Файл: за мерзімді жоспар блімі 3B шбрыштарды шешу Мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3B Үшбұрыштарды шешу | Мектеп: №43 ЖОББМ | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты – жөні: Айдынғалиева А.С | ||||||
Сынып: 9b | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары арасындағы байланыс; | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарласамына сілтеме) | ГМ9.23 дұрыс бұрышты көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы және сырттай сызылған шеңбер радиусы арасындағы байланысты қорытып шығарады, қолданады , мұндағы көпбұрыш қабырғаларының немесе бұрыштарының саны; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған, сырттай сызылған радиустары мен қабырғасының жартысынан құралған үшбұрыштың сүйір бұрышы болатындығын түсінеді. Бұл тікбұрышты үшбұрыштағы қатынастарды қолдану арқылы радиустар арасындағы тәуелділікті қорытып шығара алады. Көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын таба алады. Бұрыштар саны 3,4,6 болғандағы ішкі және сыртқы радиустарды таба алады. Формулаларды қортып, есептер шығаруда қолдана алады. | ||||||
Жетістік критерийлері | дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы және сырттай сызылған шеңбер радиусы арасындағы байланысты қорытып шығарады, қолданады | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін түсінеді. Сөйлем құрап айта алады. Көпбұрыш, көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер, көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер, шеңбердің радиусы, бұрыш. Көпбұрыш - polygon Радиус- radius Шеңбер - circle Биіктік - height Тікбұрышты үшбұрыш–right triangle Бұрыш - angle Градус–degree | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика, сызу, геометрия | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта. Тақырыпқа арналған презентация. Оқушыларға жұмыстануға жеке қағаздар. Рефлексияға арналған бағдаршам мен қызыл, жасыл, сары түсті дөңгелек қағаздар. | ||||||
Бастапқы білім | көпбұрыштың ауданы ұғымы мен оның қасиеттерін біледі;төртбұрыштар аудандарының формулаларын қорытып шығарады және оларды қолданады; үшбұрыш ауданының формуласын (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарты көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады; Барлық үшбұрыш түрлерінің аудандарын біледі. Шеңберлердің аудандарын біледі. Дұрыс көпбұрыштың қасиеттерін біледі, қолдана алады. | ||||||
Күтілетін нәтижелер | Оқушылар дұрыс көпбұрыштарды сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиустарын шығара алады, теоремаларды дәлелдей алады. Формулаларды қорытып, есептер шығару барысында қолдана алады. | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут 15 минут Сабақтың ортасы 15 минут 20 минут 15 минут Сабақтың соңы 5 минут | І.Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі) ІІ.Өткен материалдарға шолу: Оқушылардың үй тапсырмасын орындағандарын қадағалау, тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыру. Өткен сабақты жалғастыру. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижені айту. Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары арасындағы байланыс; Оқушылардың бұрыннан белгілі дұрыс көпбұрыштың анықтамасын, бұрыштарының қосындысын бір бұрышын табу формулаларын естеріне түсіру. Жаңа сабақты интерактивті тақтадан көрсету. Оқушыларға екі теореманы дәптерлеріне жаздыру. Тақтаға дәлелдеу. Дұрыс көпбұрышты сырттай сызылған шеңбер Егер көпбұрыштың барлық төбелері шеңбердің бойында жатса, онда сол шеңберді көпбұрышты сырттай сызылған деп атайды. Теорема. Кез келген дұрыс көпбұрышты сырттай бір, тек бір шеңбер сызуға болады. Дұрыс көпбұрышты іштей сызылған шеңбер Егер көпбұрыштың барлық қабырғалары шеңберге жанасатын болса, онда бұл шеңбер көпбұрышқа іштей сызылған деп атайды. Теорема. Кез келген дұрыс көпбұрышқа бір, тек қана бір шеңберді іштей сызуға болады. 1 – салдар. Дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер көпбұрыштың қабырғаларын ортасынан жанайды. 2 – салдар. Дұрыс көпбұрышты сырттай сызылған шеңбер центрі осы көпбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрімен дәл келеді. Бұл нүкте дұрыс көпбұрыштың центрі деп аталады. Оқушылар радиустың формулаларын қорытып шығарады. Қабырғасы , ал қабырғалар саны болатын дұрыс көпбұрыш үшін оған сырттай сызылатын шеңбердің радиусын табамыз. Сонда: Дұрыс (тең қабырғалы) үшбұрыш үшін , , Дұрыс төртбұрыш (квадрат) үшін Дұрыс алтыбұрыш үшін Оқушылар өздері дәлелдеп, дәптерлеріне жазып алады. ІV Cабақты қорытындылау Оқушыларға рефлекция сұралады.Оқушыларға бағдаршам суреті бар карточкалар беріледі. Оқушылар сабақтардың қорытындысы бойынша егер толық түсінсе жасыл түсті, ал егер толық түсінбесе сары, ал дым түсінбесе қызыл түсті бағдаршамға салады. Оқушыларды бағалау: Сабаққа белсенді қатынасқан оқушылар бағаланды. V Үй тапсырмасы: Оқушыларға көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын табуға алты есептер берілді. | А.В. Погорелов Геометрия Орта мектептің 7-11 – сыныптарына арналған оқулық Бекбоев, Абдиев 8 сыныпқа оқушыларына арналған оқулық Геометрия. 7— 9 классы : учеб. для общеобразоват. уч- Г36 реждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с. Презентация Герон формуласынаесептершығару: http://jwilson.coe.uga.edu/emt725/heron/heron.html | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылар дәлелдеулерді жеке – жеке орындайды. Оқушылар тақтаға шығып экрандағы кестемен берілген есептерді шығарады. | Оқушылар жеке – жеке бағаланады. Сабақтың соңында тақтаға үш бағдаршам ілінеді. Сабақты түсінгендеріне байланысты олар бағдаршам түстерін таңдап, ұяшыққа салады. | Оқушылар компьютерлермен жұмыс жасамайды. Презентация қарауға парта мен экранның арақашықтығы гигиеналық талаптарға сәйкес орнатылған. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |