Файл: Блім таырыбы Музыка нері жне азаты киелі домбырасы Мектеп 35 аразек жом кмм пн малімі Аманжолова Алия.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Абайдың композиторлыққа басқалардан өзгеше жолмен келуі, оның шығармашылық заманының алдын ораған жаңалықтарының болуы, Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялық жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуының тағы бір себебі - Абай ерекше бір музыкалық ортада болды: бір жағынан, өзінің асқан музыкалық қабілетінің, музыканы жан-тәнімен сүюінің арқасында қазақтың халық музыкасын жақсы біліп, Семей қаласына гастрольге келген артистердің концерттерін тыңдап-көру арқылы орыс музыкасымен тікелей танысып отырса, екінші жағынан айналасына топталған өнерпаздардың кейбіреулері орыс халқының музыкалық үлгілерімен таныс адамдар болды (өз баласы Әбдірахман, скрипкашы Мұқа). Олар Абай шығарған әндерді тыңдаушы ғана емес, бабына келтіріп орындаушы, дос пейілді кеңесшілер еді. Абайда Мұхит, Біржан сияқты күшті дауыс болмаса керек. Ол тек өз даусының жеткенінше ғана айтып шығарды. Абайдың Музыкалық мұрасы тек совет өкіметі тұсында ғана жиналып, нотаға түсіріле бастады. Қазақтың халық музыкасын жинаушы А.Затаевич 1925 ж. Абайдың бірнеше әнін нотаға түсіріп, жариялады. 30 жылдарда композитор Б. Ерзакович пен Л. Хамиди Абайдың 20-дан аса әнін нотаға тұсірді. Бұл әндердің бірқатары Абайдың екі томдық өлеңдер жинағында да басылды. 1939 ж. Қазақстанды зерттеу қоғамы Мәкен Мүхаметжанованың орындауымен Абайдың Ібәнін нотаға жаздырды. Абай әндері «Абай» операсына молынан кірді. Операдағы бір өзгешелік - бірқатар кейіпкерлер үшін Абай стилінде ән, ариялар жазылды. Мысалы, бірінші актідегі Айдар-Ажардуэті, төртінші актідегі «Ей, халайық, барым ең сен» деп басталатын Абайдың ариясы.

Қазақстан композиторлары Абайдың сөздеріне өздері көптеген ән жазып, Абай поэзиясының жан түкпіріне жететін асыл қасиеттерін музыка тілімен жапғастыру ісіне қызу атсалысты. Абай - тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілі пікірлер айтты. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер койнына кірер денең...» Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады. Абай музыканы таддауға материапистік тұрғыдан келіп, оны сыртқы дүниенің сәулесі деп топшылайды. «Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, Өмір сәуле көрсетер судай түнық...» - деп, Абай әннің сыртқы дүниенің сәулесі, бейнесі екенін көрсетті.

Қорытып айтқанда, Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қалғандай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі - Абай поэзиядағы сияқты музыкалық шығармашылықта да орыс халқының прогресшіл өнерінің артық шылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық музыкалық дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды. Сонымен қатар ақын, композитор, орындаушы - үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың арасында еңбек белісінің керектігін сезіп, өз аулында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу даусымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын қолданды. Оның ән, күй, орындаушылық женінде қысқаша айтып кеткендерінің әлі күнге дейін ұлкен мәні бар. Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда 
драмасатиратрагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс суретін бейнелейтін т. б. сан түрлі музыка бар. Ал оның музыкалық сыншылығында жан-жақты, терең философиялық пікірлер жатады.[1]
Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Әнші (лирикалық баритон), композитор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хор факультетін Е.Виноградов пен Н.Шарипованың класы бойынша курсты және Әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді. 1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгейімен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Хасанғалиевтің "Әдемі", "Асыл арман", "Өмірімнің жазы", "Атамекен" әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы мен материалды берудің көп салалығы тән. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сирия мен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. 

1970 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері. 1984 жылы Қазақстан Республикасының халық артисі. 2000 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.