Файл: Химия пнінен тапсырмалар жинаы 89 сыныптара арналан Тсінік хат.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Химия пәнінен тапсырмалар жинағы
8-9 сыныптарға арналған
Түсінік хат
Химия пәнінен бұл тапсырмалар жинағы ресурстық орталықта оқитын 8-9
Сынып оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған. Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Химиялық тапсырмалары – оқушылардың химиядан білім сапасын анықтаудың негізгі құралдарының бірі. Химия тапсырмалары сан және сапа есептері болып екіге бөлінеді. Бағдарламада сандық есептерді шығару көзделген.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
-
Бейорганикалық және органикалық химиядан алған білімдерін қорытындылау, пысықтау. -
Бар білімді жаңа проблемалар (әр түрлі деңгейдегі есептерді) шешуде шығармашылықпен қолдану. -
Химияның мектептік курсында қарастырылмайтын ұғымдарды оқып-үйренуді қамтамасыз ету. -
Оқушылардың талдау, салыстыру, тұжырымдау, ой-өрісін, өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту. -
Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру;
- алған білімдерінінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту;
- әр оқушының оқу деңгейін анықтау;
- тәжірибелік білімдерін жетілдіру;
- химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту.
Күтілетін нәтиже:
Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есептер шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Бұл жиынтықта орындалатын жаттығулар және шығарылатын есептер әр тақырыпқа жеке берілген. Жиынтық тапсырмаларының бұлай құрылуы оқылған тапсырмаларды орындау кезіндегі мақсаты мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді.
Химиядан 9-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
1-нұсқа
1. А+В=АВжалпы сызбанұсқасындағы реакция типі
A) айырылу
B) қосылу
C) алмасу
D) орынбасу
E) бейтараптану
2.Ерітінділері мен балқымалары электр тогын өткізетін заттар
A) бейэлектролиттер
B) өршіткілер
C) электролиттер
D) индикаторлар
E) спирттер
3. Фосфиннің формуласы
A) NaF
B) HF
C) F2O
D) Na3P
E) PH3
4. Ауа бойынша тығыздығы 1,655 болатын оттектің аллотропиялық түр өзгерісінің
салыстырмалы молекулалық массасы
A) 48
B) 60
C) 12
D) 30
E) 24
5. Берілген: H2O, KCl, K2O, KOH, HCl. Көміртегі (ІV) оксидімен әрекеттесетін заттар саны
A) 4
B) 2
C) 5
D) 1
E) 3
6. Cілтілік металдар нитраттары қыздырғанда айырылады
A) нираттарға, сутекке
B) азот доксиді, оттеке
C) нитриттерге, сутекке
D) нитриттерге, оттеке
E) азот моноксиді,суға
7. Цементтің құрамы
A) СаО, AL2O3, SiO2
B) СаО, AL2O3, 2 SiO2
C) Na2O, AL2O3, SiO2
D) Na2O, AL2O3, 2 SiO2
E) MgО, AL2O3, SiO2
8.CuSO4 + NaOH → теңдеуі бойынша, қысқартылған иондық теңдеуіндегі иондар саны
A) 5
B) 6
C) 2
D) 4
E) 3
9. Калий карбонатымен тұз қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін газ
A) CO2
B) CO
C) O2
D) Cl2
E) H2
10.Алюминий фосфаты диссоциациялануы нәтижесінде түзілетін анион саны
A) 1
B) 3
C) 5
D) 2
E) 4
11. Аммиак молекуласының кеңістіктегі пішіні
A) сызықты
B) кеңістікті
C) призма
D) пирамида
E) тетраэдр
12.Электрохимиялық кернеу қатарындағы сутекке дейінгі орналасқан металдар қышқылмен әрекеттескенде сутекті ығыстырып шығармайды
A) НСL
B) HNO3
C) H2SO4
D) H3PO4
E) H2SO3
13. Судың уақытша кемектігін кетіру жолы
A) тұндыру
B) араластыру
C) сүзу
D) қатыру
E) қайнату
14. Шойында темірдің қаттылығы мен иілгіштігі
A) кемиді, артады
B) артады, артады
C) кемиді, кемиді
D) артады, кемиді
E) өзгерейді
15. Ақ фосфордың қасиеттері
A) жарқырамайды, от алғыш, улы емес
