Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі азастан медициналы колледжі Бекітемін азастан медицина колледжіні директоры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақстан» медициналық колледжі
Бекітемін

«Қазақстан» медицина колледжінің директоры

_________ Алейдарова А.К

«_____»_____________20___ж.

Мамандығы: 0302000- «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302043-«Жалпы практикадағы мейіргер»

«Терапиядағы, неврологиядағы және хирургиядағы мейіргерлік күтім бойынша»

оқу - өндірістік тәжірибесінің

жұмыс бағдарламасы


Курсы __ІІ____________________________________________

Өту мерзімі __5семестр__________________________________

Барлық сағат саны _____180 сағат________________________

Кәсіптік жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 21 ақпан 2020 жылғы № 12/2020


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандартына сәйкес
Шымкент

Түсінік хат

Медициналық оқу орындарының білім алушыларының оқу өндірісітік тәжірибесі білікті мамандарды дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және клиникалық база болып табылатын (ауруханалар, отбасылық дәрігерлік амбулаториялар, емханалар, балалар емханалары) орындарда жүргізіледі.

Оқу өндірістік тәжірибе-оқу процесінің ажырамас бөлігі. Мейіргер ісі бөлімінде оқу өндірістік тәжірибенің жұмыс бағдарламасы мазмұны бойынша тәжірибелік оқытудың барлық түрлерін бекіттіреді, ол өз кезегіне қарай даярлық бағытына сәйкес оқушылардың бойында кәсіптік біліктілік пен дағдылардың дәйекті жүйесін қалыптастырады. Теориялық білімін емдік профилактикалық мекеме жағдайында өз бетімен атқарған іскерліктері мен тәжірибелік дағдыларын бекітеді, жетілдіреді.

ОӨТ мақсаты:

  • оқу процесінде алынған кәсіптік білімдерінің дағдыларының қорытындысы;

  • теориялық білімдерін ұлғайтуы;

  • коммуникация дағдыларын ұлғайтуы;

  • инфекциялық бақылау жұмыстарын іске асыру;

  • медициналық этика және деонтология принциптерін нығайту және шыңдай түсу.

ОӨТ-нің жүргізілуі әдіскер жетекшілерімен тәжірибелі клиницист мұғалімдерімен бақыланады. Тәжірибе ауруханалардың бөлімдерінде өтіледі. Тәжірибені толық өту үшін әр постта 2 студенттен артық болмауы тиіс. Студенттер қабылдау бөлімінде, ОЗБ-де және бөлімшелерде (постта, егу кабинетінде) жұмыс істеуі тиіс.


Тәжірибе жетекшілері (аға м/б және тәжірибелі м/б) студенттерге жұмыста, науқастардың жалпы күтімі кезінде, тәжірибенің бағдарламасының толық өтілуі, күнделіктің дұрыс толтырылуын және оған қол қойылуын бақылайды.Студенттер күнде істеген жұмыстарын және манипуляцияларды күнделікке толтырады.Тәжірибе өту мерзімінде студент емдеу-профилактикалық мекеменің ішіндегі тәртіп ережелеріне міндетті түрде бағынуы тиіс.ОКТ әдіскер, жалпы, тәжірибелік жетекшілердің аттестация қорытындысымен аяқталады. Аттестация бағасы сынақ кітапшасына енгізіледі.

Студенттердің есеп құжаты болып істелінген манипуляциялардың сандық есебімен және тәжірибе жетекшілердің мінездемесімен (басылған мөрі, қолы) қабылданады.

«Терапиядағы мейіргер ісі»

Студент білу керек:

  • Орта буынды медицина қызметкерлерінің міндеттері мен ережелерін, оның науқасты тексерудегі маңыздылығын білу;

  • Клиникалы тексеру әдістері (субъективті, объективті) туралы түсінік;

  • Сұрастыру жүргізудің маңызы және ережелері (шағымдары, ауру тарихы, өмір тарихы);

  • Науқастарды қарау, пальпациялау, перкуссиялау, аускультация және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Кеуде торының қалыпты және патологиялық түрлері

  • Кеуде торына пальпация, перкуссия, аускультация жүргізудің маңызы және ережелері. Қосымша тексеру әдістері.

  • Жүрек –қантамыр жүйесіне пальпация, перкуссия, аускультация және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • ЭКГ түсіру маңызын және іс-әрекетін білу.

  • Ас қорыту мүшелеріне қарау, пальпациялау, перкуссиялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Бүйрекке қарау, пальпациялау, перкуссиялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Көкбауырға және лимфа түйіндеріне қарау, пальпациялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Қалқанша безіне қарау, пальпациялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Буындарды қарау, пальпациялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Бұлшық ет тонусын анықтау және күшін өлшеу маңызы мен ережелерін білу.

  • Орта буынды медицина қызметкерлерінің міндеттері мен ережелерін, оның науқасты тексерудегі маңыздылығын білу;

  • Клиникалы тексеру әдістері (субъективті, объективті) туралы түсінік;

  • Сұрастыру жүргізудің маңызы және ережелері (шағымдары, ауру тарихы, өмір тарихы);

  • Науқастарды қарау, пальпациялау, перкуссиялау, аускультация және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Кеуде торының қалыпты және патологиялық түрлері

  • Кеуде торына пальпация, перкуссия, аускультация жүргізудің маңызы және ережелері. Қосымша тексеру әдістері.

