Файл: за мерзімді жоспар блімі 1А атынастар жне пропорциялар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.03.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бекітемін:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар | Мектеп:Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ | ||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: Карткожакова Л.С. | ||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Масштаб | ||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) | 6.1.1.5 масштаб ұғымын меңгеру; 6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану; | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - масштаб ұғымын түсінеді; - екі санның қатынасын жазады; - пропорция ұғымын біледі; - картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады. | ||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы - масштаб ұғымын түсінеді; - екі санның қатынасын жаза алады; - пропорция ұғымын біледі; - картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады. | ||||
Тілдік мақсаттар | - Оқушылар: - берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады; - берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді; - пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды; - шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды; - картамен/жоспармен/сызбамен жұмыс барысында масштабты қолданады; Бөлім бойынша лексика және терминология - пропорция; - пропорцияның негізгі қасиеті; - пропорцияның шеткі мүшелері; - пропорцияның ортаңғы мүшелері; - пропорцияның белгісіз мүшесі; тура пропорционалдық тәуелділік; кері пропорционалдық тәуелділік; - масштаб; - Жер бетіндегі арақашықтық; - картадағы /сызбадағы/ жоспардағы арақашықтық; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз; - а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз; - пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек; - пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек; - берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...; | ||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Өмірмен байланысты есептер | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру | ||||
Бастапқы білім | Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 - 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша тапсырмалар: «Ыстық орындық» әдісі бойынша сұраққа жауап алу. Оқушылар өз еркімен шығады. Басқа оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді. Ой қозғау: C-1: Екі санның қатынасы дегеніміз не? С-2: Тура пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не? С-3: Кері пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не? | Презентация | |||
6– 13 мин | Топпен жұмыс: Тәжірибелік жұмыс.
Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ постер қорғайды. | http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab Қосымша 1 | |||
14 – 23 мин | Жаңа сабақ: Мұғалім: Географиялық карталарда қалалардың арақашықтығы, үйдің планында үйдің өлшемдері қалай кішірейтіліп беріледі. Мысалы, кітап беті тік төртбұрыш пішінді: ұзындығы 2 дм 1 см, ені 1 дм 4 см. Кітап бетін дәптерге кескіндейік. Ол үшін:
Сызбадағы 1 см кітаптың нақты өлшемінің 7 см-іне тең. Мұны масштабы 1:7 немесе болатын кітап бетінің кескіні дейміз. Географиялық карталар белгілі бір масштабпен дайындалады. Анықтама: Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын масштаб деп атайды. Мысалы: гелграфиялық картаның масштабы 1 : 100 000 болса, онда картаның ұзындығы 1 см кесіндіге жер бетінде 100 000 см = 1000 м = 1 км қашықтық сәйкес келеді. Керісінше, жер бетіндегі 1 км қашықтық географиялық картада 1 см кесіндімен кескінделеді.
Екі қаланың картадағы арақашықтығы 3,5 см. Жер бетіндегі арақышықтығы 175 км. Картаның масштабын табыңыздар. Шешуі: 175 км = 175 000 м =17 500 000 см 3,5 : 17 500 000 =1 : 5 000 000 Жауабы: Картаның масштабы: 1 : 5 000 000 немесе
1 : 2 500 000 масштабымен берілген картада екі қаланың арақашықтығы 6 см. Екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығын табыңыздар. Шешуі: х- екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы. Масштаб анықтамасын пайдаланып, пропорция құрамыз: Жауабы: 150 км Әр түрлі сызбаларда масштаб әртүрлі сандық мәндерге ие болады. Масштаб географиялық карталарда : 1 : 250 000 000 ; 1 :1 000 000 ; үй бөлмелерінде: 1 :200 ; 1: 250 ; бөлме ішіндегі заттар үшін: 1 :50 ; 1: 10 т.с.с. болады. Кішкене жәндіктердің , ұсақ бөлшектердің өлшемдері сызбада үлкейтіледі. Мұндай жағдайда қатынастың алдыңғы мүшесі оның соңғы мүшесінен үлкен болады. Мысалы: 5:1; 10 :1 ; 100:1 – үлкейту масштабтары. | | |||
24 – 25 мин | Сергіту сәті. «Көңілді күн» | | |||
26 – 37 мин | Жалпы сыныппен жұмыс А деңшейі №1. 1 :12250000 карта масштабын пайдалана отырып, Астана мен Тараз қалаларының Жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар. Жауабы: 919 км. №2. Пішіні квадрат тәрізді жер бөлігінің сызбасы 1:500 масштабымен жасалған. Оның қабырғасы сызбада 16 см. Осы жер бөлігінің ауданын есептеп табыңыз. Жауабы: 6400 м2 В деңшейі №1. А стана мен Атырау қалаларының Жер бетіндегі арақашықтығы 1500 км болса, онда карта масштабын табыңдар.Жауабы: 1:20000000. №2. Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73500м2. Масштабы 1:7000 сызбада осы алаңды кескіндегенде, ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның енін табыңыз. Жауабы: 210 м С деңшейі №137 Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73 500 м2 . Осы алаңды масштабы 1 :7 000 сызбада кескіндегенде , ұзындығы 5 см тік төртбұрыш шықты. Алаңның жер бетіндегі ені неше метр? Жауабы: 210 м №140. Картада А және В қалаларының арасы 2,8 см, ал В және С қалаларының арасы одан 7 см артық. Егер А және В қалаларының жер бетіндегі арақашықтығы 180 км болса, В және С қалаларының арақашықтығы неше км? Жауабы: 630 км | Қосымша 2 Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. | |||
Сабақтың соңы 38 - 40 мин | Үйге тапсырма: Масштаб № №120, №128, №139 Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут) «Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).
| Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен графикалық диктантты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Өз беттік жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Сергіту сәті |