Файл: ылым тарихы мен философиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

”Ғылым тарихы мен философиясы”

пәнінің емтихан сұрақтары

2021-2022 оқу жылдары

1.Ғылымның эволюциялық және революциялық даму модельдерін жақтаушылардың пікірталастарының мәні мен мазмұны неде? Эволюциялық эпистемологияға және оның негізгі идеяларына сипаттама беріңіз.

2. Имре Лакатостың пайымдауынша, программаның “өзегі” және “қорғаныш белдеуін” анықтау ғылыми білім дамуының қандай мәселесін шешуге көмектеседі? Оң және теріс эвристикаға мысал келтіріңіз.

3. “Ғылыми танымның деңгейлері” дегеніміз негізінен бұл...

4. Әдетте ғылым эволюциясын ғылым философиясының қай тұрғыларынан қарастырады? Кестені толтырыңыз:

-Антика философиясының танымдық-ғылыми идеялары

-Ортағасырлық ғылымның философиялық-теориялық мәселелері

-Қайта өрлеу дәуірі философиясының ғылыми сипаты

-Жаңа уақыттың ғылыми идеялары

5. Т. Кунның “Ғылыми революциялардың құрылымы” атты кітабы қандай философиялық бағыттардың әсерінен дүниеге келді. Кітапта қарастырылған мәселелерді сипаттап беріңіз.

6. Аристотель барлық ғылымдарды үлкен үш топқа бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық. Философия, физика және математика ғылымдардың қай тобына жатады?

7. Ғылымды әлеуметтік-философиялық тұрғыдан сараптағанда оны .... ретінде қарастыру өте маңызды.

8. Жаңа методологиялық идеялар және ойлау стильдерінің ауысуы. Ғылыми негіздердің ақиқатын анықтаудың методологиялық процедурасы эмпирикалық тексеру барысында ..... (қайда?) көрсетілген.


9. 1934 жылы Карл Поппер ұсынған ғылымның фальсификациялық критериі нені білдіреді?

10. Ең абстрактылы идеалды объектілермен айналысатын ғылыми теориялар қалай аталады? Жауабыңызға негіз келтіріңіз.


11. Заманауи ғылым философиясы қатарына нені қоямыз?


12. Номотетикалық әдістің негізі...?

13. Ақиқатты нақты дәлелдерсіз, негіздемей, тікелей тануды ....(не деп?)атаймыз.

14. Т. Кун бойынша, парадигма дегеніміз... Ғылыми теориялардағы өзгерістер ғалымдардың дүниетанымының өзгеруіне және жаңа фактілердің ашылуына түрткі болатыны белгілі. Соған мысал келтіріңіз.

15. Танымдық оптимизм, скептицизм, агностицизм позицияларын сипаттаңыз. Олар қандай жағдайларда көрініс табатынына мысал келтіріңіз, әр позицияның ғылым дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз.


16. “Ғылымның пайда болу және даму тарихы” тақырыбына глоссарий жазыңыз (8 термин).

17. “Қазақ философиясының методологиялық негізі” тақырыбына глоссарий жазыңыз (5-8 термин).

18. Ғылым мен философияның, ғылым мен діннің, ғылым мен өнердің салыстырмалы сипаттамасын беріңіз.

19. Білімнің туындау стратегияларын салыстырыңыз: “ғылымалды” және ғылымның өзі.

20. Ортағасырлық батыс және шығыс ғылымын (“оқымыстылығын”) салыстырып сараптама жасаңыз.

21. Классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес философиялық негіздерді кесте түрінде көрсетіңіз. Олардың әрқайсысын үш бағанға жазып, сипаттама беріңіз.

22. Іргелі(фундаменталды) және қолданбалы зерттеулердің айырмашылығын көрсетіңіз. Қандай да бір ғылыми саладағы іргелі және қолданбалы(жеке) ұғымдардың мысалын келтіріңіз.

23. Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтаңыз. А)эмпирикалық және ә) теориялық деңгейлердің әдістері мен формаларын ата көрсетіңіз.

