ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырыбы:Дұрыс тамақтану.

Мектеп: «Достық»

Күні:24.01.22

Мұғалімнің аты-жөні:Омарова.Н

2-сынып

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:0

Оқыту мақсаттары

2.1.2.1.Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде түсінеді.

Көптеген оқушылар:

•көбейту амалының мәнін түсінеді және компоненттердің аттарын біледі.

Кейбір оқушылар:

•көбейту компоненттерінің аттарын өрнектерді жазуда және оқуда қолданады.

Бағалау критерийлері:

Көбейту - бірдей қосылғыштарды қосу екенін түсінеді.

Көбейтудің компоненттерінің атауларын біледі.

Өрнектерді жазып, оқуда көбейту компоненттерінің атауларын қолдана алады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

көбейту мен бөлудің орындалу мәнін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Көбейту, көбейткіш, көбейтінді, көбейтіндінің мәні.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

Сандардың әрқайсысы нені білдіретінін түсіндір.



Өрнекті оқы.


Жазу:

Көбейтуге берілген өрнектерді жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бірдей қосылғыштарды қосу, заттарды топтап санау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



5мин


1.Ынтымақтастық атмосферасын құру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Өзара алмасып тексеру.

Дұрыс тамақтану және тамақтанудың орныққан тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізу.

Білу

1-тапсырма. (Жұптық жұмыс)

Суреттерді қарап, пайдалы азық-түліктерді атау.

-Қандай азық-түліктер организм үшін пайдалы емес, қандай азық-түліктерді (тәтті, газдалған сусындар, чипси және т.б.) көп мөлшерде қолдануға болмайды?

Бағалау парақшасы.



5мин


Өзектендіру.

Практикалық жұмыс


  1. 0-ден 20-ға дейін 2-ден топтап тура және кері санау

2 30-ға дейін 3-тен

3 40-қа дейін 4-тен.

Тақтаға өрнектер жазылған:

7 + 7 + 7 + 7; 6 + 6 + 6 + 6 + 6; 4 + 4 + 4; 3 + 3 + 3 + 3 + 3.

–Біз шығарған мысал несімен қызық, қандай қосылғыштардың қосындысын табамыз?

–Осындай қанша қосылғыш табамыз?

–7-ден қанша рет алдық?

–10, 9,8 сандарын қандай бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде көрсетуге болады

Ауызша жаттығулар.

Қорапта 4 доп бар. Екі, үш, бес қорапта неше доп бар?

– Қалай санадыңдар?

–Өрнектердің мәндерін табыңдар.

–Олар несімен ұқсайды?

(Бірдей қосылғыштарды қосады, екі өрнекте де 4 қосылғыш бар.)



Санау материалы.

3мин


Түсіну

Жаңаны ашу

– Бірдей қосылғыштардан тұратын қосындыны көбейтінді түрінде жазуға болады. Көбейтуді белгілеу үшін нүкте түріндегі таңба «∙» қолданылады.

5 + 5 + 5 + 5 + 5 + 5 = 5 ∙ 6

– «5 ∙ 6» жазбасы : «5 және 6 сандарының көбейтіндісі» деп оқылады.

– Көбейтудегі 5 саны нені көрсетеді?

(Қандай санды қосамыз.)

– Бұл көбейтудегі 6 саны нені көрсетеді?

(5 санын қанша рет қосамыз.)

1-тапсырма

Қосындыларды көбейту түрінде жазу.

2 + 2 + 2 = 2 · 3

3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3 + 3 = 3 · 7

7 + 7 + 7 + 7 + 7 = 7 · 5

12 + 12 + 12 + 12 = 12 · 4

9 + 9 + 9 + 9 + 9 = 9 · 5

– Көбейтуді қосынды түрінде жазыңдар.

3 · 4 = 3 + 3 + 3 + 3

5 · 2 = 5 + 5


Санау материалы, тақта.

20 мин

Қолдану.

2-тапсырманы. Топтық жұмыс.

Қосудың көмегімен есепте.
Талдау.

3-тапсырма «Желпуіш» тәсілі.Жұптық жұмыс.

Қосуды мүмкін болатын жерде көбейтумен алмастыру.

Жинақтау.

1.Сергіту сәті. « Капитан» ойыны.

2.Есепті шығару

Дескриптор:

1.Есептің шартын құрады.

2.Өрнек құра біледі.

Бағалау.

1Қосуды көбейтумен алмастыр.

6+6+6+6

20+20+20+20

200+200+200+200

Дескриптор:

1.Қосуды көбейтумен алмастырады.

2.Нәтижесін тауып жазады.

Оқулық.


Дәптер.

3мин

Рефлексия.

Өз жұмысын баллдың көмегімен бағалау










Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Саралау тапсырмалары:

1.Есеп шығару.

2.Қосуды көбейтумен алмастыру.

Бағалау Баллдық жүйе.


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Жаратылыстану, дүниетану.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?


Қорытынды бағамдауҚандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?