Файл: азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі азастан медициналы колледжі Бекітемін азастан медицина колледжіні директоры.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Неврологиядағы мейіргер ісі»
Студент білу керек:

  • нерв жүйесі ауруларының таралу салдарын және әлеуметтік мәнін;

  • нерв жүйесінің функционалдық анатомиясын және физиологиясын

  • негізгі неврологиялық синдромдардың клиникалық көріністерінің белгілерін;

  • шеткі нерв жүйесі ауруларының неврологиялық көріністерін

  • орталық нерв жүйесі жарақаттарының клиникалық белгілерін

  • ми қан айналымы бұзылыстарының клиникалық көріністерін;

  • вегетативті нерв жүйесі сырқаттарының клиникалық көріністерін;

  • орталық нерв жүйесінің инфекциялық ауруларының клиникалық көріністерін;

  • эпилепсия, Паркинсон ауруларының клиникалық көріністерін;

  • бас ми ісіктерінің клиникалық көріністерін;

  • нерв жүйесі даму ақауларының клиникалық көріністерін;

  • алкоголизм ауруларының клиникалық көріністерін;

  • бұлшық ет және нерв-бұлшықет аппаратының тұқымқуалаушылық-дегенеративті ауруларының клиникалық көріністерін;

  • нерв жүйесі ауруларымен сырқаттанатын науқастарды тексерудің, емдеудің және күтім жасаудың негізгі принциптерін;


Студент істей білу керек:

  • нерв жүйесі аурулары кезінде медбике жұмысын ұйымдастыруды;

  • нерв жүйесі аурулары кезінде медбикелік күтім жүргізуді;

  • нерв жүйесі ауруларымен сырқаттанатын науқастарға күтім жүргізуде этика және заң аспектілерін сақтауды;

  • шеткі нерв жүйесі ауруларының неврологиялық көріністерін анықтауды;

  • орталық нерв жүйесі жарақаттарының клиникалық белгілерін анықтауды;

  • ми қан айналымы бұзылыстарының клиникалық көріністерін анықтауды;

  • вегетативті нерв жүйесі сырқаттарының клиникалық көріністерін анықтауды;

  • орталық нерв жүйесінің инфекциялық ауруларының клиникалық көріністерін анықтауды;

  • эпилепсия, Паркинсон ауруларының клиникалық көріністерін анықтауды;

  • бас ми ісіктерінің клиникалық көріністерін анықтауды;

  • нерв жүйесі даму ақауларының клиникалық көріністерін анықтауды;

  • алкоголизм ауруларының клиникалық көріністерін анықтауды;

  • бұлшық ет және нерв-бұлшықет аппаратының тұқымқуалаушылық-дегенеративті ауруларының клиникалық көріністерін анықтауды;

  • нерв жүйесі ауруларымен сырқаттанатын науқастарды лабораториялық және инструменттік тексеруге дайындауды;

  • медициналық құжаттарды жүргізуді;

  • нерв жүйесі ауруларынынң алдын алуды істей біледі.



«Неврологиядағы мейіргер ісі»

Жұмыс түрінің бағдарламасы:



Неврология бөлмесіндегі жұмыс

Өткізілетін орны

Жоспарланған

сағат саны

1

Неврологиядағы мейіргерлік іс. Неврологиялық практикада науқасқа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Неврология бөлімшесінде мейіргер жұмысын ұйымдастырумен танысу, медициналық құжаттарды жүргізу. Мейіргер үрдісінің кезеңдерін орындау. Неврологиялық науқастарға медбикелік диагноз қою. Қимыл, сезімталдық, вегетативті және жоғарғы ми қызметі бұзылыстарының неврологиялық жағдайларын зерттеу, науқастарда тану қызметінің бұзылыстарын анықтау (сезім, қабылдау, ойлау қабілетінің бұзылуы); анализаторлар қызметін анықтау; науқастарға күтім жасау. Неврологиялық науқастарға көмек көрсетуде этикалық және заңды аспектілерді сақтау. Стационардағы санитариялық індетке қарсы іс-шараларды жүргізу. Науқастарды лабораториялық және инструментальдық зерттеу тәсілдеріне дайындауды ұйымдастыру. Науқаспен және оның туыстарымен науқас жағдайының жақсаруына бағытталған тиімді қарым- қатынас жасау.