B) жарқырайды, от алғыш, улы
C) жарқырайды, от алғыш, улы емес
D) жарқырамайды, от алғыш, улы
E) ешқай жауап дұрыс емес
16. Төменде берілген ерітінділер лакмус қағазын көк түске бояйды
A) NaСL
B) NH4CL
C) (NH4)2S
D) Nа2SO4
E) K2CO3
17. Қайтымсыз толық гидролизденетін алюминий тұзы:
A) AL2S3
B) ALCl3
C) AL2(SO4)3
D) (CH3COO)3Al
E) AL(NO3)3
18. 42 г көміртектен шығымы 95 % болатын метанның массасы
A) 52 г
B) 53,2 г
C) 54 г
D) 56,3г
E) 57 г
19. Молекулалық массасы 70 болатын этилен қатарындағы көмірсутектің формуласы
A) бутен
B) пентен
C) гексен
D) гептен
E) октен
20. Мұнай айдауының қалдығы:
A) Бензин
B) Лигроин
C) Керосин
D) Мазут
E) Газойль
21. Моносахаридке жатады:
A) сахароза
B) фруктоза
C) целлюлоза
D) крахмал
E) белок
22. Кір сабынның құрамына кіреді:
A) олеин қышқылының магний тұзы
B) күкірт қышқылының натрий тұзы
C) старин қышқылының магний тұзы
D) олеин қышқылының натрий тұзы
E) стеарин қышқылының натрий тұзы
23. Бутадиенді нақты қолданады:
A) полимер алуға
B) синтетикалық көксағыз алуға
C) синтетикалық талшық алуға
D) пластмасса алуға
E) химиялық талшық алуға
24. Көміртектің массалық үлесі 85,7%, ал сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 21 болатын көмірсутектің атауы:
A) пропан
B) пропанол
C) пропин
D) пропен
E) бутан
25.Амин қышқылдары кіреді
A) көмірсулардың құрамына
B) спирттердің құрамына
C) талшықтардың құрамына
D) аққуыздың құрамына
E) полимерлердің құрамына
Химиядан 9-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
2-нұсқа
1. А+ВС=АС+Вжалпы сызбанұсқасындағы реакция типі
A) айырылу
B) қосылу
C) алмасу
D) орынбасу
E) бейтараптану
2.Ерітінділері мен балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар
A) бейэлектролиттер
B) өршіткілер
C) электролиттер
D) индикаторлар
E) спирттер
3. Кальций карбидінің формуласы
A) NaF
B) HF
C) Са2С
D) Na3P
E) PH3
4. Сутегі бойынша тығыздығы 1 болатын сутектің аллотропиялық түр өзгерісінің салыстырмалы молекулалық массасы
A) 6
B) 5
C) 4
D) 3
E) 2
5. Берілген: H2O, NaCl, MgO, LiOH, H2SO4. Күкірт (ІV) оксидімен әрекеттесетін заттар саны
A) 4
B) 2
C) 5
D) 1
E) 3
6. Тұздың құрамындағы нитрат ионды анықтау үшін қолданады
A) күкіртті қышқылы, мыс жаңқасы
B) күкірт қышқылы, мыс жаңқасы
C) күкірт қышқылы, темір жаңқасы
D) күкіртті қышқылы, темір жаңқасы
E) күірт қышқылы, мыс (ІІ) оксиді
7. Шынының құрамы
A) СаО, AL2O3, SiO2
B) СаО, AL2O3, 2 SiO2
C) Na2O, СаО, 2 SiO2
D) Na2O, СаО, 6 SiO2
E) Na2О, СаО, SiO2
8.ZnSO4 + NaOH → теңдеуі бойынша, қысқартылған иондық теңдеуіндегі иондар саны
A) 5
B) 6
C) 2
D) 4
E) 3
9.Әк суын жиі қолданады:
A) CO2 , уақытша кермектікті жоюға
B) CO, уақытша кермектікті жоюға
C) уақытша кермектікті жоюға
D) CO,тұрақты кермектікті жоюға
E) CO2 , тұрақты кермектікті жоюға
10.Алюминий сульфаты диссоциациялануы нәтижесінде түзілетін катион саны
A) 1
B) 3
C) 5
D) 2
E) 4
11. Су молекуласының кеңістіктегі пішіні
A) сызықты
B) бұрышты
C) призма
D) пирамида
E) тетраэдр
12.Металл нитраты айырылғанда азот диоксидін бөледі:
A) NaNO3
B) MgNO3
C) CaNO3
D) ZnNO3
E) AgNO3
13. Судың тұрақты кемектігін кетіру жолы
A) кальцинирленген соданы қосу
B) ас содасын қосу
C) әк суын қосу
D) тұндыру
E) қайнату
14. Сұр шойынның құрамы:
A) 2,4-3,8 % көміртегі, кремний, марганец
B) 2,2-3,5 % көміртегі, кремний, марганец
C) 2,4-3,8 % көміртегі, кремний, темір
D) 2,2-3,5 % көміртегі, кремний, темір
E) еш жауап дұрыс емес
15. Қара фосфордың қасиеттері
A) жарқырамайды, от алғыш, улы емес
B) жарқырайды, от алғыш, улы
C) жарқырайды, от алғыш, улы емес
