Файл: Барлы оушылар істей алады Механикалы энергияны саталу заын тжырымдайды Кптеген оушылар істей алады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Энергияның сақталу және айналу заңы


Бөлімі:




Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Энергияның сақталу және айналу заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.3.7 энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар істей алады: Механикалық энергияның сақталу заңын тұжырымдайды

Көптеген оқушылар істей алады: Энергияның сақталу заңын қолданып есептер шығарады

Кейбір оқушылар істей алады: Энергияның сақталу және айналу заңын сапалы және сандық есептерді шығаруда қолданады

Бағалау критерийлері


  • механикалық энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия ұғымдарының физикалық мағынасын тұжырымдай алады;

  • энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңын тұжырымдайды;

  • энергияның түрленуін және энергияның сақталу заңын қолданады .

Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру. "Өткенге шолу"


Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.


Дескриптор:

Жауаптарын талқылау, қателіктері болған жағдайда дұрыс орындаған оқушыларға тақтаға шығып жауап беруге мүмкіндік беру 


Оқулық

бор


Сабақтың ортасы
25 минут


Жаңа тақырып

Оқушыларға үнсіз қысқа видео көрсетіп, көргендерін талқылау арқылы сабақ тақырыбына шығу

Сабақ мақсатын өзара ақылдасып айқындауға жетелеу.  




(бір-бірімен ақылдасып оқушылар ойланып, сабақ тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийін тұжырымдаған соң, мұғалім интербелсенді тақтада сабақ тақырыбының, мақсаттарының дұрыс  тұжырымдамаларын көрсетіледі).



Дескрипторлар:

  • Энергия түрін ажырата алады;

  • Сынақ денесін анықтай алады;

  • Денелердің бастапқы және сонғы орналасуын анықтай алады;

  • Есептеуге қажет формуланы жазады;

  • Формуланы түрлендіре алады;

  • Сауаттылық (терминология, сөз тіркестері дұрыс пайдалана алады);

  • Есептеулерді дұрыс орындайды.



1. 20 м/с жылдамдықпен дене вертикаль жоғары лақтырды. Дененің кинеткалық энергиясы лақтырылу нүктесінен қандай биіктікте потенциалдық энергияға тең болады?

2. Ойыншық тапаншаны атарда қатaңдығы 800 Н/м серіппені 5 см-ге қысады. Тапаншадан горизонталь бағытта ұшып шыққан 20 г оқтың жылдамдығы қандай?

3. Доп 10 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Доптыың жылдамдығы қандай биіктікте 2 есе кемиді?

I-деңгей

  1. Массасы 9 г винтовка ұңғысынан ұшып шыққан оқтың жылдамдығы 800 м\с болса, қанша кинетикалық энергияға ие болар еді? ( ожсб «Келешек 2030» 25 –нұсқа 10 -сұрақ)

  2. Қатаңдығы 10Н/м серіппе 2 см –ге созылды. Серіппенің потенциалдық энергиясын тап.(ожсб 001 нұсқа 2 -сұрақ)

  3. Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз. (g =10 м\с2)

  4. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең ?

II-деңгей

  1. Тас 10 м\с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған.Тастың кинетикалық энергиясы потенциялдық энергиясына тең болатын биіктікті тап (g =10 м\с2) (ожсб 004 –нұсқа 18 –сұрақ)

  2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен 7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай? (А.П.Рымкевич. «Рауан»-98 ж.№340)

 III-деңгей 

1 .Егер дененің кинетикалық энергиясы 100 Дж, ал импульсі 40 кг·м\с болса, оның массасы неге тең? (Талапкер -2011 .5 –сұрақ 35 -бет)

  1. Жерден 6 м көтерілген дененің биіктігі 4 метрге кемігенде, оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді? Талапкер -2011 .16 –сұрақ 36 -бет)

  1. Тест тапсырмалары

1.Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз

А) дененің қозғалыс энергиясы.

  1. B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.

  2. C) серпінді деформацияланған дененің энергиясы.

  3. D) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.

  4. E) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.

2.Садақтан тік жоғары атылған жебе 10с өткенде жерге түсті.Жебенің көтерілу уақыты

А) 10с         В) 5с             С) 3с           D) 4с                    Е) 2с

  1. Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?

