Файл: ыса мерзімді жоспар Атаананы олы Малімтеш Н. Ж кні 21. 10. 2022 Сабактын таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Ата-ананың қолы:
Мұғалім:Өтеш Н.Ж
Күні: 21.10.2022
Сабактын тақырыбы : Пернетақтамен танысу.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларды дербес компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру, пернетақтамен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдыққа, жаңа құрылғыларымен таныстыру арқылы ғылыми- көзқарасын дамыту.
Тәрбиелілік: сабырлыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: баяндау,көрсету,практикум
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер құрылғылары, пернетақта суреті, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Компьютер құрылғыларын білеміз бе?
ІІІ. Жаңа сабақ «Пернетақта. Пернетақтамен танысу»
-
IV. Пернетақта құпиясы -
V. Жұмбақтар әлемі
VI Тапсырмалар
VII Қорытындылау. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма. «Кім епті?» практикалық жұмыс. Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі.
І. Амандасу. Класс тазалығын тексеру.
Үй тапсырмасын компьютер құрылғыларын білеміз бе? Арқылы тексеру.
-
Жүйелік блок -
Процессор -
Жедел жад -
Монитор -
Маус -
Терте (джойстик) -
Баспа құрылғылары -
Сыртқы жад -
Сканер
Үй тапсырмасын қорытындылау
Енгізу құрылғылары Шығару құрылғылары
Маус принтер
Джойстик дисплей
Сканер плоттер
Пернетақта график салғыштар
ІІІ. Жаңа сабақ «Пернетақта. Пернетақтамен танысу»
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102-104 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
-
Функционалдық пернелер (F1-F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1,F2…..F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атұарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1…. F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады. -
Цифрлық пернелер –цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады. -
Символдық пернелер-алфавиттi цифрлық ақпаратты енгiзуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаныңкөмегімен кез-келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады. -
Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.