  • Жүрек –қантамыр жүйесіне пальпация, перкуссия, аускультация және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • ЭКГ түсіру маңызын және іс-әрекетін білу.

  • Ас қорыту мүшелеріне қарау, пальпациялау, перкуссиялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Бүйрекке қарау, пальпациялау, перкуссиялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Көкбауырға және лимфа түйіндеріне қарау, пальпациялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Қалқанша безіне қарау, пальпациялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Буындарды қарау, пальпациялау және қосымша тексеру әдістерінің маңызы және негізгі ережелері;

  • Бұлшық ет тонусын анықтау және күшін өлшеу маңызы мен ережелерін білу.



Студент істей білу керек:

  • Сырқатнама толтыру;

  • Науқасқа сұрастыру жүргізу (шағымдары, ауру тарихы, өмір тарихы);

  • Науқасты физикалық тексеру әдістері (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация);

  • Науқастарды қосымша тексеру әдістеріне даярлау, олардың нәтижелерін бағалау;

  • Кеуде торын қарауды, пальпация жүргізу.

  • Өкпеге перкуссия жүргізу (салыстырмалы, топографиялық), аускультация жүргізу және науқастарды қосымша тексеру әдістеріне даярлау және олардың нәтижелерін бағалау.

  • Жүрек тұсын және қантамырларына қарауды жүргізу.

  • Жүрек-қантамыр жүйесіне пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу және науқастарды қосымша тексеру әдістеріне даярлау және олардың нәтижелерін бағалау.

  • Құрсақ қуысын қарауды, пальпация, перкуссия жүргізу науқастарды қосымша тексеру әдістеріне даярлау және олардың нәтижелерін бағалау.

  • Бүрек аймағына қарау, бүрекке пальпация, перкуссия жүргізу және науқастарды қосымша тексеру әдістеріне даярлау және олардың нәтижелерін бағалау.

  • Көкбауырға және лимфа түйіндеріне пальпация жүргізу және науқастарды қосымша тексеру әдістеріне даярлау және олардың нәтижелерін бағалау.

  • Қалқанша безіне пальпация жүргізу және науқастарды қосымша тексеру әдістеріне даярлау және олардың нәтижелерін бағалау.

  • Омыртқаларды қарауды, буындарға пальпация жүргізу және бұлшық ет тонусын анықтау және күшін өлшеу және науқастарды қосымша тексеру әдістеріне даярлау және олардың нәтижелерін бағалау.



«Терапиядағы мейіргер ісі»

Жұмыс түрінің бағдарламасы:




Терапия бөлмесіндегі жұмыс

Өткізілетін орны

Жоспарланған

сағат саны

1

Терапия саласы бөлімшесінің тәртібі мен құрылымы.

Бөлімшенің санитарлық-эпидемияға қарсы тәртібі. Қабылдау бөліміндегі жұмыстың ұйымдастырылуы. Науқасты қабылдау, субъективті және объективті тексеру әдістерін жүргізу.

Терапия саласы бөлімшелерінің жұмыс тәртібімен және құрылымымен. Бөлімшенің санитарлық-эпидемияға қарсы тәртібімен танысу. Ауруханадағы жоспарлы (күнделікті) және жалпы тазалыққа қатысу.

Қабылдау бөлімінің санитарлық-эпидемияға қарсы тәртібімен танысу, ауруханаға жоспарлы және жағдайда түскен науқастарды санитарлық тазалау ережелері. Науқастарды қабылдауға қатысу. Антропометрия. Түскен науқастарды тіркеу. Ауру тарихын толтыру. Жағдайына байланысты науқастарды тасымалдау ерекшеліктері. Деонтология ережелер және оларды сақтаудың маңызы.

Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындауда, анализдерді дұрыс жинаудың маңызы. Науқастарды тексеруге қатысу және оларды өткізуге науқастарды дайындау. Науқасты тексеру бойынша медициналық құжаттарды хаттау.

Қабылдау бөлімшесі


12


2

Посттағы медициналық құжаттар. Науқастарға жүйелер бойынша тексеру әдістерін жүргізу.

Пост мейіргерінің қызметтік міндеттерімен танысу. Мейірбикелердің кезекшілігін өткізу кезінде, дәрігерлердің тексеруіне мейірбикемен бірлесе отырып қатысу. АҚҚ, пульс, тыныс жилігін, дене қызуын өлшеу. Мейіргерлермен бірге посттың құжаттарын толтыру . Науқасты тексеру бойынша медициналық құжаттарды хаттау.

Мейірбике

лік пост


12


3

Процедуралық бөлме. Процедуралық мейіргердің жұмыс тәртібі мен міндеттері. Манипуляцияның орындалуын тіркейтін құжаттар.

Процедуралық бөлме жұмысының ұйымдастырылуымен танысу. Процедуралық бөлмені санитарлық тазалау ерекшеліктері. Процедуралық мейірбикенің жұмыс тәртібі мен қызметтік міндеттері. Процедуралардың орындалуын тіркейтін құжаттар. Процедуралар орындалуына қатысу, тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын шыңдау.

