ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.03.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия
Қарастырылды _________ Келісемін ___________ Бекітемін _______
Әдістемелік отырысы директордың оқу ісі А.С.Пушкин атындағы
Хаттама № жөніндегі орынбасары № 1 мектеп – гимназия Әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.Д.Ержанова директоры Г.С.Абилдаева
Н.Мағжанов
9 - 10 сынып оқушыларына арналған
«Дебат» үйірмесінің
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Сағат саны – 34 сағат
Аптасына 1 сағат
Бағдарламаны жүзеге асыру жылы 2021-2022 оқу жылы
Құрастырған: Мұсабай Данияр Серданұлы
Түсінік хат
Пікірталас қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде демократия да өрістейді. Бүгінгі күні оқушыларға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді жете және жемісті талдай алу қабілеті қажет. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей алу керек, қарсы жақтың пікірін жоққа шығарып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуі қажет. Сондықтан жалпы білім беретін орта мектепте қосымша «Дебат» үйірмесінің білім беруде маңызы зор.
Сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді, қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі. Пікірсайыс адами құндылықтар мен адам құқығы жөніндегі жаңа көзқарастар туындаған кезде қоғамдық пікір қалыптасады.
Пікірсайыс арқылы ғылыми мәселелерді талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны, әр оқушы жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.
Осы мәселенің барлығын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 34 сағатқа құрылған «Дебат» үйірмесінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауында ескере отырып құрастырдық.
Үйірменің мақсаты:
Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Мектеп оқушыларын үйірмеге тарту. Мектеп ішіліс пікірсайыс турнирлерін ұйымдастру, ұздіктерді анықтап, ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау. Мектеп оқушыларын мектепаралық, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізу.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар орындату арқылы оқушылардың ой-өрісін, жоспар құру, тезиз жазу.
Үйірменің міндеттері:
-
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру. -
Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты оқушыларды анықтау; -
Талантты оқушыларды ынталандыру; -
Мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру; -
Мектеп оқушыларының сын тұрғысынан ойлауын дамыту; -
Өз Отаны Қазақстан, оның басты құндылықтарын құрмет тұтып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру -
Оқушылардың жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу -
Оқушыларды коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулу -
Оқушының өзін – өзі тәрбиелеуіне, өзін жіне өзгені бағалай білуге үйрету -
Мектептің үздік оқушыларын анықтап, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру.
Күтілетін нәтиже:
-
Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану; -
Пікірсайыс арқылы белсенді азаматтық позициясы бар, жаңарған қоғамның жаңа азаматтары тәрбиеленеді. -
Оқушыларды өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландырады; -
Саяси сана сезімі, қоғамға көзқарасы ерекшеленеді -
Оқулық арқылы берілетін әдеби құндылықты терең меңгереді -
БАҚ құралдарын, кітапхана оқулықтарынан қажетті мәліметті ала алады -
Жұрт алдындағы сайыстарға еркін қатысады -
Заман талабына сай туындаған жастардың өзекті мәселерін талқылап оның шешілу жолында үздік ұсыныстар дайындау. -
Пікірталас арқылы оқушылардың білімі мен біліктілігі артады. Пікір талас кезінде оқушылар өз білімдерін жан-жақты жетілдіреді, тереңдетеді. -
Оқушылардың ой өрісі дамып, ғылыми тұрғыдан ойлау қабілеті артады. -
Тарихи мәселелерді талқылауда өз көзқарасын білдіруде, талқыланып отырған мәселе тарихи мәліметтерді дәйектей отырып, өз ұстанымын айта біледі. -
Қазіргі өмір жағдайына байланысты тарихи құбылыстарды саралай отырып, өз ұстанымын анықтайды. -
Тарихи мәліметтерді, фактілерді, пікірлерді, құжаттарды және тарихи түсініктерді айыра біледі.
