Файл: Жасушалы цикл блімі61. Митоз, мейоз. Митозды РТрлі кезедерінде жретін процестер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«ЖАСУШАЛЫҚ ЦИКЛ» бөлімі§61.МИТОЗ, МЕЙОЗ. МИТОЗДЫҢ ӘРТҮРЛІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ЖҮРЕТІН ПРОЦЕСТЕР

  • Жасуша үш жолмен бөлінеді:

1)МИТОЗ-дене(соматикалық) жасушаларының бөлінуі;

2)АМИТОЗ-қарапайымдылардың тікелей бөлінуі;

3)МЕЙОЗ-жыныс жасушаларының бөлінуі

  • Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңі жүреді: ИНТЕРФАЗА кезеңінде

  • Митоз барысында бірінен-соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер: Митоздық цикл

  • Біржасушалы эукариоттар үшін негізгі көбею әдісі:Митоз жолы

  • Митоз жолымен көбейетін ағзалар: Біржасушалы балдырлар, қарапайым жануарлар

  • МИТОЗДЫҢ 4 фазасы бар: Профаза, метафаза, анафаза, телофаза

  • Ядро көлемі ұлғайып, хромосомалар ширатыла бастайты, ядрошық жойылады, бөліну ұршығы түзіледі:ПРОФАЗА кезеңінде

  • Ядро қабығы бұзылады да, цитоплазма мен кариоплазманың сұйық заттары қосылады: ПРОФАЗА кезеңінде

  • Екі хромотидадан тұратын барлық хромосомалар метафаза пластинкасын түзіп, жасушаның экваторлық жазықтығына орналасуымен сипатталады: ПРОФАЗА кезеңінде

  • Хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді, бөліну ұршығының түзілуі аяқталады, хромосомалардың центромера бөліктері белгілі тәртіппен орналасады: МЕТАФАЗА кезінде

  • АХРОМАТИН жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады: АНАФАЗА кезінде

  • Жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады, хромосома ның шиыршығы жазылып, біртіндеп жіңішкеріп ұзарады: АНАФАЗА кезінде

  • МИТОЗДЫҢ соңғы фазасы: ТЕЛОФАЗА

  • Хромосомалардың қозғалуы аяқталады, ядрошықтар пайда болады, жасушаның қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады: ТЕЛОФАЗА кезінде

  • Адамдағы 23 жұп хромосома: 22-жұп АУТОСОМИЯЛЫҚ хромосомалар, 1-жұбы-ЖЫНЫСТЫҚ хромосомалар

  • Хромосомалар санында ауытқу болады(артады немесе кемиді): МИТОЗ процесі бұзылса

  • ИНТЕРФАЗА кезеңдері: 1)Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі;

2)ДНҚ-ның синтезделу кезеңі;

3)ДНҚ синтезінің аяқталу және МИТОЗДЫҢ басталу кезеңі


  • G1 фазасы аяқталған соң жүреді: ДНҚ синтезі

  • Нәтижесінде хромосома саны азаятын және жасушаның диплоидті күйден гаплоидті күйге өтетін бөліну әдісі: МЕЙОЗ