Неврология бөлімшесі

6


2

Шеткі нерв жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Омыртқаның бел-сегізкөз бөлімінің рентгенографиясына науқасты дайындау. Қимыл, сезімталдық, вегетативті және жоғарғы ми қызметі бұзылыстарының неврологиялық статусын зерттеу. Омыртқалардың мойын, кеуде және бел-сегізкөз деңгейлеріндегі остеохондроздардың неврологиялық көріністерін зерттеу. Остеохондроздар кезінде ауырсыну нүктелерін және симптомдарды анықтау. Науқастарды тасымалдау. Қатты төсек орнын дайындау. Функционалды керуетті тағайындау және қолдану. Бет нервінің қызметін анықтау. Қимыл әрекет бұзылыстарымен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау. Емшараларды стандарт бойынша орындау.

Неврология бөлімшесі

6


3

Орталық нерв жүйесінің (ОНЖ) жарақаттарымен сырқаттанатын науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Неврологиялық бөлімшеде жұмыс істеу. Бас-ми жарақаттарының психикалық бұзылыстарын анықтау, ОНЖ жарақаттарымен сырқаттанған науқастарға күтім жасау, алғашқы медициналық көмек көрсету. Науқастарды тасымалдау. ОНЖ жарақаттармен сырқаттанған балаларға күтім жасау. Асфиксиямен, акушериялық салданумен туылған балаларға күтім жасау. Бас сүйек, ми жарақаттарының асқынуы бар науқастарға күтім жасау. Жұлын жарақаттары бар науқастарға күтім жасау. Емшараларды стандарт бойынша орындау.




6


4

Ми қан айналымының бұзылыстарымен сырқаттанатын науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Науқасты қоларбамен тасымалдау. Инсульттер кезінде алғашқы көмек көрсету. Науқасты люмбальді пункцияға дайындау, люмбальді пункция жасауға қатысу. Науқастарды қосымша зерттеу әдістеріне дайындау ( көрсетілімдері бойынша ЭКГ, ЭЭГ, ЭхоЭГ, КТ, МРТ, көз түбін тексеру). Қалыпты жағдайда бас миының қанмен қамтамасыз етілу (Виллизиев шеңбері) ерекшеліктері. Жоғары ми қызметі, қимыл әрекет, сезімталдылық бұзылыстарын зерттеу. Науқастың нерв-психикалық және әлеуметтік жағдайын бағалау. Салданған және сөйлеу қабілеті бұзылған науқастарға күтім көрсету. Жауыржараның, іркіліс пневмониясының, бұлшықет контрактураларының алдын алу шараларын жүргізу. Дәрігердің нұсқауын орындау.




6


5

Вегетативті нерв жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Неврология бөлімшесінде жұмыс істеу, науқастарды курациялау, науқастардың шағымдарын, анамнезін жинау. Шұғыл жағдайларда көмек көрсету. Қосымша зерттеу әдістеріне науқастарды дайындау. Вегетативті нерв жүйесінің ауруларынмен сырқаттанған науқастарға күтім жасау.




6


6

Нерв жүйесінің жұқпалы ауруларымен сырқаттанатын науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Стационарда жұмыс істеу. Науқасты қосымша зерттеу әдістеріне дайындау. Люмбальды пункция жасауға арналған құрал жабдықтарды дайындау, люмбальды пункция жасаған науқасқа күтім көрсету, қалыпты және патологиялық жағдайдағы ликвор құрамын талдау. Жауыржараның алдын алу шараларын жүргізу. Нерв жүйесі ауруларымен сырқаттанған науқастарға күтім жасауға қажетті заттарды дезинфекциялау. Бөлімшедегі санитариялық-індетке қарсы жасалынатын шаралар жүргізу. Науқасқа көмек көрсету. Ем шараны стандарт бойынша орындау.




6




Барлығы




36


«Хирургиядағы мейіргер ісі»

Студент білу керек:

  • Хирургияның тарихы;

  • Хирургияның түсініктемесі; аурулары

  • Қазақстанда хирургия жұмысын ұйымдастыру;

  • Асептиканың анықтамасы мен негізін, әдісін білу, емхана ішіндегі инфекцияға қарсы бағытталған бұйрықтарды білу;

  • Антисептика анықтамасы, түрлері, қолдану әсері, қолдану көрсеткіштері

  • Десмургия туралы білім, таңғыш салудың ережесі, түрлері

  • Қан кетудің себебін, түрлерін, белгісін білу;

  • Уақытша және біржолата қан тоқтату, қан кеткенде БМК көрсету

  • Қан тоқтататын дәрілерді білу;

  • Ауру сезімі және ауруды сездірмеу туралы түсінік;

  • Жергілікті және жалпы жансыздандыру;

  • Жергілікті жансыздандыру түрлері;

  • Қан құю тарихын білу;

  • Қан құю жолдары мен әдістері;

  • Қанның жарамдылығын анықтау:

