ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||
Бекітемін: | | | |||
Бөлім | Робототехника | ||||
Педагогтың аты-жөні | | | |||
Күні: 10.02.2022ж | | ||||
Сынып: 5 сынып | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | | |
Сабақтың тақырыбы: | Роботтың сызық бойымен қозғалысы | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 5.3.3.3 – робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигін қолдану | ||||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | ||||
Түс датчик жұмыс істеу принципін түсінеді; | |||||
Көптеген оқушылар: | |||||
Роботтың программалық блоктарын біледі, программа құрастыру барысында қолдана алады; | |||||
Кейбір оқушылар: | |||||
Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастырады; |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Сыныпта жағымды ахуал орнату. "Жылы лебіз" әдісі арқылы үш тілде сабақ барысына, оқушыларға жылы лебіз білдіру. | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | Ауызша бағалау | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 20 мин | "Сұрақ-жауап" әдісімен өткенді қайталау: Өткен тақырыптар интерактивтік тақта да көрсетілген цифрлы ұяшықтарда жасырулы тұр. Цифрлы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Роботқа қойылатын талаптар:
Екі түс датчикті роботтың сызық бойымен қозғалу программасы Осы алгоритмді іске асыру үшін екі түс датчигінің көрсеткіштерін бақылап отыруымыз керек. Бұл үшін бір-біріне кіріктірілген қосып-ажыратқыштарды пайдаланамыз. Қозғалысты бастардың алдында бірінші датчиктің, одан кейін екінші датчиктің көрсеткіштерін өңдейміз. Программа құрастырылып болған соң, оны роботқа өткізіп, программа жұмысын робот арқылы тестілейміз. Роботты іске қосып, оның қара сызық сызылған алаңнан өту уақытын есептейміз. Бір түс датчикті роботтың сызық бойымен қозғалу алгоритмі Роботтың алдыңғы бөлігінің дәл ортасына түс датчигі орнатылады. Робот мынадай қозғалыс жасайды: 1. Егер робот датчигімен қара сызыққа кірсе, онда ол бірінші моторымен бұрылып шығады. 2. Егер ол датчигімен қара сызықтан шығып кетіп, сызықты көрмей қалса, онда ол екінші моторымен сызыққа қайта бұрылыс жасап кіреді. Робот қара сызық бойымен иір сызық жасап қозғалады ҚБ: "Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады Бір түс датчигінің көмегімен жүретін EV3 роботының 58, ә-суреттегідей қозғалысының қарапайым алгоритмін қарастырайық. Робот сызық бойында түп-түзу болып қозғалмайды, тек сызық бойымен алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қозғалыс жасай отырып, біртіндеп алға қарай жылжиды. Алгоритм өте қарапайым: егер түс датчигі қара түсті көрсе, онда робот бір бағытта, ал ақ түсті көріп қалса, екінші бағытта айналады (59-сурет). Көрсетілім. Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасы. Программаны құрастырып болған соң, роботқа жүктеп тексереміз. Программа құрудағы қателер робот арқылы тексеріп, тестіленгенде тез анықталады. Роботты іске қосып, оның қара сызық сызылған алаңнан қанша уақытта өтетінін есептейміз. Жеке жұмыс Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастыру. Жарыс өткізү Бір түс датчигі орнатылған роботтың программалық блогы
Дескриптор: -бір түс датчигі бар роботтардың программасын құрастырады; - программалық блоктарды атайды және түсіндіреді; ҚБ: "Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады Роботқа екі түс датчигін орнатамыз. Робот Цвет (түс) және Яркость отараженного цвета режімдерін пайдаланып қара сызықытың бойымен қозғалады. Роботқа екі түс датчигін орнатамыз. Робот Цвет (түс) және Яркость отараженного цвета режімдерін пайдаланып қара сызықытың бойымен қозғалады. Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалуы алгоритмі:
Көрсетілім. Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасы. Программаны құрастырып болған соң, роботқа жүктеп тексереміз. Программа құрудағы қателер робот арқылы тексеріп, тестіленгенде тез анықталады.Роботты іске қосып, оның қара сызық сызылған алаңнан қанша уақытта өтетінін есептейміз. ҚБ: "Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады | Сұрақтарды тыңдайды, жауап береді 1-тапсырманы орындайды Программалық блоктарды атайды, құрастырады 2-тапсырманы орындайды. Программалық блокты атайды, құрастырады 3-тапсырманы орындайды. Программалық блокты құрастырады, талдайды | Ауызша бағалау "Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы робот кеудесін бояйды Ауызша бағалау "Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың басы мен қолын бояйды Ауызша бағалау "Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың аяғын бояйды Ауызша бағалау "Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың басы мен қолын бояйды | Интербелсенді тақта Компьютер Презентация Таратпа материал | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3-4 мин | Рефлексия: тақырып бойынша жинақтаған білімдеріне талдау жасайды. | | | | ||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы 1 мин | «Үй тапсырмасы» Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалысы кезінде оның алдына кедергі қойылды (сурет). Робот кедергіні айналып өтіп, қайтадан қара сызықтың бойымен қозғалуы үшін суретте берілген программаны қалай өзгертуге болады? Қосымша қандай датчик қойылуы керек? Мәселені шешудің жазбаша алгоритмін дайында. | | | |