  • ГАМЕТАЛАР түзіледі: Мейоз арқылы

  • Мейоздың көбінесе гаметалардың түзілу әдісі, оны атайды: РЕДУКЦИЯЛЫҚ БӨЛІНУ

  • ДНҚ репликациясы жүрмейді: 1мейоз және 2мейоз

  • Мейоздың алдындағы ИНТЕРФАЗАДА репликация процесі жүріп,түзіледу:92 хроматида

  • Мейозда фаза саны:8

  • Мейозды 1 профазасы:Коньюгацияланады

  • ГОМОЛОГТЫ хромосомалардың жақындау және өрілу үдерісі: КОНЬЮГАЦИЯ

  • Бүкіл МЕЙОЗ бөлінеді: 1мейоз және 2мейоз

  • 1мейоздың ерекшелігі: ГАПЛОИДТІ жасушалардың түзілуі

  • 2 бөліну фазасы болады:МЕЙОЗДА

  • РЕДУКЦИЯЛЫҚ бөліну деп атайды:1 Мейозды

  • ЭКВАЦИОНДЫ бөліну деп атайды:2 Мейозды

  • Конъюгация,кроссинговер үдерістері жүреді:Мейоздың 1ПРОФАЗАСЫНДА

§62.ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДАҒЫ ГАМЕТОГЕНЕЗ.ГАМЕТАЛАР.ГАМЕТОГЕНЕЗ КЕЗЕҢДЕРІ

  • Аталық жыныс жасушасы: Сперматозоид

  • Аналық жыныс жасушасы: Овоцит

  • Жыныс жасушаларының түзілу процесі: ГАМЕТОГЕНЕЗ

  • Жыныс жасушаларының барлығын атайды: ГАМЕТА

  • ЖЫНЫС бездерінің түзілу шарттары 4 кезеңге бөлінеді:КӨБЕЮ,ӨСУ,ПІСІП-ЖЕТІЛУ,ҚАЛЫПТАСУ

  • Жас жыныс жасушалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбнйіп,сперматогониялар түзіледі:КӨБЕЮ кезеңінде

  • Митоз және мейоз аралығындағы интерфаза кезеңі:ӨСУ кезеңі

  • Матрицалық жолмен екі еселенеді,диплоидті жасушаның құрамында 2хроматидтен тұратын хромосома болады,сперматогониялар біріншілік сперматоциттерге айналады:ӨСУ кезеңінде

  • Мейоз процесі жүреді,соның нәтижесінде диплоидті аталық жасушадан 4 гаплоидті жыныс жасушасы қалыптасады:ПІСІП-ЖЕТІЛУ кезеңінде

  • Хромосомалар саны екі есе азаяды:Пісіп-жетілу кезеңінде

  • Әрбір сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі:ҚАЛЫПТАСУ кезеңінде

  • ОВОГЕНЕЗ процесінде овоциттердің дамуы үш кезеңнен тұрады:КӨБЕЮ,ӨСУ,ПІСІП-ЖЕТІЛУ

  • Овогониялар түзіледі:КӨБЕЮ кезеңінде

  • Біріншілік овоциттео түзіледі:ӨСУ кезеңінде

  • Екіншілік овоциттер мен пісіп-жетілген овоциттер түзіледі:ПІСІП-ЖЕТІЛУ кезеңінде

  • Ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан аналық организм дамуы:ПАРТЕНОГЕНЕЗ

  • СПЕРМАТОЗОИД қатыспайтын көбеюдің түрі:Партеногенез

  • Партеногенез жолымен көбейктін көбейеді:Бақбақ,қызылша және темекінің кейбір түрлері

  • Партеногенез жолымен көбейетін жануарлар:БІТЕ мен ДАФНИЯ

  • ПАРТЕНОГЕНЕЗ басқаша жүретін,ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан тек аталықтар(трутеньдер),ал ұрықтанғандарынан аналықтар дамиды:БАЛАРАДА

  • Жасанды партеногенездік жолмен көбейетін жібек құртын алған: Б.Л.Астауров


§63.ӨСІМДІКТЕРДЕГІ СПОРОГЕНЕЗ ЖӘНЕ ГАМЕТОГЕНЕЗ

  • Өсімдіктерде жыныс жасушаларының даму процесі екі кезеңге бөлінеді:

1)СПОРОГЕНЕЗ-гаплоидті жасушалардың түзілуі,яғни спора түзілуімен аяқталады;

2)ГАМЕТОГЕНЕЗ-жетілген гаметалар түзіледі;

  • Аналық жыныс жасушалары дамиды: Түйінде

  • Түйінде пайда болатын жасушалар: Археоспоралар

  • Екі рет мейоздық бөліну нәтижесінде түзіледі: Гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша

  • Олар төрт-төрттен топсатындықтан атайды: Тетраэдр

  • Пісіп-жетілу кезінде тетрадалар жекн жасушаларға бөлініп: Олардың үшеуі жойылып,қалған біреуі МИТОЗДЫҚ бөлінуден өтеді

  • Митоздық жолмег үш рет бөліну нәтижесінде түзіледі: Бірдей сегіз ядро немесе жасуша, соларды біреуі ғана ЖҰМЫРТҚА ЖАСУШАСЫНА айналады, бесеуі ҰРЫҚ ҚАБЫҒЫН түзеді