D) жарқырамайды, от алғыш емес, улы емес
E) ешқай жауап дұрыс емес
16. Төменде берілген ерітінділер лакмус қағазын көк түске бояйды
A) NaСL
B) NH4CL
C) (NH4)2S
D) Na2CO3
E) Nа2SO4
17. Қайтымсыз толық гидролизденетін мырыш тұзы:
A) Zn(NO3)2
B) ZnCl3
C) Zn3(PO4)2
D) (CH3COO)2Zn
E) ZnS
18. Темір рудасындағы темір оксидінің (Fe3O4) массалық үлесі 75 %. 23,2 г рудадағы темірді толық тотықсыздандыру үшін қ.ж.да қажет сутектің көлемі,л:
A) 11,2 л
B) 6,72
C) 22,4
D) 44,8
E)1,12
19. Молекулалық массасы 84 болатын этилен қатарындағы көмірсутектің формуласы
A) бутен
B) пентен
C) гексен
D) гептен
E) октен
20. Мұнай айдауының алғашқы өнімі
A) Бензин
B) Лигроин
C) Керосин
D) Мазут
E) Газойль
21. Полисахаридке жатады:
A) сахароза
B) фруктоза
C) целлюлоза
D) глюкоза
E) белок
22. Ағзада май гидролизденгенде түзеді:
A) глицерин, олеин қышқылдары
B) глицерин, стеарин қышқылдары
C) глицерин, амин қышқылдары
D) күрделі эфир, стеарин қышқылдары
E) күрделі эфир, су
23. Этиленді нақты қолданады:
A) синтетикалық талшық алуға
B) синтетикалық көксағыз алуға
C) полимер алуға
D) пластмасса алуға
E) химиялық талшық алуға
A) көмірсулар құрылысының бұзылуы
B) полимерлер құрылысының бұзылуы
C) талшықтар құрылысының бұзылуы
D) резеңке құрылысының бұзылуы
E) аққуыз құрылысының бұзылуы
24. Көміртектің массалық үлесі 85,7%, ал сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 28 болатын көмірсутектің атауы:
A) Бутан
B) Бутин
C) Бутен
D) Бутанол
E) Пропан
25. Денатурация дегеніміз
A) көмірсулар құрылысының бұзылуы
B) полимерлер құрылысының бұзылуы
C) талшықтар құрылысының бұзылуы
D) резеңке құрылысының бұзылуы
E) аққуыз құрылысының бұзылуы
8-сынып
I-нұсқа (I-деңгей)
1-тапсырма
Мына қосылыстардағы элементтердің валенттігін анықтаңдар:
NН3, Р2О5, СrО3, Н2S, SО3
2-тапсырма
Берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар:
АgСl → Аg + Сl2
К + О2 → К2О
Fе + НСl → FеСl2 + Н2
3-тапсырма
Мыс және мыс (II) оксидтерінің құрамындағы мыстың массалық үлестерін %-бен есептеңдер.
4-тапсырма
Массасы 6г магний жанғанда қанша грамм магний оксиді түзілетінін есептеңдер.
II-нұсқа (II-деңгей)
1-тапсырма
Берілген қосылыстардың:
а)кальций мен хлор; ә) азот (V) пен оттек; б) алюминий мен оттек; в) натрий мен күкірт (II) формуласын құрыңдар.
2-тапсырма
Берілген химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типтерін анықтаңдар:
Nа + Н2О → NаОН + Н2
Nа + Сl2 → NаСl
Fе(ОН)3 → Fе2О3 + Н2О
3-тапсырма
Кальций сульфатының СаSО4 құрамындағы әр химиялық элементтің массалық үлесін (%) табыңдар.
4-тапсырма
Құрамында 16г күкірт болса, күкіртті газдың SО2 массасы қандай екенін табыңдар
5-тапсырма.
Әктастың құрамы 40% Са, 12% С, 48% оттектен тұрады. Осы заттың молекулалық формуласын табыңдар.
Үлгерімі төмен оқушылар үшін
1.Мынадай химиялық элементтердің таңбалары қалай жазылады?
а) оттек, сутек, көміртек
ә) темір, мыс, күкірт
б) натрий, фосфор, магний.
ә) эс-о-екі
б) феррум-екі-о-үш
3.Мына заттардың молекулалық массасын есепте:
а) Мr (NаСl) = ә) Мr (Н2О) =
.Келтірілген оқылулары бойынша заттардың формулаларын жазыңдар:
а) це-аш-төрт
ә) эс-о-екі
б) феррум-екі-о-үш
3.Мына заттардың молекулалық массасын есепте:
а) Мr (NаСl) = ә) Мr (Н2О) =
8-сынып
Тапсырмалар.
Н2SО4, МgСl2, Са(ОН)2, СuSО4, Fе2О3, NаОН, Аl(ОН)3, Н2СО3, МgО, Н2S, Fе(ОН)3, ZnСl2, СО2, Аl(NО3)3.
Күрделі заттардың ішінен оксид, негіз, қышқыл, тұзды теріп жазу керек.
«Үшіншісі артық».
ВаО, СаО, СО2.
НNО3, НСl, NаОН.
Са(ОН)2, Аl(ОН)3, Аl(NО3)3.
Берілгені: Шешуі:
ω(Са) = 40%
ω(С) = 12%
ω(О) = 48%
т/к: СахСуОZ-?
Бақылау жұмысы