ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 28.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бағдарламаның мазмұны
-
Оқушыларға диагностика өткізу – жалпы дарындылығын бағалау, жұмыс бағыттарына бөлу (ІІІ бөлім) -
Бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасау (IV бөлім) -
Қазақ тілі және әдебиеті сабағында дарынды оқушылармен жұмыс – қиындығы жоғары тапсырмалардың кең спектрі жасалған, балалармен жұмыс істеген таңдау жасауға мүмкіндік береді. (V бөлім) -
Оқушылардың шығармашылық жұмысы – ізденіс, зерттеу нәтижесінде жасалған жұмыстары. (VІ бөлім)
Жұмыстың негізгі принципі – «байыту» принципі
Программаның ресуртық қамтамасыз ету:
-
Оқу кабинеті; -
Кітапхана фонды – пән мәселелері бойынша әдебиеттердің бар болуы.
Тиімділігінің белгілері:
-
Пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі. -
Пән бойынша үлгірмейтін оқушылардың жоқ болуы.
ІІІ бөлім
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ТІЗІМІ
2020-2021 оқу жылы
№ | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Ерекше қабілеті | Сайыстарға қатысуы |
1 | | | Ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
2 | | | Өлең шығару қабілеті бар. Ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
3 | | | Өлең шығару қабілеті бар. Сөздік қоры бай,ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
4 | | | Сөздік қоры бай,ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
5 | | | Сөздік қоры бай,ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
6 | | | Ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
7 | | | Көркемсөз оқу шебері | |
8 | | | Көркемсөз оқу шебері. Сөздік қоры бай,ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
9 | | | Өлең шығару қабілеті бар. Сөздік қоры бай,ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
10 | | | Көркемсөз оқу шебері Сөздік қоры бай,ауызша ,жазбаша сөйлеу қабілеті жақсы | |
ІV бөлім
Бағыттары бойынша жұмыс жоспары
2017-2018 оқу жылы
Ай | Апта | Бағыт | ||||
Олимпиада | ОҒҚ | Сайыстар | ||||
Қыркүйек | 1-2 | Дарынды оқушыларды байқап, бейіні мен шығармашылық қабілеттеріне сай іріктеу | ||||
3-4 | Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын анықтау | Оқушылардың ғылымға деген қабілетін анықтау ОҒҚ-ға мүшелікке ендіру, жеке жоспарын бекіту, алдында тұрған жаңа міндеттерді белгілеу. Ғылыми жұмыстарының тақырыптарын таңдау | Белгілі бір тақырыпта мәтін жазуға дағдыландыру. Дүниетанымдық көзқарастарын дамытуға көмектесу | |||
Қазан | 1-2 | Олимпиадаға қойылатын талаптармен таныстыру | Ғылыми жобаға қойылатын талаптармен таныстыру | Белгілі бір тақырыпта өз ойын жазуға дағдыландыру | ||
3-4 | Мектепшілік олимпиадаларға қатыстыру | Ғылыми жоба туралы жалпы мәлімет. Ғылыми жоба түрлері | Эссе жазуға дағдыландыру | |||
Қараша | 1-2 | Кітапханаға барып қосымша мәліметтер жинау | Жоба мәтіннің құрылымы. Ғылыми жұмыс жазуға оқушыға қажетті зерттеу дағдыларын қалыптастыру | Эссе жаздыру | ||
3-4 | Тапсырмаларды жазбаша түрде орындау | Қоғамға пайдалы, келешекке керек тиімді жұмысты таңдауына ой салу. | Өзге оқушылар шығармашылығымен танысу | |||
Желтоқсан | 1-2 | Әртүрлі олимпиадаларға қатысу | Оқушыны ғылыми ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету | Түрлі оқуларға қатысу | ||
3-4 | Тапсырмаларды жазбаша түрде орындау | Тақырыбына сай ғылыми жұмыстың жоспарын құру | Мәнерлеп оқуға машықтану | |||
Қаңтар | 1-2 | Кітапханаға барып қосымша мәліметтер жинау | Әдебиеттермен жұмыс | Білім сайыстарына қатысу | ||
3-4 | Тесттер | Деректерді жинау, тәжірибе жоспарын құрастыру | Мақала жазуға машықтану | |||
Ақпан | 1-2 | Хрестоматиялармен жұмыс | Тәжірибе жасау, зерттеу ұйымдастыру | Түрлі мақалаларды талдау | ||
3-4 | Тапсырмаларды жазбаша түрде орындау | Зерттеу жасау | Ақындар шығармашылығын оқу, жаттау | |||
Наурыз | 1-2 | Тесттер | Зерттеу жасау | Кештер өткізу ,қатысу | ||
3-4 | Қосымша әдебиеттермен жұмыс | Зерттеу нәтижелерін анықтау | Үнқағаз беттеріне мақала т.б. жіберу | |||
Сәуір | 1-2 | Тесттер | Рефераттар жазу | Логикалық тапсырмалар орындау | ||
3-4 | Тесттер | Рефераттарды қорғау | Логикалық тапсырмалар орындау | |||
Мамыр | 1-4 | Тесттер | Ғылыми жұмысын жазу | Өз жұмыстарының қорытындысын көрсету |
V бөлім
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
2017-2018 оқу жылы
№ | Оқушының аты-жөні | Сынып | Тақырып | Нәтиже |
1 | | | | |
2 | | | | |
3 | | | | |
4 | | | | |
5 | | | | |
6 | | | | |
7 | | | | |
8 | | | | |
9 | | | | |
10 | | | | |
11 | | | | |
12 | | | | |
13 | | | | |
14 | | | | |
15 | | | | |
16 | | | | |
17 | | | | |
18 | | | | |
VІ бөлім
Дарындылық туралы ой-пікірлер
«Баланы оқытудың мақсаты - оны әрі қарай
мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету»
Эдгард Хабард
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу- ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.»
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата - аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.