Файл: Жетісу облысы, Саран ауданы, Саран аласы. Н. Островский атындаы мектеплицейі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жетісу облысы , Сарқан ауданы , Сарқан қаласы. Н.Островский атындағы мектеп-лицейі

Физика пәнінің мұғалімі: Қалибеков Нұрлан Сұлтанңғазыұлы

Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Гидростатикалық қысым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;

7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңының ұғымдарының теориялық негізгі мағынасын біледі7

Көптеген оқушылар істей алады: сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады

Кейбір оқушылар істей алады: сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біліп өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы
Өткен білімді еске түсіру

10 минут

Жаңа білім

10 минут

Бекіту
15 мин

Кері байланыс

Сабақтың соңы.

10мин

Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру :

Оқушылар қатар бойынша қатты дене қысымы туралы постер жасап , оны қорғайды.

Бағалау оқушылар ақ бетке мына суретті салады.


Оқушыларды сабақтың мақсатымен және тірек сөздермен таныстыру:

Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

Тірек сөздер: Паскаль заңы , Қысым.

Жаңа сабақ



Оқушылар сұйықтардағы қысымға байланысты видео көрсету.

WhatsApp Video 2023-01-16 at 17.44.17 (1)
Практикалық жұмыс. Есеп шығару .
Оқушыларға қатар бойынша 1-қатар «Су» 2-қатар «Бензин»

3-қатар «Бензин» осы сұйықтықтар мензуркамен беріліп , биіктігі 3см дейін құйылады.
№1(а) су

Мензуркаға биіктігі 3см су құйылды , берілген сұйықтықтың қысымын анықта.

№2 (б) БЕНЗИН

Мензуркаға биіктігі 3см бензин құйылды , берілген сұйықтықтың қысымын анықта.

№3 (с) Су

Мензуркаға биіктігі 3см су құйылды , берілген сұйықтықтың қысымын анықта.
Бағалау

Әр-қатар оқушыларына есеп шығарғандарына 2балл беріледі.

Оқушылар ақ беттегі суреттерін жалғастырады.


Оқушыларға қатты денедегі қысыммен сұйықтағы қысымның тең екенін дәлелдеп , формула арқылы көрсету.
P=F/S => F=mg =>P= mg/S => m=pV => P = pVg/S=>V=sh

=>P= pshg/s => P=pgh

Практикалық жұмыс. Есеп шығару .
Оқушыларға берілген мензурдағы сұйықтықтың массасын анықтап . қатты дене қысымының сұйықтағы қысыммен тең екенін дәлелдейді. Оқушыларға есептер қатар бойынша беріледі.


№2 (а) СУ

Мензуркаға құйылған судың массасы 21 гр , берілген мензурка ауданы 0,7*10(-3) м2 , мензурканың түсіретін қысымын анықта.
№2 (б) Бензин
Мензуркаға құйылған бензин массасы 16,8гр, берілген мензурка ауданы 0,7*10(-3) м2 , мензурканың түсіретін қысымын анықта.
№2 (сүт)
Мензуркаға құйылған сүт массасы 16,8гр, берілген мензурка ауданы 0,7*10(-3) м2 , мензурканың түсіретін қысымын анықта.

Бағалау

Әр-қатар оқушыларына есеп шығарғандарына 3балл беріледі.

Оқушылар ақ беттегі суреттерін жалғастырады.




«Денотат» әдісі арқылы қатты және сұйықтағы қысымның айырмашылықтарын табады.(мысал ретіндегі постер)




Бағалау

Әр-қатар оқушыларына есеп шығарғандарына 3балл беріледі.

Оқушылар ақ беттегі суреттерін жалғастырады.






«Ой қозғау» ЛОГИКАЛЫҚ СҰРАҚ. Оқушылардың сабақты қалай түсінгендерін тексеру.

1 литр су ауырма 1литр бензин ауырма ?
Бағалау

Жауап берген оқушы қатарына 1балл беріледі.

Оқушылар ақ беттегі суреттерін жалғастырады.




Рефлексия .Кері байланыс . « ТИК-ТОК» ӘДІСІ






Сабақ ұнаса . сабақта бәрі түсінікті болса -лайк

Сабаққа сұрақ болса – коммент

Сабақта толықтай түсінікті болса- бөлісу

Оқушылар стикерлерге оз ойларын жазып , сол суреттерге жапсырады.
Бағалау

Оқушылар топпен бағаланады.


Оқушылардың салған суреттері бойынша , топ-топпен бағаланады.

Үйге тапсырма : Паскаль заңы ; Күнбағыс майының қысымын дәлдігін дәлелдеу


Оқушылар пікірталасқа белсенді түрде ат салысады, өзгелердің пікірін құрметтейді.


Оқушылар бұл әдісте оқулықтан ізденіп,

сұрақтардың жауабын беріп, келесі оқушыға сұрақ жолдайды.

Осы қабаттарда орналасқан физикалық шамалар арқылы гидростатикалық қысымның формуласын математикалық түрлендіру арқылы шығарады

Оқушылар жеке жұмыс жасап алған теориялық білімдерін практикада есеп шығаруда қолданады

Оқушылар осы сабақты қаншалықты түсінгендерін, өз ойларын қағазға жазып, бүгінгі сабақтан алған деңгейін жетістк сатыға жапсырады



Бағалау критерийлері

-Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңының ұғымдарының теориялық негізгі мағынасын біледі

- Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады

- Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біліп өмірмен байланыстыра алады.

Дескриптор:

-Паскаль заңының физикалық мағынасын түсінеді

-Сұйықтар мен газдардағы қысымның қатты денлередегі қысымнан айырмашылығын біледі.

Жалпы балл-4

Дескриптор:

-Әр деңгейде орналасқан шамалардың физикалық мағынасын ашады

-Кезекті параметрді сипаттай отырып,формуласын жаза алады.

-Математикалык түрлендіру арқылы соңғы нәтижені шығара алады.

Жалпы балл-3

Дескриптор:

- Есеп шарты бойнша шамалар физика тілінде дұрыс жазылған

-Өлшем бірлік түрлендірілген, формула жазылған.

-Жауабы сәйкес, толық өлшем бірлігімен

Жалпы балл-3

Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады.


Смайликтер


Стикерлер