  • Қалған гаплоидті жиынтығы бар екеуі қосылып айналады: Диплоидті жасушаға

  • Мейоз жолымен екі рет бөлінген жасушадан гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша пайда болып,біреуі бірінші митоздық бөлінуден өтеді, нәтижесінде пайда болатын екі жас жасушалар: ВЕГЕТАТИВТІ және ГЕНЕРАТИВТІ

  • Генеративті жасуша бөлініп,нәтижесінде пайда болады: Аталық СПЕРМИЙ екі жыныс жасушасы

  • Гаплоидті хромосома жиынтығы бар бір спорадан митоз жолымен екі рет бөліну нәтижесінде түзіледі: Үш жасуша түзіледі

  • Эндоспермнің құрамында болатын органикалық заттар: Нәруыздар,майлар,көмірсулар

  • Бір мезгілде екі спермидің екі жағынан ұрықтандыруын атайды: Гүлді өсімдіктердің ҚОСАРЛАНА ҰРЫҚТАНУЫ

  • Жабықтұқымды өсімдіктерде қосарлана ұрықтану процесін ашқан: С.Г.Навашин

  • Эндоспермнің триплоидті жиынтығы болатынын ашқан,С.Г.Навашиннің баласы: М.С.Навашин

§64.ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢА ТҮЗІЛУЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

  • Қатерлі ісік ауруының пайда болу процесі: КАНЦЕРОГЕНЕЗ

  • XX ғасырдағы адамдардың ең қауіпті ауруларының бірі: Қатерлі ісік ауруы

  • Қатерлі ісік ауруының жасушаларының кәдімгі дене жасушаларынан екі ерекшелігі бар:

1)Организмге механикалық зиян келтіріп, өсіп көбейе береді, ақырында оның өлуіне алып келеді

2)Обыр жасушалары жойылып МЕТАСТАЗ береді,яғни оның кейбір жасушалары лимфа немесе қантамырлар арқылы басқа мүшелерге,ұлраларға,сол жерлерде жаңа ісіктер пайда болады;


  • Қатерлі ісік ауруының пайда болуының негізгі себептері: СОМАЛЫҚ МУТАЦИЯЛАР және ВИРУСТАРДЫҢ ӘСЕРІ

  • Сомалық мутациялар түзілетін мутагендік факторлар: Радиация сәулелері, ультракүлгін сәулелер, химиялық заттардың әсерінен

  • Сомалық мутациялар негізінде мутантты жасушада хромосома тұрақтылығы бұзылады,ол әртүрлі мутацияларға алып келеді,олар: ДЕЛЕЦИЯ,ТРАНСЛОКАЦИЯ,ДУПЛИКАЦИЯ

  • Жас балаларда кездесетін қатерлі ісік ауруы: Фанкони анемиясы

  • Фанкони анемиясының белгілері: Қаңқа,саусақ сүйектері,кәрі жілік құрылысы бұзылады,сүйектерде КЕМІК жасушалары түзілмейді

  • Тұқымқуалайтын қатерлі ісік ауруының бірі: Ретинобластома

  • Балалардың көздерінде болатын ауру: Ретинобластома

  • Дер кезінде емделмесе,ісік миға барып,балалардың өліп қалуына алып келеді: Ретинобластома

  • РЕТИНОБЛАСТОМАНЫҢ екі түрі бар: ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН және ТҰҚЫМ ҚУАЛАМАЙТЫН

  • Ретинобластоманың тұқым қуалайтын түрі беріледі: АУТОСОМДЫ-ДОМИНАНТТЫ жолмен

  • Ретинобластоманың тұқым қуалайтын түрінің пайда болуы екі сатыдан тұрады:

1)Мутация алғаш жыныс жасушаларында пайда болады;

2)Сомалық мутация пайда болған жасушалардың біреуі өсіп,көбейіп ретибластомаға айналады

  • РЕТИНОБЛАСТОМАНЫҢ гені орналасқан: 13-хромосоманың ұзын иінінде

  • Қатерлі ісік ауруын туғыза алады: Вирустар

  • Кемірушілерді маймыл вирусы мен зақымдап,оларда қатерлі ісік ауруының пайда болғанын анықтаған: Р.Делебекко

