Файл: Мен тадаан маманды атты таырыбында ткен трбие саатына анытама. Трбие саатыны таырыбыМен тадаан маманды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

« Мен таңдаған мамандық» атты тақырыбында өткен тәрбие сағатына анықтама.

Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мен таңдаған мамандық»
Мақсаты:оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық:оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көз қарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкескелуін нақтылау, өз – өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Тәрбиелік:мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Әдіс - тәсілдері:«Ми шабуылы», психологиялық тест, дидактикалық ойындар, тренингтер.

Көрнекілік:мамандық туралы суреттер

Тәрбие сағатының барысында 
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (шарттық шеңбер құрып тілек айту, 3- топқа бөлу).

2. Оқушыларға сөз беру.

3. Постермен жұмыс.

4. Қорытынды

Оқушылар алға  жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі боламыз деген сеніммен сөздерін нық жеткізді.

Ашық тәрбие сағаты осы заман талабына сай өткізілді және алға қойылған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.