Файл: ркендей бер, азастан! атты мерекелік ісшараны сценарийі Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Өркендей бер, Қазақстан!» атты мерекелік

іс-шараның сценарийі


Мақсаты:
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

жүргізуші:

Қазақстан – менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Елім менің атыңды атап ер жеттім,
Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.
Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,
Тек өзіңе тең биікпен сөйлеттің

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен қонақтар және оқушылар!

25 қазан Республика күніне орай өткелі отырған «Өркендей бер, Қазақстан!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Назар аудар

ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін
(Гимн орындалады)

Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды. 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды. Ендеше ұлттық мереке күнімен құттықтау үшін сөз мектеп директоры Мусин Жаңабай Ақмырзаұлына беріледі.

Республика күніне орай мектеп өміріне етене араласып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан бірқатар мектеп қызметкерлері марапатталады.
Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.
Ән: «Қазағым» орындайтын 4б сынып оқушысы Жалғас Аяна
Хабарланбайды ҚАЗАҚ БИІ КЕТЕДІ
Алдарыңызда өнер көрсеткен «Көркем» би тобы

Аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, қоғамдық сайыстарға белсене араласып мектеп абыройын асқақтатып жүрген оқушыларды марапаттау үшін ортаға Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері бастауыш сынып мұғалімі _Рахметолла Әлия Рахметоллақызын шақырамыз
(Оқушыларды марапаттау)
жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан – қиял жетпес биік тау,
Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң.
Келесі кезекте тыңдайтындарыңыз Ербол Бекболатовтың әні «Гүл Астана» Орындайтын: Қуандық Жанерке
Жүргізуші:
Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Қазақстан – Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Сахна төріне ағайынды Баймұханбетовтерді шақырамыз Тыңдайтындарыңыз «Мен қазақтың ұлымын»



Ортаға мектебіміздің әншісі Маденова Арайды Сүгірдің термесімен шақырамыз.
Жүргізуші:

Кең жайлауы, асау өзені, асқар тауы, мәуелі бағы, көркем белі, лебі жұпар, ерке желі, жанға сая панамыз- көркем жеріміз, тәуелсіз Қазақстан еліміздің бүгінгі мерейлі мерекесі құтты болсын.
Мектеп жастарынан құралған ХОР: акапелла Қазақстан Бақытты
Назар аудар

ҚР Мемлекеттік Туы шығарылсын

Жүргізуші

Қазақстан – туған Отан алтын бақ,

Қазақстан – мейірлі ана, дос қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан,

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария,

Жайнай берсін, жайнай бер сен мәңгілік!

Еліміздің бүгінгі ұлттық мерекесі құтты болсын!

Мереке мерекеге ұлассын!

Қош сау болыңыздар!