  • Вирустар әсерінен болатын қатерлі ісік ауруы: Лейкоз

  • Көптеген қатерлі ісік пайда етуші вирустарда болады: РНҚ

  • ТРАНСКРИПТАЗА ферментін ашқан: Г.Темин және Д.Балтимор

  • РНҚ-лы вирустар: Ретровирустар

  • Вирус РНҚ-сында жасушаны «қоздырып» жіберетін гендер де кездеседі,оларды атайды: Онкогендео-v-onc, жалпы саны-20-ға жуық

  • Адамның қалыпты эукариотты жасушаларында да кездеседі: ОНКОГЕНДЕР v-onc

  • Адам онтогенезінің алғашқы кезеңдерінде маңызды рөл атқаратын гендер: Протоонкогендер-с-оns

§65.ОБЫРАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРЫҢ ТУЫЫНДАУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

  • Ісіктер екіге бөлінеді: Қатерлі және қатерсіз

  • Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы: Біріншісі еш уақытта көрші сау ұлпалврғв,мүшелерге тарамайды,яғни зақымдамайды;

  • Екіншісі міндетті түрде көшеді,өмірге қауіп туғызады;

  • Кейбір қатерсіз ісіктер мүлдем қатерлі ісікке ауыспайды,мысалы:Миома,липома

  • Қатерсіз ісіктерді бөледі;Нақты және нақты емес

  • Нақты обыралды ісікке көшу қабелеті: Өте жоғары

  • Нақьы емемтерде көшу қабілеті:төмен немесе мүлдем болмайды

  • ОБЫР тудырғыш заттар: Вирустар,онкогендер,сәуле шоқтары, гормондар, канцерогендер

  • Химиялық обыр тудырғыш заттар: Канцерогендер

  • Кіші көлеміне байланыссыз лимфа тамырлары арқылы ісік алыста орналасқан мүшелерді зақымдап,екінші бір обыр ұяларын-бөгелме ісік ошақтарын тудырады,мұны атайды: МЕТАСТАЗ

  • Темекінің құрамындағы обырды қоздырғыш заттар:Хош иісті көмірсутек, радиоактивті заттар, никотин, синил қышқылы, мышъяк тотығы, никель, хром, кадмий

  • Егер бұлар ұзақ уақыт ұлпаға әсерін тигізіп отырса,мысалы: Ерінге,көмейге жоғары тыныс алу жолдарына,өкпеге,өңешке, кеңірдекке обыр қоздырғыш әсері темекі түтінімен қосарланып,зиянды әсер етеді

  • Радиоактивті-иондық сәулеленуге ұшыраған адамдардың генетикалық аппаратында байқалады: ГЕНДІК МУТАЦИЯ

  • Ластанған қоршағвн ортада адамда тікелей өкпеден қабыну ауруларын туғызып, кеңірдектің немесе өкпенің шырыштя қабаттарындағы жасушаларды өзгертуі: МЕТАПЛАЗИЯ

  • Ішектердегі микробтардың сандық,,сапалық өзгеруіне,өттің жүруіне,тұрып қалуына әсерін тигізеді:Артық мөлшерде шығарылған ӨТ ҚЫШҚЫЛЫ

  • Май қышқылынан пайда болады: Канцерогегдік зат

  • Консервіленген тағамдарда,келтірілген және ылталған балықтарда: Нитрат тұздары бар

  • Көмірсутектер кулинарлық іс-әрекнтке байланысты асқазандағы тұз қышқылымен қосылып түзеді: Нитрозоқоспаларын

  • Арахис және бидай секілді дақылдар көгеріп өзгерсе: Афлотаксин сияқты Канцерогендік қасиеттері бар зиянды заттар пайда болады

  • Беркит лимфомасын және мұрын қуысымен көмейдегі обырды қоздырады: Эпштейн-Барр вирусы

  • Бауыр обырының пайда болуына себепші болады: В, С гепатит вирустары

  • Лимфа жасушаларындағы Т жасушалары вирус обырдың көптеген түрлерін қоздырады: Жатыр мойнының,тікішектің,терінің, қуықасты бездің, көмейдің, еркек жыныс мүшелерінің және папилломаларды қоздырады.Мұны Папиллома вирусы деп атайды