24. Білімнің туындауының сыртқы және ішкі механизмдері неге байланысты? Олардың анықтамасы мен ұғымын жазыңыз.

25. Ғылым тарихындағы мысалдарға сүйене отырып, ғылыми революцияның негізгі қасиеттеріне сипаттама беріңіз.

26. Антикалық көқарастармен салыстырғанда Н. Коперниктің теориясының артықшылықтарын айқындап көрсетіңіз.

27. Қазақ зиялылары XXғасырдың басында қандай бағытты ұстанды? Кестені толтырыңыз.

28. XX-XXI ғасырлар тоғысындағы ғылымның этикалық мәселелері.

29. Ғылыми жұмыстың институционалды формаларының тарихи эволюциясын сипаттаңыз.

30. Ғылыми мектеп ұғымының анықтамасын беріңіз, олардың тарихи түрлерін атаңыз.

31. Сциентизм мен антисциентизмнің аксиологиялық спецификасы.

32. Әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдардың зерттеу процесінде ғылыми әлем картинасының ролі. Ғылыми теория мен ғылыми әлем картинаны салыстырыңыз. Салыстырудың кемінде төрт критериін келтіріңіз.

33. Тезисті бағалау: ғылым тарихы болмаса, ғылым философиясы негізсіз болады, ал ғылым философиясы болмаса, ғылым тарихы концептуалды емес.

34. Ақын-жыраулар дәстүрінің философиялық негізін схема түрінде бейнелеңіз.

35. Абай мен Шәкәрім идеяларының ұқсастығын қалай түсіндірер едіңіз? Шәкәрімнің “Үш анық” философиялық трактатын сипаттаңыз.

36. Логикалық позитивизм верификация қағидасы турасында және оның ғылыми танымдағы қызметі туралы. Осы қағиданың өкілі туралы жазыңыз.

37. Теорияның позитивті негіздерінің (джастификационизм) және теорияның сыни негіздерінің (сыни рационализм) айырмашылығы.


38. Әлеуметтік-тарихи зерттеудің дүниетанымдық негіздерін “Европа ақыры” және О.Шпенглердің методологиясын мысалға ала отырып түсіндіру.

39. Адам Смиттің кәсіпкерлік табиғатына деген көзқарасы.

40. Құқық философиясы мен заңгерлік ғылымдардың арақытанасын Гегельдің түсіндіруі.

41. Позитивизмнің философиясы мен педагогикасы. О. Конттың, Дж.С. Милльдің, Г. Спенсердің идеялары мен көзқарастары туралы жазыңыз.

42. Ғылым дамуын әлеуметтік және мәдени тұрғыдан зерттеу. Ғылым нормалары мен мәдениет құндылықтары өзара қалай байланысатынын түсіндіріңіз.

44. Философия тұрғысынан алғанда таным процесінде интуицияның маңызы қандай? Ғылым тарихында белгілі интуиция түрлерін атаңыз және математикалық танымдағы интуиция ролі туралы айтыңыз.

45. Математикаға бағындырылған классикалық және эксперименталды жаратылыстанудың және заманауи классикалық емес ғылымның қалыптасуындағы техниканың ролі. Экспериментатор-ғалымдарды және өнертапқыштарды атаңыз.
46. Синергетика: генезис, оның даму ерекшеліктері, ғылымға және қоғамға ықпалы. Сызықтық емес динамиканың және синергетиканың тарихи дамытып жатқан жүйелер туралы заманауи ұғымын жетілдірудегі ролі туралы жазыңыз.

47. Неліктен антропты принцип ұғымының әсерінен құрылым мен жүйе туралы көзқарас өзгеріске ұшырап жатыр? Түрлі антропты интерпретацияларға сипаттама беріңіз.

48. Техниканың теориялық өлшемдерін күшейту және ақпараттық және компьютерлік технологиялар көмегімен ғылымды математикаға бағындырудың жаңа жолдарын дамыту. Заманауи ғылыми-техникалық пәндердегі теориялық зерттеулердің ерекшеліктерін жазыңыз.