Процедуралық бөлме


12


4

Бөлімшедегі емдік және диагностикалық манипуляцияларды ұйымдастыру. Науқасты емдеу мен тексеруде мейіргердің ролі мен жауапкершілігі. Медициналық құжаттар.

Бөлімше саласы бойынша бөлімшеде емдік және диагностикалық манипуляциялардың ұйымдастырылуымен танысу, олардың өткізілуіне қатысу. Бұл шараларды тіркеу жоспарының ережелерімен танысу: мейірбике науқастарды қарау кезінде және ауру тарихынан арнау парағында жазылған тағайындауларды орындау, сәйкес журналдарда тіркеу. Манипуляцияларды өткізуге дайындық бойынша науқастармен жұмыс істеу, дәрігердің тағайындауларының орындалуын тіркейтін медициналық құжаттарды мейірбикемен бірге толтыру. Бөлімше жұмысына қатысу, тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын шыңдау

Терапиялық бөлімше


6


5

Науқастар күтімін мейіргермен бірге ұйымдастыру, тамақтандыру, күнделікті бақылау.

Күтім бойынша манипуляцияларын орындауға қатысу. Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысу: диетотерапия бойынша дәрігерлік тағайындаулардың орындалуын тексеру үшін ауру тарихымен жұмыс істеу, науқастарға диетаның маңыздылығы туралы әңгіме жүргізу, бөлімшедегі порциялық талаптарды құру, ауыр науқастарды тамақтандыру, күні бойы науқастардың диетаны сақтауды бақылау, өнімдердің сақталуын және әкелінген тамақтарды бақылау. Осы бөлімде мейірбикемен бірлесе жұмыс істеу.

Терапия

лық бөлімше

6


6

Мейіргерлік процесс. Мейіргерлік диагнозды қою және оны іске асыруды жоспарлау.

Мейіргерлік процесс принциптерін іске асыруға қатысу: науқас жағдайын алғашқы мейіргерлік бақылауды өткізуге, науқастың мәселелерін анықтауға, мейірбикелік көмек жоспарын дайындауға, мейіргерлік күтімді аяқтау үшін мейіргерлік шараларды әзірлеуге, қойылған мақсаттардың орындалу мүмкіндік дәрежесін анықтауға қатысу. Науқастар күтімі кезінде мейіргерлік кезеңдердің барлығын құжаттау.

Терапия

лық бөлімше


12

7

Учаскедегі мейіргер жұмысын ұйымдастыру: патронаждар, активтер. Санитарлық – ағарту және эпидемияға қарсы жұмыстардағы мейірбикенің ролі. Учаскелік мейірбикенің медициналық құжаттар.

Учаскедегі мейіргер жұмысының ұйымдастырылуын үйрену: патронаж (диспансерлік науқастарды бақылау), активтер, рецепттерді жазу, маусымдық аурулардың алдын алу іс шараларының агитациясы (науқастың туыстарын санитарлық – эпидемияға қарсы шараларға және науқасты күтуге үйрету). Осы бөлімнің жұмысын медициналық құжаттарын толтыру.


Учаскелік мейірбикенің бөлмесі



12


8

Барлығы




72




«Терапиядағы мейіргер ісі»

Тәжірибелік дағдылардың қорытындысын бақылау формасы:






Тәжірибелік дағдылар


Жоспар

ланғаны

Орын

далды

1

Науқастарды қабылдау, түскен науқастарды журналдарға тіркеу. Құжаттардың толтырылуы


6




2

Ауру тарихын толтыру (паспорт бөлімін)

6




3

Антропометрия

6




4

Науқастардан анамнезді жинау


6




5

Қан қысымын, пульс, тыныс жилігін өлшеу

6




6

Науқасты жалпы қарау

6




7

Науқасқа жүйелер бойынша пальпация жүргізу

6




8

Науқасқа жүйелер бойынша перкуссия жүргізу

6




9

Науқасқа жүйелер бойынша аускультация жүргізу

6




10

Науқастарға зертханаға және аспаптық тексеруге жолдама жазу

6




11

Бұлшық етке егілулер жүргізу


6




12

тері астына егілулер жүргізу


6




13

тері ішіне егілулер жүргізу


6




14

көк тамырға егілулер жүргізу


6




15

Процедуралық манипуляцияларды тіркейтін құжаттар толтыру;

6




16

Несепті Зимницкий әдісі бойынша науқастардан жинау және жинау ережелерін түсіндіру

6




17

Несепті Ничепоренко әдісі бойынша науқастардан жинау және жинау ережелерін түсіндіру

6




18

Лабораториялық зерттеу үшін қақырықты жинау.

6




19

Ауыр науқастарды тамақтандыру;

6




20

Өнімдердің сақталуын және әкелінген тамақтарды бақылау.

6




21

УДЗ тексеруге дайындау.

6




22

Науқасты рентген тексеруге дайындау.

6




23

Науқас жағдайын алғашқы мейірбикелік бағалаудан өткізу;

6