Тақырыптық – күнтізбелік жоспары 34 сағат (аптасына 1 сағат)
10 – сыныптар
№ | Тақырыптар | Сағат саны | Формасы | Мерзімі 10 «А» | Мерзімі 10 «Б» |
| Пікір сайыс туралы түсінік | 4 | | | |
1 | Пікір-сайыс деген не? | 1 | лекция | | |
2 | Пікір-сайыс принциптері. | 1 | | | |
3 | Пікір-сайыс стильдері. | 1 | | | |
4 | Пікір – сайыстардың этикалық коды. | 1 | | | |
| Сайыс үлгісінің негізгі элементтері | 4 | | | |
5 | Қарар жазу түрлері, үлгілері. | 1 | | | |
6 | Қарар шығару. | 1 | | | |
7 | Қарар сараптамасы. | 1 | | | |
8 | Дебат ұйымдастыру. «Тіл тағдыры – ел тағдыры». | 1 | пікірсайыс | | |
| Критерий | 6 | | | |
9 | Критерий – мақсаты. Критерий құндылығы. | 1 | | | |
10 | Критерийге сипаттама: қол жеткізу мүмкіндігі, нақтылық, сәйкестілік. | 1 | | | |
11 | Қарарға арнап критерий шығару, оған сараптама жасау. Критерийді негіздеу | 1 | | | |
12 | Критерийдің қарар және аргументтермен байланысы. | 1 | | | |
13 | Энциклопедиялық сөздікпен жұмыс жасау. | 1 | | | |
14 | Дебат ұйымдастыру. «Діни сауаттылық – өскелен ұрпақ негізі». | 1 | пікірталас | | |
| Аргументтер | 5 | | | |
15 | Ақыл шабуылы-аргумент құрастырудағы алғашқы қадам. | 1 | | | |
16 | Ақыл шабуылының тәртібі. | 1 | | | |
17 | Аргумент құрастыру. | 1 | | | |
18 | Аргумент құрылысы. | 1 | | | |
19 | Аргументті қолдау. | 1 | дөңгелек үстел | | |
| Дәлелдер | 2 | | | |
20 | Зерттеу мен дәлелдер. Мәлімет жинау, мамандармен сұхбат. | 1 | | | |
21 | Дәлелдердің түрлері: куәландыру, фактілер, статистикалық мәліметтер, шолулар. | 1 | | | |
| Жақтау. Даттау. | 2 | | | |
22 | Жақтау кейсінің үлгісі. Даттау кейсінің үлгісі. | 1 | | | |
23 | Дебат ұйымдастыру. «Заманауи ғылым және білім». | 1 | пікірсайыс | | |
| Спикерлердің міндеттері | 2 | | | |
24 | Спикерлердің рольдері. | 1 | | | |
25 | Кемшіліктер мен қателіктер. | 1 | | | |
| Қарсы сұрақ – жауап | 6 | | | |
26 | Қарсы сұрақ-жауаптардың мақсаты. | 1 | | | |
27 | Нәтижелі сұрақ қою әдістері. | 1 | | | |
28 | Ашық пен жабық сұрақтар. | 1 | | | |
29 | Қарсы сұрақ – жауап кезіндегі спикерлердің өзін-өзі ұстауы. | 1 | | | |
30 | Сұрақтардың тізбегін құрастыру. | 1 | | | |
31 | Дебат ұйымдастыру. «Қазақстандағы панасыз және мүгедек балалар» | 1 | пікірталас | | |
| Төрешілік | 3 | | | |
32 | Төрешінің міндеттері. Шешім шығару. | 1 | | | |
33 | Топтарды бағалау тәртібі. | 1 | | | |
34 | Қорытынды. | 1 | | | |
№ | Тақырыптар | Сағат саны | Формасы | Мерзімі 9 «А» | Мерзімі 9 «Ә» |
1 | Пікір-сайыс деген не? | 1 | | | |
2 | Пікір-сайыс принциптері. | 1 | | | |
3 | Пікір-сайыс стильдері (Парламенттік, Карл Поппер және саяси дебат форматтары). | 1 | | | |
4 | Пікір – сайыстардың этикалық коды. | 1 | | | |
