Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Метрикалы атыстар Мектебі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді

жоспардың тарауы: Метрикалық қатыстар

Мектебі: Ақтөбе қаласы, №46 орта мектеп


Күні: 25.06.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Кузеуова Гулжазира Аманжановна

Сынып: 8

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Үшбұрыштардың ауданы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.12

Үшбұрыштың аудандарының формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар:

Үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын білу;

Оқушылардың басым бөлігі:

Формулаларды түсініп, есептер шығаруда қолдану;

Кейбір оқушылар:

Формулаларды түсініп, тұрмысқа қатысты тапсырмаларды есеп шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

Үшбұрыштың ауданының формуласын қорытып шығарады.

Формулаларды есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Үшбұрыштың ауданының формулаларын оқи және жаза алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Үшбұрыш-треугольник-triangle, аудан-площадь-area, формула- формула-formula

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

-үшбұрыштың ауданының формуласы...

-Герон формуласы...

  • тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын табу үшін...

  • тік бұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы...

Құндылықтарға баулу

-«Мәңгілік ел» ұлттық құндылықтың негізі индустрияландыру мен инновацияға негізделген экономикалық өсуіне негізделіп оқушылардың бойында зерттеушілік, инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы, бәсекеге қабілетті ету

- өмір бойы білім алуға бейімделеу;

-дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру;

Пән аралық байланыстар

Сызу (сызба сызықтары)

Бейнелеу өнері (ағаштардан фигуралар жасау, күлте жасау)

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Үшбұрыштың түрлерін біледі. Аудан ұғымы туралы түсінік бар. Параллелограммның ауданын табуды біледі. Биіктік, биссектриса, медиана ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы
5 минут


Сабақтың ортасы


30 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесеміз Оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүрек жылуы» тренингі (Оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне жүрек ұсына отырып, тілектерін білдіреді)

Топтастыру:

«Қима қағаздары» Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды. Әр үшбұрыш түріне қарай топтасыңыздар. Үшбұрыштың түрлеріне қарай тікбұрышты үшбұрыш, әр түрлі қабырғалы үшбұрыш, сүйір бұрышты үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш деп топтасады

Әр топтан бір оқушы шығып, қандай үшбұрыш екендігін және сол үшбұрыш туралы не білетіндігін айтады.

Ұжымдық жұмыс.

Миға шабуыл.

Сиқырлы сандық ішінен оқушыларға сұрақтарды алғызамын

1.Үшбұрыштың қандай түрлерін білеміз?

2.бір бұрышы тік болса, қалған бұрыштары сүйір болса ондай ол қандай үшбұрыш?

3.Үшбұрыштың бір бұрышы доғал болса қалған бұрыштары қандай болады?

4.Үшбұрыштың барлық қабырғалары тең болса, ол қандай үшбұрыш?

5.Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасы дегеніміз не?

6.Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

7.Параллелограммның ауданын қандай формула арқылы табамыз?

Саралау: диалог негізінде саралаймын.

Бағалау: «Үш шапалақ» әдісімен бағалаймын

Жаңа сабақ. «Суретті жұмбақ»

А УАʹ ʹ 6ʹʹʹ ʹ10

Суретті жұмбақтың шешімін табады АУДАН әр топтың атына сәйкес аудандарын табудың формуласын дәлелденуімен параққа жазып таратамын

Топтық жұмыс.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Әр топқа осы формулалардың дәлелдемесі жазылған парақтарды таратамын. Топпен талқылап бір оқушы шығып дәлелдейді.




Саралау: Қарым – қатынас формалары бойынша саралаймын.

Бағалау: «Бас бармақ» тәсілімен бағалаймын

І. Тапсырма (ауызша) «Соңғы сөзді мен айтаймын»

1.Үшбұрыш ауданы катеттерінің көбейтіндісіне тең. (Үшбұрыштың ауданы каттерінің көбейтіндісінің жартысына тең)

2.Герон формуласы үшбұрыштың екі қабырғасы белгілі болған кезде қолданылады. (Герон формуласы үшбұрыштың қабырғалары белгілі болған кезде қолданылады)

3.Үшбұрыштың ауданы қабырғаларының жартысына тең. (Үшбұрыштың ауданы табаны мен сәйкес биіктігінің көбейтіндісінің жартысына тең.)

4. Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы қабырғасы мен √3/4 көбейтіндісіне тең.(тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы қабырғасының квадраты мен √3/4 көбейтіндісіне тең)

Саралау: диалог негізінде саралаймын.

Бағалау: ия, жоқ әдісімен бағалаймын.

Ширату жаттығуы

Топтық жұмыс

ІІ. Тапсырма

«Кім жылдам?» ойыны

Енді біраз ауызша есептер шығарайық. Бұл есептер үшбұрыш ішінде жазылған. Алдымен үшбұрыш түрін анықтаймыз. Тақтада керек формулалар тұр, осылардың ішінен сәйкесін тауып ал да ауызша есептей бер.

1.Қабырғасы екіге тең болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы неге тең? (√3)

2. Каттері 6 және 8 болатын тікбұрышты үшбұрыштың ауданын тап (24)

3. қабырғалары 3; 4; 5 үшбұрыш қандай үшбұрышқа жатады? (тікбұрышты үшбұрыш)

4. Қабырғалары 7; 6; 5 болатын үшбұрыштың ауданын тап (6√6)

Саралау: Жылдамдық бойынша саралаймын.

Дескриптор: Білім алушы

  • Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын таба алады.

  • Катеттерін ажырата алады

  • Үшбұрыштың түрлерін ажырата алады.

  • Тік бұрышты үшбұрыштың ауданын таба алады.

ІІІ. Тапсырма

«Басымдылық пирамидасы» әдісі

Жеке жұмыс. (деңгейлік тапсырма)

А деңгейі

№2 а) Катеттері 4 см және 7 см-ге тең тік бұрышты үшбұрыштың ауданын тап.

№2 ә)Катеттері 1,2 м және 35дм ге тең тік бұрышты үшбұрыштың ауданын тап

В деңгейі

№3 Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 5-ке, табаны 6-ға тең ауданын тап

№5 екі қабырғасы 3 см, 8 см және олардың арасындағы бұрышы 30º қа тең. Тең бүйірлі үшбұрыштың ауданын тап.

Тексеру үшін интерактивті тақтадағы жазылған есептің жауабы арқылы жұмыстарын өзара алмастыру арқылы тексереді.

Саралау: Қарым-қатынас формалары бойынша саралаймын.

Бағалау: Түрлі түсті үшбұрыштар арқылы бағалаймын

Ұжымдық жұмыс:

«Зерттеушілік конференциясы» әдісі
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі шығармашылық жұмысты ұсынамын.

Тапсырма:

Сүт құйылған тетраэдр пішіндес қорапшаның ауданын тап

(Аудан табудың әртүрлі формуласын пайдалана отырып есептейді.)

С
аралау:
Оқушының дербестігімен жауапкершілігі бойынша бойынша саралаймын.

Бағалау: Смайликтер арқылы

Үйге тапсырма: №4 есеп 101 бет

Рефлексия «Үшбұрыш, үш түс» үшбұрыш үш болікке бөлінеді, үш түске боялады. Бірінші түс қызыл, төменгі бөлігі

-Мен жинаған мағлұматтар

екінші түс сары, ортаңғы бөлігі

-Жинаған мағлұматтарды іс-әрекетте қолдандым

Үшінші түс жасыл, ең жоғарғы бөлігі.

-Үшбұрыштардың өмірдегі қолданылымы.


Жүрек пішіндес түсті қағаз қиындылары
Кеспе қағаздар



Асхат Әлімов

«Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану»

Алматы 2015ж








Жақсылықова К.З «Әдістемелік құрал», Алматы 2011 ж

В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов Геометрия 8 кл. Алматы «Мектеп» 2018 ж
Өз - ара бағалау

АКТ


сабақта қолданылатын 50 әдіс жинағы https://ust.kz/word/sab gta






Иә / жоқ






Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

Диалог негізінде саралаймын.

Қарым – қатынас формалары бойынша саралаймын.

Жылдамдық бойынша саралаймын.

Топтық жұмыс кезінде деңгейі бойынша саралаймын.

«Үш шапалақ» әдісімен бағалаймын

«Бас бармақ» тәсілімен бағалаймын

«Ия, жоқ» әдісімен бағалаймын.

Дескриптор арқылы бағалаймын

Сабақ барысында үшкір заттарды қолданғанда ұқыптылық ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?