§66.ОРГАНИЗМНІҢ ҚАРТАЮ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ.ҚАРТАЮ ПРОЦЕСІ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР

  • Қартаю проблемаларын зерттейтін ғылым: Геронтология

  • Геронтология терминін алғаш ұсынған: И.И.Мечников

  • «Гериатрия» терминін алғаш рет енгізген дәрігер: И.Л.Нашер

  • 1914 ж Америкада гериатрия:«Егде адамдардың аурулары және оны емдеу» атты тұңғыш кітабы шықты

  • Қартаю кезінде: Су мөлшерінің азаюынан тері жұқарыр,әжім пайда болады,шаш ағарып сирейді,көздің көруі мен құлақтың естуі нашарлайды,тіс түсе бастайды

  • Адамның жүйке жүйесінде,ішкі секреция бездерінде, иммундық,жүрек-қантамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады: Қартаю кезінде

  • Жүйке жүйесінің өзгерістерінен: Шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді

  • Жыныс,қалқанша,ұйқы,гипофиз,бүйрекүсті және айырша бездерінің гормон бөлу қабілеттілігі төмендейді: Қарт адамдарда

  • Жүрек жиырылуы баяулайды,қанайналым төмендейді,газ алмасу процесі бұзылады: Қартаю кезінде

  • Қантамырларының серпімділігі азайып,одарда дамиды: Атеросклероз

  • Қартаю бөлінеді: ҚАЛЫПТЫ немесе ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ және ЕРТЕ ҚАРТАЮ

  • Кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады: ЕРТЕ ҚАРТАЮ кезінде

  • Кейбір адамдардың қалыптан тыс қартаюы: ПРОГЕРИЯ

  • Балалардың аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ауру: Гетчинсон-Гилфорд синдромы

  • Гетчинсон-Гилфорд синдромы ауруының алғашқы көрінісі: Баланың бір жасында байқалып,тез қарқынмен дамып,10-20 жаста жүрек инфарктісіне әкелуі мүмкін

  • Кәрілікке тән белгілердің 15-25 жас арасында дамуы: Вернер синдромы

  • Ерте қартаюдың ең негізгі себебі: Аз қозғалу,бұлшықет жұмысының жеткіліксіздігі(ГИПОДИНАМИЯ)

  • М.Рубнердің теориясы:«Қуаттық қартаю»

  • И.И.Мечниковтың теориясы:Интоксикациялық (улану) теориясы

  • И.И.Мечников қартаю құбылысын түсіндірмек болды: ФАГОЦИТОЗ ілімі негізінде

  • Ішекте шіру құбылысын болдырмау үшін шіріту бактерияларының тіршілігіне қолайсыз орта жасау керек деп айтқан: И.И.Мечников

  • Қартаю себептері организмдегі ұлпааралық әрекеттердің бұзылуы деп болжаған: А.А.Богомолец

  • Қартаю құбылысында дәнекер ұлпасының маңызы ерееше деп түсінген: А.А.Богомолец

  • Жүйке күйзелісі мен ұзақ уақыт жүйкенің шаршауы ерте қартаюды тудыратын фактор екенін анықтаған: И.П.Павлов

  • «Қартаю-жасушада нәруыз молекуласының синтезделуінің бұзылуы» салдарынан болады дер болжам жасаған: Нагорный

  • Қартаю кезінде көбейеді: Гистондар мөлшері

  • Гендер кешенінің белсенді күйінен енжар күйіне көшуіне алып келетін құбылысты өз тәжірибелерінде байқаған: Г.Д.Бердышев пен В.Н.Никитин

  • XX ғасырдың 90-жылдары Американдық ғалымдар адам организмінен «кәрілік» генін тауып атады: КЛОТО гені деп

  • Жаңа туғвн нәрестеде 3%-інде,ал 65 жастағы адамдардың тек 1,1%-інде кездескен: Клото гені

  • Жасушаның тұтас организмінің тіршілік ұзақ тығын өлшеп отыратын мехвнизмдер: Л. Хейфликтің ЛИМИНТИН және А. Оловниковтың ТЕЛОМЕРЛІК гипотезасы