  • Операцияға дейінгі кезең;

  • Ашық жарақаттардың түсінігі себебі, түрлері белгілері;

  • Жабық жарақаттардың түсінігі себебі, түрлері белгілері;

  • Ренимация.Терминальды жағдай, клиникалық өлім туралы түсінік,себептері, белгілері, реанимация жүргізу әдістері;

  • Гипергликемия, гипогликемия, гипоксия, алкогольдан болған комалардың түсінігі, себептері, белгілері, емдеу принциптері, БМК көрсету

  • Улану түрлері, түсінігі, себебі, белгілері, БМК көрсету, асқынулар

  • Жергілікті және жалпы хирургиялық инфекцияның түсінігін білу


Студент істей білу керек:

  • Операция және таңғыш бөлімшесін тазалауды игеру;

  • Залалсыздандыру алдындағы дайындықты жүргізу;

  • Дезинфекцияға ерітінділерді дайындау;

  • Инстументтер мен таңғыш материалдарды залалсыздандыру;

  • Биксті дайындау;

  • Залалсыздандырылған халатты киіп үйрену, негізгі антисептикалық дәрілерді пайдалану;

  • Жараны тазалауға, дезинфекцияға арналған сульфаниламидтерді, антибиотиктерді білу

  • «Чепец» таңғышы, «Гиппократ», «Дезо», көзге «Уздечка», желкеге таңғыш салу;

  • Қолға және аяққа таңғыштар салу;

  • Тізе, жамбас, тобық, шынтақ, білезік буындарына таңғыш салу;

  • Дезо таңғышын салу ;

  • Науқастың жалпы жағдайын анықтай білу;

  • Қан қысымын анықтау;

  • Бұрау салу,қыспалы таңба, қысқыш салу, тампонада салу, буынды бүгу , саусақпен басу;

  • Жергілікті жансыздандыруға жабдықтар дайындау;

  • Анестетиктерге рецепт жазу;

  • Жалпы және жергілікті жансыздандыруға жабдықтар дайындау ;

  • Жалпы және жергілікті жансыздандыруға қатынасу;

  • Наркоздың жабдықтарын дайындау ;

  • Қан тобы мен резус- факторға жабдықтарды дайындап, анықтай білу;

  • Қан құйғанда болатын асқынуларды білу;

  • Қайшылықтар мен көрсеткіштерді анықтау;

  • Жараның белгілерін анықтау, біріншілік медециналық көмек көрсету, тазалау;

  • Емдеу принциптерін білу және күтім көрсету

  • Күйік дәрежесін, көлемін анықтау, біріншілік медициналық көмек көрсету, тазалау;

  • Үсіктің дәрежесін анықтау, біріншілік медициналық көмек көрсету, тазалау;

  • Электр жарақатында біріншілік медициналық көмек көрсету, тазалау;

  • Соғылудың, сынықтңғ, буын таюдың белгісін анықтау,жақтаулармен немесе қолда бар заттармен иммобилизация жүргізу;

  • Гипс таңғышты дайындап сала білу;



«Хирургиядағы мейіргер ісі»

Жұмыс түрінің бағдарламасы:




Хирургия бөлімшесіндегі жұмыс


Өткізілетін орны


Жоспарланған сағат саны

1

Хирургия бөлімшесінің тәртібі мен құрылымы.

Бөлімшенің санитарлық - эпидемияға қарсы тәртібі . Қабылдау бөліміндегі жұмыстың ұйымдастырылуы. Науқасты қабылдау,субъективті және объективті тексеру әдістерін жүргізу.

Хирургия саласы бөлімшелерінің жұмыс тәртібімен және құрылымымен танысу.Бөлімшенің санитарлық – эпидемияға қарсы тәртібімен танысу. Ауруханадағы жоспарлы (күнделікті) және жалпы тазалыққа қатысу.

Қабылдау бөлімінің санитарлық – эпидемияға қарсы жұмыс тәртібімен танысу,ауруханаға жоспарлы және жағдайда түскен науқастарды санитарлық тазалау ережелері. Науқастарды қабылдауға қатысту. Антропометрия. Түскен науқастарды тіркеу. Ауру тарихын толтыру. Жағдайына байланысты науқастарды тасымалдау ерекшеліктері. Деонтология ережелері және оларды сақтау маңызы. Науқасты зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне дайындаудың, анализдерді дұрыс жинаудың маңызы.

Науқастарды тексеруге қатысу және оларды тексеруден өткізуге дайындау.Науқасты тексеруден өткізу бойынша медициналық құжаттарды толтыру.( хаттама)


Қабылдау бөлімшесі


12

2

Посттағы медициналық құжаттар. Науқастарға жүйелі бойынша тексеру әдістерін жүргізу.

