ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.03.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№190 орта мектеп
«Желтоқсан ақиқаты»
танымдық сағаты
Тарих пәнінің мұғалімі: А.Сарсенбаев
2022-2023 оқу жылы
Бекітемін:
Күні: 15.12.2022
Танымдық сағатының тақырыбы: «Желтоқсан ақиқаты»
Мақсаты: Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіре отырып, тәуелсіздік үшін, еліміздің болашағы мен келер ұрпақ үшін жанын қиған азаматтардың ерлігі, қайсарлығын, көрген табыстарын, рухани еркіндігін, адам құқығы мен бостандығын дәріптеу. Отанды сүюге, өз елін қорғауға, туған елді көркейтуге тәрбиелеу. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: слайд, интерактивті тақта, бейнероликтер
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар біз бүгін Қазақстан мемлекетінің тарихында үлкен орын алатын тарихи оқиғаны қарастырғалы отырмыз. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі.
Біз ежелден даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген желтоқсанға қатысқан жастар жайлы әңгімелейміз. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі - ол оқиғалардың халық тағдырымен байланысында.
1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан қаралы да, қасіретті күн еді.
Оқушыларға сұрақтар қойылады?
1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?
2. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ?
3. Қазақ жастары осы күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді ?
4. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?
5. Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай? - деген сұраққа өздеріңіз тапқан жауаптарыңызды ортаға салуға шақырамын.
Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Оны біз төмендегі куәгерлердің сөзінен байқаймыз.
Бейнеролик: «Желтоқсан тағылымы»
Мұғалім: Қазақ жастары осы күндері қандай қиянат, қиындықтар көрді?
17-18 желтоқсанда Алматыда дәрігерлік көмекке жалпы: 286-адам ,213-ер, 73-әйел, 281- қазақ, 2-орыс, 1-шешен, 1-түркмен,1-армян, 86- жұмысшы, 79- судент, 21-қызметкер, 15-оқушы, 82-анықталмағандар болса...83-адам 73 –ер 11-әйел 82-қазақ, 1- башқұрт, 22- Жоғарғы оқу орнының студенттері, 12- техникум студенті,2- оқушы, 13-қызметкер, 70- жұмысшы, 1-колхозшы, 1- жұмыссыз
Желтоқсан құрбаны: Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды?
Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай, Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертай т.б. тоқталып кетуге болады.
Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13.03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта 8-жылдық білім алған. 1981-83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп,1984-86 әскери қатарға алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады.Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап Савитскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылып 6- ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:
«Желтоқсан құрбандары» Желтоқсан жаңғырығы шет елдерге де жетті. Шет ел азаматтары алаңға шығушыларға қолданған шараларға өз наразылықтарын, әсіресе 6-ай жүрген тергеуден соң қазақ түрік баласы Қайраттың өлім жазасына кесілуі қатты қобалжытты. Атап айтатын болсақ: Польша, Венгрия, Чехия, Түркия, Батыс Германиядағы түрік елі комитеттері М.С.Горбачевке өлім жазасына кесілген қазақ студентіне кешірім беру жөнінде мәлімдеме хат жіберді. Чехия «Харти -77 Польша-Бостандық пен бейбітшілік үшін күрес ұйымы-70 поляк өкілдерінің қолымен үндеулерін Кеңес Одағына жолдады.
1987 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен Қайратқа кесілген өлім жазасы 20 жыл бас бостандығын айырумен ауыстырылады.
Желтоқсан оқиғасына қатысушы: Қызылорда қаласы, «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Мәрсәлі Раушан Өмірбекқызымен онлайн сұхбаттасу.
Қорытынды: Желтоқсандық өрендер ұмытылмайды, ерліктері мәңгілік сақталады. Желтоқсан оқиғасы біздің еліміздегі дүние жүзіне мойындатқан күн. Тәуелсіздік алған 1991 жылдың 16 желтоқсаны - ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Алдағы келе жатқан тәуелсіз елдігіміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын!