Файл: Мтіндік жатпен жмыс істеу Педагогты атыжні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Мәтіндік құжатпен жұмыс істеу

Педагогтың аты-жөні

Әшкен А.Б.

Күні

12.04.2022ж.

Сынып 6 Ә

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Гиперсілтемелер және оны практикалық тұрғыдан қолдану.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Гипресілтеме» ұғымына анықтама береді

Көптеген оқушылар:

Бір құжаттық үзіндіні басқа құжатқа көшіреді

Кейбір оқушылар:

Құжат ішінде бір беттен екінші бетке жылдам ауысатын гиперсілтеме кірістіру командаларын қолданады


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

«Күн шуағы» әдісі арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлықоқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Мен және оқушылар бір – бірімізге күн шуағын ұсынып өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіреміз.

2.Үйге берілген тапсырманы сұрау:

«Сұрақ - жауап» әдісі арқылы қайталау.

  1. Мәтіндік құжаттар деген не?

  2. Сілтеме деген не?

  3. Мәтіндік құжатқа сілтеме қою үшін қандай мәзір жолағы қолданылады?

  4. Сілтемелер тобында қандай батырмалар орналасқан?

  5. Атаулардың элементтер тобының қызметі қандай?

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
4.Жаңа тақырыпқа шолу.

Құжаттың көлемі үлкейген сайын, оның ішінен қажетті ақпаратты жылдам табу керек болады. Мұндай жағдайда құжаттағы қажетті бөлімге жылдам өтіп, оның қатесін түзетуге көп уақыт кетеді. Word мәтіндік редакторында осындай мәселені шешу үшін гиперсілтеме қолданылады.

1.Мұғаліммен амандасады.


Сұрақтарға жауап береді


Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

4.Сабақтың мақсаттарымен танысады.








Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсінідіру.

Гиперсілтеме-құжаттың өзіндегі әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің біріне сілтеме беретін гипермәтіндік құжаттың бөлігі. Сонымен бірге жергілікті дискідегі файлдарға, компьютерлік желіде файл, бума, қосымша, веб-беттерге сілтеме беріледі.

Құрылымы гиперсілтемелер көмегімен ұсынылатын құжаттар мәтіні гипермәтін деп аталады.

Көрсетілім.

Word-та гиперсілтемені іске қосу үшін гиперсілтеме қойығымыз келетін әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің бірін ерекшелеп аламыз. Вставка →Гиперссылка командаларын орындаймыз.

Гиперсілтеме кірістіру:

  • Ерекшеленген объектіні сыртқы файл немесе веб-бетпен байланыстыру.

  • Ерекшеленген объектіні құжаттың ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру.

  • Ерекшеленген объектіні жаңадан құрылатын құжатпен байланыстыру.

  • Ерекшеленген объектіні электронды поштамен байланыстыру.

Ерекшеленген объектіні құжат ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру үшін Закладка кірістіруіміз керек.

Гиперсілтемені құжаттан алып тастауыдың бірінші тәсілі-контекстік мәзірден Удалить гиперссылку командасын таңдау. Екінші тәсілі-гиперсілтеме берілген объектіні ерекшелеп, Вставка гиперссылки сұхбат терезесінен адрес жолағындағы сілтемені Удалить ссылку алып батырмасы көмегімен орындау.
Топқа бөліну: «Сілтемелер», «Гиперсілтемелер»

Топтық жұмыс:1- тапсырма.

«Екеуі үйде,үшеуі қонақта» әдісі арқылы

  1. 5-адамнан үй тобына бірігу. Әр топ 1,2,3,4,5 деген өз нөмірлерін алады.

  2. Әр қайсысына тапсырма үлестіріледі.

  3. Үй тобында сұрақтар талқыланады.

  4. 5-мин кейін топтағылар орнынан турады ,әр номір көрші топқа барады да жиналады.

Сұраұтар:

1-гиперсілтеме деген не?

2-гиперсілтеменің қандай түрлері бар?

3-гиперсілтемені қалай қоюға болады?

4-мәтін бөлігіне немесе объектіге гиперсілтеме қойылғанын қалай білуге болады?

5-гиперсілтеме терезесінде неше батырма орналасқан?
Дескриптор :

-гиперсілтеме ұғымын біледі.

-гиперсілтеменің түрлерін біледі.

-гиперсілтемені қалай қоюға болатынын біледі.

-мәтін бөлігіне немесе объектіге гиперсілтеме қойылатынын біледі.

-гиперсілтеме терезесінде неше батырма бар екенін біледі.
Жұптық жұмыс. 2- тапсырма.

Оқулық § 24, 130-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы
Дескриптор:

-мәтіндік редакторды іске қосуды біледі;

-мәтіндік редакторда мәтін жаза алады;

-гиперсілтеме кірістіру командаларды пайдаланады;

-құжатты өз атауымен сақтайды.
ҚБ: / 4 балл/
Жеке жұмыс. 3-тапсырма.

«Кім көп біледі» әдісі

Дескриптор:

-берілген әріптер ішінен сөздер құрастыра алады

ҚБ: / 3балл/

Мұғалімді тыңдайды

Гиперсілтеме туралы анықтамасын дәптерге жазады

Командаларды жазады

1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды



5балл

4 балл


Оқулық


Жұмыс дәптері
компьютер

Сабақтың соңы

1.Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Топтық бағалау

2.Кері байланыс: «Инстаграм» әдісі

- ұнады (үйрендім,білдім)

- толық түсінген жоқпын (сұрағым бар)

- түсінбедім

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 25, 132-бет, «Үй тапсырмасы»