Пост мейіргерінің қызметтік міндеттерімен танысу. Мейіргерлердің кезекшілігін өткізу кезінде, дәрігерлердің тексеруіне мейірбикемен бірлесе отырып қатысу.

АҚҚ, пульс, тыныс жиілігін, дене қызуын өлшеу. Мейіргерлермен бірге посттың құжаттарын толтыру . Науқасты тексеру бойынша медициналық құжаттарды хаттау.


Мейірбике

лік пост

12

3


Жараларды байлап – таңу бөлмесі, Жараларды байлап- таңу бөлмесіндегі мейірбикенің жұмыс тәртібі мен міндеттері. Манипулцияның орындалуын тіркейтін құжаттар.

Жараларды байлап – таңу бөлмесінің жұмысының ұйымдастырылуымен танысу. Жараларды байлап – таңу бөлмесінің санитарлық тазалау ерекшеліктері. Жараларды байлап – таңу бөлмесіндегі мейірбикенің жұмыс тәртібі мен қызметтік міндеттері,жұмыстың орындалуын тіркейтін құжаттар. Жараларды өңдеп - таңуға қатысу, тәжірибелік іскерлігімен дағдыларын шыңдау.


Жараларды байлап – таңу бөлмесі


12

4


Науқастарды жедел, шұғыл және жоспарлы операцияларға дайындау. Операциялық бөлмелерді және операция материалдарын дайындауға қатысу.

Әртүрлі операцияларға науқастарды дайындау ерекшеліктері. Операция түріне байланысты операциялық столдағы науқастың күйі. Операция алдындағы кезең. Науқастарды операцияға дайындау . Операцияға қатардағы, әлсіз науқастарды және балаларды дайындау ерекшеліктері. Операциялық алаңды дайындау: теріні тазалау, түктерін қыру.


Хирургия

лық бөлімше


12

5

Қан препараттарын және қаналмастырғыштарды құю

Қан топтарын және резус - факторды анықтау. Қанның сыйымдылығын анықтау. Қан препараттарын және қан алмастырғыштардың мерзімін білу. Оларды қолдануға болатын көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Асқынулар. Асқынулар кезінде бірінші медициналық көмек көрсету.

Хирургия

лық бөлімше

12

6

Іріңді инфекциямен науқастарды емдеуге қатысу.

Анаэробты инфекцияның алдын алу.

Ірінді аурулардың жергілікті белгісін анықтау, тексере білу, жалпы күтім жүргізу, остоемиелит пен сепсистің белгілерін анықтау. Анаэробты инфекция ауруларының белгісін анықтау, анаэробты инфекцияның айналасындағы ортаға таралып кетудің алдын алуға бағытталған шараларды білу. Емдеу тәсілдері, алдын алу шаралары




12

7

Барлығы

Всего




72



«Хирургиядағы мейіргер ісі»

Тәжірибелік дағдылардың қорытындысын бақылау формасы:




Тәжірибелік дағдылар


Жоспарланған

Орындалады

1

Науқастарды қабылдау, түскен науқастарды журналдарға тіркеу. Құжаттардың толтырылуы.

6




2

Ауру тарихын толтыру (паспорт бөлімін)

6




3

Науқастардан анамнезді жинау

6




4

Науқасты операцияға дайындау

6




5

Науқасты тасымалдау

6




6

Қолды әртүрлі әдістермен өңдеу әдістері

6




7

Операциялық бөлімшеде және таңғыш бөлмесінде түпкілікті тазалау жүргізу

6




8

Операциялық алаңды өңдеуге қатысу

6




9

Бұрама, қыспалы таңғыш, қысқыш салу, тампонада жүргізу

6




10

Залалсызданған халатты және қолғаптарды кию

6




11

Жалпы жансыздандыруға және жергілікті жансыздандыруға қатысу

6




12

Науқасты жалпы қарау

6




13

Жарақатты алғашқы хирургиялық өңдеуге инструменттерді дайындау

6




14

Қан қысымын өлшеу

6




15

Дененің әртүрлі бөліктеріне байламдар қоюға қатысу

6




16

Қан тобын және резус факторды анықтау

6




17

Тігістерді салуға және алуға қатысу

6




18

Гипстік байламдарды салу және алу

6




19

Операцияға дейінгі, операциядан кейінгі науқастарға күтім жасау;

6




20

Премедикация жасау

6




21

Жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу

6




22

Жақтаулармен немесе қолда бар заттармен иммобилизация жүргізу

6