Файл: Таырыбы Азот ышылы. 9 сынып.ppt

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тақырыбы: Азот қышқылы.
9 сынып





9.1.4.7 -азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;
9.2.1.18-азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру
9.2.1.19-азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу
Азот қышқылына тән қасиеттерді ажыратады;
Азот қышқылының химиялық қасиеттерін өрнектеп жазады


Оқу мақсаты


Бағалау критерийлері





Сенің білетінің


-
- Азот қышқылы -азоттың маңызды қосылыстарының бірі;
Азот қышқылы-күшті қышқыл,күшті электролит;
Сенің меңгеретінің:
Азоттан – азот қышқылын алу реакция теңдеуін құрастыру;
- Азот қышқылының химиялық қасиеттерін білу.





Азот қышқылының молекулалық формуласы


Азот қышқылы – азоттың маңызды қосылыстарының бірі, азот +5 тотығу дәрежесін көрсетеді. Азот қышқылында атомдардың арасындағы байланыс-ковалентті полюсті.


5





Азот қышқылының физикалық қасиеті


Азот қышқылы - тұншықтырғыш иісті, түссіз сұйықтық. Ылғалды өте жақсы сіңіреді, буы ауадағы су тамшыларымен қосылып тұман түзетіндіктен, ауада түтінденеді. Сумен кез келген қатынаста араласады. -41,6 ℃-та кристалдық күйге көшеді, -82,6 ℃ -та қайнайды.





Азот қышқылының алынуы


Зертханада азот қышқылын калий немесе натрий нитратына концентрлі күкірт қышқылымен әсер етіп алады:
NaNO3+H2SO4(конц) = NaHSO4+HNO3
Өндірісте азот қышқылын амиакты ауадағы оттекпен өршіткі қатысында тотықтырып алады.
1.Амиак пен ауа қоспасын 800℃-та платина өршіткісі арқылы тотықтырып алады.
4NH3+5O2=4NO+6H2O
2.Салқындатқанда NО әрі қарай NO2-ге дейін тотығады.
2NO+O2=2NO2
3.Түзілген азот (Ⅳ) оксиді артық мөлшерде суда еріп, HNO3 түзіледі.
4NO2+2H2O+O2 =4HNO3


https://bilimlad.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/azot-qyshqyly-nitrattar?mid=f5f35d90-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe





Азот қышқылының химиялық қасиеті



Азот қышқылының судағы ерітіндісі күшті электрлит. Индикаторлардың түсін өзгертеді:
HNO3 = H++NO3-
Лакмус-қызыл, метилоранж-күлгін, фенолфталеин- түссіз болады.
2. Азот қышқылы концентрлі және сұйылтылған болып бөлінеді.
Сұйылтылған азот қышқылымен металдар әрекеттескен кезде сутек бөлініп шықпайды. Бұл азот қышқылының басқа қышқылдардан ерекшелігі. 3Cu+8HNO3=3Cu(NO3)2+4H2O+2NO↑
Концентрлі азот қышқылымен Fe, Cr, Al металдары әрекеттеспейді.





Азот қышқылының химиялық қасиеті


3.Негіздік және екідайлы оксидтермен әрекеттеседі:
2HNO3+CaO = Ca(NO3)2+H2O
4.Негіздермен әрекеттеседі:
Al(OH)3 +3HNO3=Al(NO)3+3H2O
5.Әлсіз және ұшқыш қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі:
Na2CO3+2HNO3 =2NaNO3+H2O+CO2↑


https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/azot-qyshqyly-nitrattar?mid=f5f35d90-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe





Азот қышқылының қолданылуы


https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/azot-qyshqyly-nitrattar?mid=f5f35d9e-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe





Бекіту тапсырмасы


1-тапсырма
Дұрыс реакция теңдеулерін таңда.
Дұрыс жауап саны: 4
Al + 6HNO3 (конц) = 2Al(NO3)3 + 3H2 (г)
CuO + 2HNO3 = Cu(NO3)2 + H2O
Zn + 2HNO3 (сұйылт) = Zn(NO3)2 + H2 (г)
Ni + 4HNO3 (конц) = Ni(NO3)2 + 2H2O + 2NO2 (г)
Na2SO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + SO2 (г) + H2O
Au + 4HNO3 (конц) = Au(NO3)2 + 2H2O + 2NO2 (г)
4HNO3 = 4NO2 (г) + O2 (г) + 2H2O





Дұрыс жауабы


CuO + 2HNO3 = Cu(NO3)2 + H2O
Na2SO3 + 2HNO3 = 2NaNO3 + SO2 (г) + H2O
4HNO3 = 4NO2 (г) + O2 (г) + 2H2O
Ni + 4HNO3 (конц) = Ni(NO3)2 + 2H2O + 2NO2 (г)





Бекіту тапсырмасы


2-тапсырма
Азот қышқылына тән қасиетті тап.
Дұрыс жауап саны: 3
Суда жақсы ериді
Бірнегізді оттекті қышқыл
Азотты қышқылдан алынады
Зертханада күкірт қышқылының көмегімен алынады
Суда аз ериді
Агрегаттық күйі – сұйық
Азот қышқылындағы азоттың тотығу дәрежесі +4





Дұрыс жауабы


Суда жақсы ериді
Бірнегізді оттекті қышқыл
Аграгаттық күйі-сұйық





Оқу тапсырмасы


Азот қышқылының:
А) алюминий гидроксидімен
Ә) кальций оксидімен
Б) кальций карбонатымен
В) аммиакпен әрекеттесу теңдеулерін жазыңыз