А) а = F/m          B) F·t             C) p = mυ              D) F=ma            E) mυ2/2

4.Тұйықталған траектория бойымен ауырлық күшінің жұмысы

А) mgh          B) 0            C) –mgh          D) 2mgh               E) mgh/2

5.Денеге әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы

  1. A) A = mgh1 – h2

  2. B) A = – (mgh2 – mgh1)

  3. C) A = mgh2 – mgh1

  4. D) A = 0

  5. E) A = mgh2

  6. Қандай физикалық шамалар “ Дж” өлшем бірлігімен өлшенеді?

А) күш импульсі     В) күш моменті         С   ) дене импульсі    Д ) күш   E) энергия

  1. Тұрақты күштің әсерінен дененің импульсі 4 с ішінді 20 кг∙м/с – ке өзгереді. Бұл күш неге тең?

А) 5 Н           В) 1 Н          С) 3 Н           Д) 4 Н            E) 2Н

  1. Механикалық энергияның сақталу заңы

А)E =mgh           B) E= mυ2/2   C) Ek=Eт+Ep    D) Eт=Ek+Ep    E) Ep=Eт+Ek

9.Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы

  1. A) 12960 Дж B) 5000 Дж    C) 360 Дж     D) 500 Дж        E) 180 Дж

10.Жұмысшы горизонталь 600Н күш жұмсай отырып, жәшікті 3 м-ге жылжытқанда істейтін жұмысы

  1. A) 200Дж B) 50Дж     C) 0,005 Дж      D) 0      E) 1800Дж

Энергия_тиімді_үй'>(жауап кілті: 1С 2В 3С 4В 5В 6Е 7А 8Д 9Д 10Е)

ІҮ.  Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасын тексееру:

Энергия тиімді үй

Бұл модельдеу шатырдың әр түрлі түстерінің энергияны тұтынуға әсерін зерттеуге мүмкіндік береді. Шатырға түсетін біршама күн сәулесі көрінетін болады. Біршама күн сәулесі түсіп, үйді жылытатын болады.

Үлгісі жасалған үй сырттағы температураның диапазонына байланысты үйде қолайлы 23°C температураны ұстап тұру үшін, жылыту үшін де, салқындату үшін де энергияны тұтынады.

Бұл модельдеуде барлық басқару элементтерінің қалай жұмыс жасайтынын көру үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Шатырдың түсін басыңыз.

  2. Сырттағы температураны басыңыз.

  3. Энергия тұтынумен не болғанын көру үшін, "Орындау" пернесін басыңыз. Нәтижелер кестеге көрсетіледі. Ескерту: Энергияны тұтыну ватт-сағатпен өлшенеді. Ватт-сағат бір сағаттың ішінде берілетін бір ватт қуатқа тең.



Сұрақ 1:

Төменде келтірілген ақпараттың негізінде дерек жинау үшін модельдеуді іске қосыңыз. Сұраққа жауап беру үшін, сәйкестендіру әдісін пайдаланыңыз және кестедегі деректерді таңдаңыз.

Кейбір үйлер сырттағы температура 40°С және одан жоғары болатын, өте ыстық климаты бар аймақта салынады. Сізден бұл үйлер үшін шатырға қандай түсті пайдаланған дұрыс екенін шешуге көмектесуді сұрайды. Өте ыстық ауа- райында 23°С-ке дейін салқындайтын үй үшін энергия тұтынудың төмендеу тәртібінде шатырдың үш түсін қойыңыз.


Өз жауабыңызды растау үшін, кестедегі деректердің үш бағанына толтырыңыз.
Энергия тұтыну

Жоғары Төмен
Сұрақ 2

Сырттағы температура 10°C болғанда, ақ шатырлы үй мен қара шатырлы үйдің арасында энергия тұтынудың айырмашылығы неде?
10°C-та, ақ шатырлы үй, қара шатырлы үйге қарағанда Таңдаңыз энергияны пайдаланады.

Кестедегі деректердің үш жолын таңдаңыз.
Күн сәулесі шатырдың осы екі түрлі түсімен түйіскен кезде не болатынын сипаттай отырып, энергия тұтынудағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

Сұрақ3: Қуаттың аздығы қаражатты үнемдейді

Жарық диодты жарық шамдарын шығаратын нидерландтық өндірушінің кітапшасын оқып шығыңыз.




Сабақтың соңы.

5 мин


Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл




Дескриптор


Оқулық


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,

Мотивациясы жоғары оқушылар:

Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады.

Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.


Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: