Файл: Видео саба жоспарыны лгісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Видео сабақ жоспарының үлгісі

Мұғалімнің аты-жөні

Абулкаирова Самал Ешнбаевна, педагог-зерттеуші

Пән/сынып:

Қазақ тілі мен әдебиеті, 6 Т 2 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

Тоқсан: 3; апта: 4; № 18 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

9-бөлім:Қазақстан және «Ұлы Жібек жолы»

Сабақтың тақырыбы:

Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» (үзінді)

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін

мәселені болжау;

6.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту

Сабақ мақсаты:

мәтінді мұқият тыңдау;

тірек сөздер арқылы мәтінде көтерілген мәселені болжау;

тақырып бойынша мәтін құрастыру.

Бағалау критерийлері:

тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;

тірек сөздер арқылы мәтінде көтерілген мәселені болжайды;

тақырып бойынша ауызша мәтін құрастырады;

сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, 6-сынып оқушылары!

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қош келдіңіздер!

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен , мақсатымен таныстыру




Таныстырылым

Слайд №1,2,3

5 минут

2 минут


Өткен сабақты еске түсіру

Дүкенбай Досжан өзінің тарихи “Жібек жолы” романына шығармашылық үлкен ізденістер арқылы қиын әрі ұзақ жолмен жетті. Мұның басты себебі қаламгер бала кезінен қираған қала орнын жалаңаяқ кезіп, сол топырақтың ыстығы мен суығын жастайынан сезініп өсті, өлмейтін аңыз ертегілерін санасына мол сіңірді.
1.Дүкенбай Досжан кім?

2.Оның қандай шығармаларын білесіз?

3. «Жібек жолы» романы не жайлы деп ойлайсыз?

Жауабы:

1.Д.Досжан- жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың (1996), Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты
2. “Отырар”, “Фараби”, “Жібек жолы” атты тарихи шығармалары бар

3. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романында оқырманды қыпшақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, өнері бейнеленген.

2. «Ұлы Жібек жолындағы» ежелгі қалалар туралы мәлімет бар

3. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармасы туралы айтылған

Қыпшақ әміршісі - Иланшы Қадырханның өз

еліне деген сүйіспеншілігі суреттелген

4. Көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» романы неміс тілінде Берлин

қаласында екінші мәрте жарық көрді

ЖАҢА СӨЗДЕР:

Құдірет- күш-қуат




Көріпкел-көріпкелдігі бар адам. Адамның өткен, қазіргі, келешек өмірі жайлы ақпарат ала алады



Сәуегей- болашақ өмірді болжайтын адам


Байлыққа белшеден бату- баю



Салтанатқа бөлеу –тойлау, қуанту














Сұрақтарға жауап берген кезде сөйлемдердің дұрыс құрылуын қадағалайды

Слайд №4,5

Слайд №6


3 минут

2 минут

5 минут


5 минут

15 минут

1 минут



Жаңа сабақ

ІІ. Негізгі бөлім

А) Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.

ІІІ. Қорытынды бөлім

https://www.youtube.com/watch?v=zmQwGW4J_jU


  1. Ұлы Жібек жолы қандай мемлекеттерді байланыстырды?

  2. Керуен жолдары неше шақырым жерді қамтыды?

  3. «Ұлы Жібек жолы» ұғымын кім ойлап тапқан?


1.«Ұлы Жібек жолы»- Үнді, Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Қытай елдерін байланыстырды.

2. Керуен жолдары 7 мың шақырымнан астам жерді қамтыды.

3. «Ұлы жібек жолы» ұғымын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен ойлап тапқан

Мәтінді тыңдаңыз

Отырардың бүгінгі құдіреті ше? .. Мәрмәр теңізінен басталып, ежелгі Бабыл жерінен шығып, Үнді жерімен өтіп, Хорезмді басып, Қытайға қарай жүретін «Бас Жібек жолы», «Жау жолы » осы қаланың үстінен өтеді. Саудагерлер Отырардың «Қан базарына» саудасын салады, кең сарайда қонып, дамылдайды, сосын тағы да таусылмас жолға шығады. Осының өзі туған қаласын салтанатқа бөлеп, байлыққа белшеден батыра берді. Атағын дүйім жұртқа жайды..
Әуелде араб жиһангездері Отырарды «Фараб» не «Бәрәб» деп жазып жүрді. Отырарды қазір ғұлама,өнерпаз, көріпкел, сәуегей, зергер мекен етеді. Шаһарды екі жүз мыңдай халық мекендейді; көшесінде сан жүздеген тасболат там, жәдігер, кешендер бар, монша, мешіт, саудахана, қышхана, гүртхана, әсем әуіздер, қорған мен соқпақтар бар.

1-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді анықтаңыз



Дескриптор Білім алушы

мәтін мазмұнын түсінеді;

мәтіннен 4 тірек сөзді анықтайды.

Өзіңді тексер!

Жібек жолы

Шаһар

Саудагерлер

Отырар

2-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын болжаңыз

Дескриптор Білім алушы

тірек сөздерді түсініп қолданады;

мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын болжайды.


Жібек жолы бойындағы қалалар, шаһарлар
Өзіңді тексер!




Негізгі ойы

«Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан қалалардың өмірі, саудагерлердің сауда жасауы

3-тапсырма Берілген тақырыптардың бірін таңдап, мәтін құрастырыңыз. Мәтінде сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз. Сұрақ қою барысында сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.

Диалог тақырыптары

1) Ұлы Жібек жолының тарихы

2) Ұлы Жібек жолы және халықаралық мәдениет

3) Ұлы Жібек жолындағы сауда-экономикалық қатынас

Дескриптор Білім алушы

- тақырып бойынша мәтін құрастырады;

- тақырып бойынша сұрақтар қояды;

- сұраулы сөйлемді интонациямен жеткізеді;

- сұраққа сай лайықты жауап береді.

Өзіңді тексер!

«Ұлы Жібек жолы» тарихының шығу тарихы жайлы не білесіз? Жібек деген сөз қайдан шыққанын білесіз бе? Осы сұрақтар төңірегінде көптеген бейнежазба, тарихи фильмдер көрген боларсыз?

Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Бұл сауда –саттық жолы арқылы Қытайдың жібегі тасымалданғанын білетін шығарсыз? Міне, жол атауы, осы матаның атауымен байланысты қойылған.
тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінді;

тірек сөздер арқылы мәтінде көтерілген мәселені болжады;

тақырып бойынша ауызша мәтін құрастырды;

сұраулы сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтты.


Мәтіннің тақырып қа сай құрылуын, сұраулы сөйлемдердің дұрыс қолданылуын қадағалау


Слайд №7,8

https://www.youtube.com/watch?v=zmQwGW4J_jU

Слайд №9

Слайд №10,11

Слайд №12,13

Слайд №14,15

Слайд №16

1 мин

Қосымша тапсырма

Сілтеме бойынша өтіп, берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз. 30-бет, 9-тапсырма

https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/baysheshek62





https://expert.study-inn.kz/uchebniki-kaz/baysheshek62

слайд №17