Файл: IW) Бекіту. Есептер шыару. Жеке жмыс (I).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

(I/W) Бекіту.Есептер шығару. Жеке жұмыс (I)

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ережелерін пайдаланып төмендегі мысал есептер сияқты шығару.

1.Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1=9B. Кедергісі R2=64Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.

2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Ом өткізгіш арқылы I1=5А ток өтеді. I2=0,8А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.

3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?

4. Бір резистордың кедергісі 2 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 2 Омнан кем. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей әлде параллель ма

5. Бір резистордың кедергісі 4 Ом, ал екіншісінікі 3 Ом. Олардың жалпы кедергісі 5 Омнан көп. Резисторлар қалай жалғанған – тізбектей әлде параллель ма?

6. Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар тізбектей жалғанып, кернеуі 4,5 В батарейкаға қосылған. Тізбектің ток күшін анықтаңыз..

7. Кедергілері 20 және 35 Ом екі резистор батарейкаға параллель қосылған. Бірінші резистордағы ток күші 0,2 А. Екі резистордан қандай ток өтеді.

8.Ток көзінің кернеуі 3,6 В. Резисторлардың кедергілері сәйкесінше 2 және 4 Ом. Тізбектей және параллель жалғану кезіндегі тізбектің жалпы кедергісі мен әр резистордың ток күшін табыңыз. Электр тізбектерінің сызбаларын салыңыз.

9. Суретте көрсетілген сызба бойынша амперметрдің көрсеткіші мен электр тізбегінің жалпы кедергісін табыңыз, егер R1=10 Ом, R2=6 Ом.