы үздіксіз энергия - ақпараттық алмасумен толықтырады деп тұжырымдады.


Ойлау үдерісін тілсіз көзге елестету - өте қиын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болса, тілді шынайы ойдың «материясы» ретінде түсіне аламыз. Тіл дегеніміз – ойды, адами қатынастарды қамтитын белгілі бір белгі жүйесі. Тіл – ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір-біріне неше түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. Сонымен қатар адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген, тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана – күміс ақшаның оңы мен астары сияқты, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Әр халық өзінің дүниеге келуі мен дамуы барысында өзіне тән тілін қалыптастырады. Мыңдаған жылдар бойы жасалған өмір тәжірибелері қорытылып, тіл халықтың рухани байлығына айналады. Бүгінгі таңда жер бетінде 2000-ға жуық ұлттық тілдер бар, бірақ адамзат ой өрісі бірегей, сондықтан да халықтар арасында түсіністік пайда болады. Оның негізгі себебі - ой арқылы дүниенің заңдылықтарының бейнеленуі. Адамзатты айнала қоршаған орта бір болғаннан кейін, ойлау формалары да - бір.