49. Оксфорд мектебінің басты жетістіктері университет жанындағы Мертон колледжінің мүшелерінің ғылыми әрекетімен байланысты. Олардың ішінде Фома Бродвариннің орны ерекше. Оның шәкірттерін және олардың негізгі практикалық жетістіктерін қалай атады?

50. Технократиялық дамудың теріс салдары табиғи және телеогенді болып бөлінеді. Осы құбылыстар туралы толыққанды жауап жазыңыз.

51. Ғылымның философиялық мәселелерінің классификациясын схема түрінде көрсетіңіз.

52. “Homo virtualis” (виртуалды адам) XXI ғасыр мәселесінің өзегі болып табылады. Бұл мәселенің негізі қандай? Заманауи өркениеттің даму үдерісіне бұл мәселе қалай әсер етеді?

53. Г.Галилей телескопты (1609), Б.Паскаль есептеу машинасын(1642), И.Ньютон алғашқы айна телескопын ойлап табуының нәтижесінде қандай ғылыми білімдер дамыды?

54. Галилей дамытқан бірқалыпты және сызықтық қозғалыс туралы ұғымның ғылымдағы орны қандай? Аристотельдің қөзқарасымен салыстырғанда Галилейдің түсініктемесінің айырмашылығы қандай екеніне талдау жасаңыз.


55. Галилей, Ньютон, Лейбниц, Декарт механикалық әлем картинасының қалыптасуына үлес қосты. Классикалық ғылымның жасақталуында маңызды роль атқарған негізгі қағидаларды көрсетіңіз.

56. М. Планк 1900 жылы әрекеттің элементарлы квантын ашты. Соған сәйкес жарық сәулесі үздіксіз жүрмейді, ол бөлшектеніп, квант түрінде жетеді, ол өз кезегінде кванттың бөлшектері фотондардан тұратыны белгілі болды. Бұл жаңалық неліктен классикалық емес ғылымның бастамасы болып есептеледі?

57. Эволюция теориясы биологиядан бастау алғаны белгілі. Классикалық емес ғылымда эволюциялық даму идеясы білімнің басқа да салаларында қолданылды. Эволюциялық даму концепциясының жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдарда пайдаланылған мысалдарын келтіріңіз.

58. Классикалық емес ғылымда материя, кеңістік және уақыт арасындағы өзара байланысты түсінуде қандай өзгерістер болды? Әлемнің жаңа картинасының қалыптасуында салыстырмалылық теориясының атқарған ролін негіздеп беріңіз.

59. Компьютерлік техника ғылыми білімнің дамуына қалай әсер еткенін сипаттаңыз. Оның нәтижелері қандай болды? Компьютерлік модельдеу және кибернетикалық модельдеу: ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

60. П.Дюгемнің пайымдауынша, ғылым тарихын екі жаңсақ пікір бұрмалайды. Біріншісі, ғылымның дамуы қандай да бір күтпеген жаңалықтың арқасында ілгері басады. Екіншісі, ғылымды алға сүйрейтін генийлер, оларға дейін ешқандай ізашарлар болмаған. Бұл пікірлерді шынында да “жаңсақ пікір” деуге бола ма? Ойыңызды білдіріп, көзқарасыңызды негіздеңіз.

61. Заманауи ғылым этикасында ұжымдық жауапкершілік мәселелері қарастырылып жатыр. Оның құрамында не бар? Жеке жауапкершіліктің ұжымдық жауапкершіліктен айырмашылығы неде? Оның жүзеге асуының механизмдері қандай? Пікір білдіріңіз.

62. Рэй Курцвейльдің “Сана эволюциясы” кітабының негізгі ойын сипаттап беріңіз.

63. Ғылымның дамуын, ғылыми өзгерістердің өкілдері туралы кесте құрастырыңыз.

Мысалы: А) антикалық ғылым – Платон, Аристотель.....

64. Жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүйелеп, кесте түрінде көрсетіңіз.

Мысалы: Дайындық - мәселені іздеу, мақсат қою…

65. Ф. Бэконның индуктивті әдісі мен Р. Декарттың дедуктивті әдісінің негізгі идеяларының айырмашылығы неде екенін түсіндіріңіз.