Файл: Сергіту сті Орнымыздан трайы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сергіту сәті
1.Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демалып бір алайық.
2. Күн ұйықтайды.

Күн оянады.

Жел соғады.

Жаңбыр жауады.

Бұлт шатырлайды.

Күн ашылады.

Жел басылады.
3. Ұшты-ұшты, құлын ұшты.

Ұшты-ұшты, мұрын ұшты.

Ұшты-ұшты, кептер ұшты.

Ұшты-ұшты, дәптер ұшты.

Ұшты-ұшты, қарға ұшты.

Ұшты-ұшты, арба ұшты.
4. Бетімізге жел соғады,

Тербеледі ағаштар.

Тына қалса қатты жел,

Тоғай биік көрінер.
5. Бас бармағым - әкем,

Балаң үйрек – шешем,

Ортақ тірек – ағам,

Шылдыр шүмек- апам,

Кішкентай бөбек – мен.


Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.
6. Біз жазамыз, жазамыз.

Саусақтарды талдырып,

Қайта жазу жазамыз. Әрі-бері демалып.
7. Пойыз


Қане, кімнің бойы ұзын ?

Паравозы ол пойыздың,

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Пш-пш-пш, баста алға,

Қарап қалма, аспанға.

Пш-пш-пш, пш-пш-пш.
8. Бір, екі, үш –

Қарлығаш боп ұш.

Төрт, бес, алты –

Қарлығаш боп қалқы.

Жеті, сегіз, тоғыз,он –

Қарлығаш боп қон.
9.Соз қолыңды оң жаққа,

Соз қолыңды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлғамай,

Шеңбер жасап тұрғандай
10.Жаза, жаза, саусағым,

Әлсіредім, шаршадым.

Бір, екі, үш,

Қолға жинап күш!

Қане, қалам алайық,

Әдемілеп жазайық.
11.Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.
12. Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.
13. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.
14. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
15. Орманның бiз емшiсiмiз,

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет

ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз,Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.
16. Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.
17. Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты соз, жасқанба.
18. Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.
19.Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.
20.Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.