5 | Қарар жазу түрлері, үлгілері. | 1 | | | |
6 | Қарар шығару. | 1 | | | |
7 | Қарар сараптамасы. | 1 | | | |
8 | Дебат ұйымдастыру. «Тіл тағдыры – ел тағдыры». | 1 | | | |
9 | Критерий – мақсаты. Критерий құндылығы. | 1 | | | |
10 | Критерийге сипаттама: қол жеткізу мүмкіндігі, нақтылық, сәйкестілік. | 1 | | | |
11 | Қарарға арнап критерий шығару, оған сараптама жасау. Критерийді негіздеу | 1 | | | |
12 | Критерийдің қарар және аргументтермен байланысы. | 1 | | | |
13 | Энциклопедиялық сөздікпен жұмыс жасау. | 1 | | | |
14 | Дебат ұйымдастыру. «Діни сауаттылық – өскелен ұрпақ негізі». | 1 | | | |
15 | Ақыл шабуылы-аргумент құрастырудағы алғашқы қадам. | 1 | | | |
16 | Ақыл шабуылының тәртібі. | 1 | | | |
17 | Аргумент құрастыру. | 1 | | | |
18 | Аргумент құрылысы. | 1 | | | |
19 | Аргументті қолдау. | 1 | | | |
20 | Зерттеу мен дәлелдер. Мәлімет жинау, мамандармен сұқбат. | 1 | | | |
21 | Дәлелдердің түрлері: куәландыру, фактілер, статистикалық мәліметтер, шолулар. | 1 | | | |
22 | Даттау кейсінің үлгісі. Даттау кейсін құрастыру. | 1 | | | |
23 | Дебат ұйымдастыру. «Заманауи ғылым және білім». | 1 | | | |
24 | Спикерлердің рольдері. | 1 | | | |
25 | Кемшіліктер мен Қателіктер. | 1 | | | |
26 | Қарсы сұрақ-жауаптардың мақсаты. | 1 | | | |
27 | Нәтижелі сұрақ қою әдістері. | 1 | | | |
28 | Ашық пен жабық сұрақтар. | 1 | | | |
29 | Қарсы сұрақ – жауап кезіндегі спикерлердің өзін-өзі ұстауы. | 1 | | | |
30 | Сұрақтардың тізбегін құрастыру. | 1 | | | |
31 | Дебат ұйымдастыру. «Қазақстандағы панасыз және мүгедек балалар» | 1 | | | |
32 | Төрешінің міндеттері. Шешім шығару. | 1 | | | |
33 | Топтарды бағалау тәртібі. | 1 | | | |
34 | Қорытынды. | 1 | | | |
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Американдық Парламентті форматы. 2000 жыл -
Американдық Парламенттіқ формат дебат элементі. 2004 жыл -
СТО жобасының тұрақты журналы «Дауыс пен көрініс» -
Мектеп және жоғары оқуорындары: ой қозғағыштар, ізденістер, табыстар 74 бет, 2005 жыл -
Халықаралық ғылыми-әдістемелік журналы «Перемена»- журналдағы журнал материалдары, 2008-2010 жыл -
«Қазақстан мектебі» журналы №3 2012 жыл 25 бет, 56 бет «Толерантты тұлға». 60 бет -
«Қазақстан мектебі» журналы №2 2012 жыл 33 бет, «Ұлттық құндылықтарды танытудағы педагогикалық технологиялардың маңызы» -
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 2008 жыл -
Қазақ әдебиеті энцикопедиялық анықтамалық «Аруана» - 2005 жыл -
Қазақстан ұлттық энциклопедия. Алматы 1999, №2,3,7,10 -
«Сөз өнері» З.Қабдолов -
«Әдебиет теориясы» Қ.Жұмағалиев -
«Қазақ халқының философиялық мұрасы» 2007 жыл -
«Сөз мәйегі» (мақал-мәтелдер) – 2007 жыл -
БАҚ құралдары.(Мемлекеттік басылымдар)