Файл: Жангелдин ауданы білім бліміні Аманкелді атындаы жалпы білім беретін мектебікмм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жангелдин ауданы білім бөлімінің Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ
«Жас мамандардың кәсіптік шеберлігін көтеру жұмысы ұйымдастыру және қолдау көрсету»
Жас мамандарды қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиямен жан-жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету;

Жаңа педагогикалық технологияларды өзінің әрекетінде толық пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, жан- жақты дамыту.

Шығармашылық жұмысты дамыту, әр жас маман өзінің портфолиосын  жинақтау, озат педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып үйрену, тарату және ұйым арасында тәжірибе алмасуды қалыптастыру;

Курстар, семинарлар, треннингтер, дөңгелек үстел арқылы жас мамандардың кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру;
Оқу- тәрбие жүйесінде шығармашылық ізденістер мен зерттеу жұмыстарына жағдай жасау.
Жас мамандар жұмысы төмендегідей мәселерді шешуге көмектеседі: 
-Жас маманның жұмысқа бейімделуіне;
-Жұмысқа қызығушылығын арттыруға;
-Жетістіктерге жетуге;
-Педагогикалық потенциалының дамуына.

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындары әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу міндетте тұр. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді.

Заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын тәрбиеші болуға дайындау. Біз тәлімгерлер өз жұмыс жоспарымызды әрқайсымыз өз бетімізше құрамыз. Негізгі менің жас маманмен жүргізілетін жұмыс жоспарымның құрылымы мынадай үш кезеңнен тұрады:
Тәлімгер:
I. Бейімделу
II.Өзекті – бастысы
III. Бақылау

Жоспарлау негізінде біріншіден: оның жеке ішкі жан дүниесі, мінезі, көңіл – күйіне қарай отырып, оның икемділігі анықталады.. Қандай да болмасын жұмыс түрін алмас бұрын, бақылау, қатысу арқылы қандай жұмысқа қабілетті екенін байқалады. Сонымен қатар жас маманның баламен қарым - қатынасын және ұстазбен қызметтестік болуға деген қабілетіне орай аша білінеді. Оның эрудициясын /білімді, ойсанасын/. Міне енді осылар арқылы тестер, диагностика, сауалнамалар жүргізіледі.


Әрі қарай жас маманға тәлімгерлік жұмысы былай ұсынылады: бақылау, екі жақты қатынас, сұрақ - жауап, шағын тапсырмалар ұсыну.Білім беру жүйесінде яғни жас ұрпақтың қоғамдық өмірге, арнайы мекеме жүйесіне бақылау арқылы, педагогикалық жаңалық ашу, оны бағалау және қоғамдастықты меңгеруі, болашақта жас мамандардың тәжірибені өз жұмысында пайдалануын қадағалау тәлімгерлік жұмысы болып есептеледі.. Әрбір жоспарын алынған іс әрекеттің аяқсыз, нәтижесіз қалмауы қадағалауы, бағыт бағдар беріп отырады.

Қазіргі заман мұғалімі рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер менгерген білікті маман, өзін өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты деген. Педагогтің  кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының, кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Педагогтің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Педагог қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғырлым кең болмақ.

«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

«Құзырлылық» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандайда бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.

Кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі бар олар:

  1. Арнайы немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.

  2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игеру мен сиппаталады.

  3. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгеру мен сиппаталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.

  4. Дара (индивидуальды)кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге  дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сиппатталады.


Педагог шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзыреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзыреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.

Әр педагогтың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталғандығын ескеруі керек. Әлемдегі тәжірибиеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту. Әрбір педагог жаңа технологияларды тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталғандығын ескеруі керек.



Қазіргі таңда педагог мына төмендегі сипаттамаға лайық болуы тиіс екендігі атап көрсетіледі.

  1. Ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы ізденіп, өзінің пәндік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімін, мәдениет дәрежесін жғары көтеруші адам болуы.

  2. Өз мамандығын жақсы көретін біліктілігі жғары, кәсіптік шеберлігі ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытатын адам болуы.

  3. Коммуникативті, қоғамдық ортада беделді адам болуы.

  4. Белгілі педагогикалық технологияның толық әдістемесін меңгерген, ғылымның әр саласынан хабардар, жан-жақты білім болуы.

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін баланың шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық -ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, тәжірибиелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

 

Оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Бейсенбеков