Файл: Информатика пнінен 5сыныпа информатика пнінен олылы тапсырмасына арналан тест жмысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Информатика пәнінен 5-сыныпқа информатика пәнінен олқылық тапсырмасына арналған тест жұмысы
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударылғанда қандай мағына береді?
А) түсіндіру, баяндау, мәлімет
В) көрсету, айту, әңгімелеу
С) баяндау, айту, мәлімет

2. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым-
А) математика
В) физика
С) информатика

3. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал-…
А) компьютер
В) монитор
С) модем

4. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) бит
В) байт
С) 1

5. Бір байт нешеге тең?
А) 10 бит
В) 8 бит
С) 16 бит

6. Пернетақта- қандай құрылғылар қатырына жатады?
А) енгізу құрылғыларына
В) шығару құрылғыларына
С) сақтау құрылғыларына

5.Компьютердің енгізу құрылғыларына жатады…
А) Принтер, сканер, плоттер
В) Сканер, пернетақта, микрофон
С) Модем, монитор, процессор

6. Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?
А) Жады құрылғысын
В) Процессорды
С) Программалық жабдықтаманы

7. Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа-..
А) Операциялық жүйе
В) Программалық жабдықтама
С) Аппараттық жабдықтама

8. ОЖ жүктелуі деген не?
А) Компьютер жұмысының басталуы
В) Сыртқы тасығыштан ақпарат оқу
С) ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы

9. Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер?
А) Саймандар тақтасы

В) Есептер тақтасы
С) Бастау батырмасы

10. Бас мәзірді шақыру үшін… керек.
А) Менің компьютерімді ашу
В) Бастау батырмасын басу
С) Есептер тақтасын ашу

11. Windows-те қандай терезелер жоқ?
А) бума терезелері
В) қосымшалар терезесі
С) сұхбаттық терезелер

12. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) бума
В) құжат
С) файл

13. Жарлық – ол:
А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
В) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума
С) Мәтіні бар файл

14. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100
В) 200
С) 255

15. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет:
А) Көшіру
В) Атын өзгерту
С) Жою

16. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Құру
С) Сақтау

17. “Paint” сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) сурет, сурет салу
В) музыка, ән салу
С) оқу, кітап

18. Палитраның неше түсі бар?
А) 256
В) 2
С) 30

19. Жай-күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер
В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) файлдың көлемі

20. «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) тышқан тетігі
В) түрлену, алмасу
С) компьютер

Тест жауаптары:

5-с 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
1-н а с а а  в с а с а  в   в   с   а   с   в   а   а   с   в   в

Информатика пәнінен 6-сыныпқа информатика пәнінен олқылық тапсырмасына арналған тест жұмысы
1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін термин -…
А) процесс
В) ақпарат
С) жаңалықама

2. Адам ақпаратпен не істейді?
А) ақпаратты сақтайды, жеткізеді, өңдейді
В) ақпаратты талдайды, бақылайды, есептейді
С) ақпаратты өңдейді, хабарлайды, айтады

3. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу процесі не деп аталады?
А) кодтау
В) есептеу
С) декодталу

4. Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс қалай аталады?
А) файл
В) код
С) сигнал

5. 1 Кбайт нешеге тең?
А) 1024 байт
В) 1020 Кбайт
С) 1025 Кбайт

6. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
А) автоматика
В) математика
С) информатика

7. Файл сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) қоржын
В) қапшық
С) жарлық

8. Вирусқа қарсы программалар-
А) программалық жабдықтамал программалары
В) қолданбалы программалар
С) антивирустық программалар

9. Бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған компьютер-…
А) Нетбук
В) Дербес компьютер
С) Қалта компьютерлері

10. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:
А) монитор, жүйелік блок, пернетақта
В) сканер, пернетақта, принтер
С) жүйелік блок, жедел жад, джойстик

11. Баспа құрылғысы-…
А) плоттер
В) сканер
С) принтер

12. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы-
А) процессор
В) монитор
С) пернетақта

13. Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы:
А) калькулятор
В) есепшот
С) логарифм сызғышы

14. Компьютердің атасы-
А) Чарлз Бэббидж
В) Блез Паскаль
С) Исаак Ньютон

15. ЭЕМ-нің неше буыны бар?
А) 3
В) 4
С) 5

16. Объект-
А) түсінік
В) ұғым
С) мағына

17. Белгішелердің бір түрі-бұл …
А) элементтер
В) тапсырмалар
С) таңбашалар

18. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ-
А) терезе
В) тақта
С) белгіше

19. Терезе неше түрге бөлінеді?
А) 3
В) 4
С) 5

20. Электрондық пошта-..
А) Компьютер желілерініңкөмегі арқылы хабар алмасу жүйесі
В) Әр түрлі ресурстарды(программаларды, құжаттарды, құрылғыларды) бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы
С) дүние жүзі бойынша таратылған желілер


Тест жауаптары:

6-с 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
1-н а а с с а  с в с  в  а  с   с   в    а   с   в  с   а    в  в