Файл: Саба таырыбы Кірістірілген шарттарды бадарламалау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақ тақырыбы

Кірістірілген шарттарды бағдарламалау




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.1 -программалау тілінде алгоритмді жазу.

7.3.3.2 -сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу; екіден көп шарттардан тұратын алгоритмдерді жобалау.


*

Барлық оқушылар :

  • Күнделікті өмірден қарапайым және күрделі шарттарға мысалдар келтіре алады.

  • Қарапайым және күрделі шарттарды қолдануын ажырата біледі.

Басым бөлігі:

  • Кірістірілген шарттарға алгоритм түзеді.

  • Түзілген алгоритмді программалық кодқа алмастырады.

  • Өңдеу тәсілдерін таниды.

Кейбір оқушылар:

  • Операторлардың маңыздылығы мен айырмашылықтарын ажырата біледі.

  • Жоба құра алады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану,талдау

Бағалау критерийі

Сызықтық және тармақталу алгоритмдерге мысалдар келтіру, программада қолдануын білу.

Тармақталу алгоритмдегі кірістірілген (екіден көп) шарттарды ажырату және бағдарламалау.


Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика және терминология.

  • Алгоритм, программаны өңдеудің кіріктірілген ортасы (С/С++, Python, Delphi, Lazarus), визуальды (VISUAL) ортада жобалау, бағдарламалау тілі (Pascal).

  • Код, операторлар, If-then-else тармақталу операторлары.

  • шарт, кірістірілген шарттар.

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Бұл сабақта мен алгоритмдерді бағдарламалау туралы білімдерін жетілдіріп, адам өмірінде … түсіндім.

Бағдарламалаудың жоғары деңгейлі тілдеріне … жатады.

Егер..., онда..., әйтпесе...

Келесі сабақта маған … қажет.

Бұл есепті … қолданып шығаруға болады.

Бағдарламалау жүйесің қарқынды дамуына байланысты программаны өңдеудің кіріктірілген ортасы ... арқылы жобаларды құру кеңінен қолданады, себебі… .

Құндылықтарға баулу


оқушыларды бағдарлама жазу, өрнектерді пайдаланып компьютерде жұмыс істеуін дамыту, қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Машинелік код, күнделікті өмірмен байланысы, математика , ағылшын тілі

Алдын ала білім


Сызықтық және тармақталу алгоритмдерді бағдарламалау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет


Ресурстар

Сабақ басы

І.Ұйымдастыру

(0-3 мин)

(4-9 мин)



-оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

-жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;

-ОБЪЕКТ, ПРОЕКТ топ атаулары бойынша суреттелген мозайканы құрастыру арқылы оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу («мозайка» әдісі).

(Ү/ж) «Миға шабуыл » әдісін пайдаланып, сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын сұрау:

  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Күнделікті өмірден мысалдар келтір.

  • Тармақталу алгоритм дегенді қалай түсінесің? Мысалдар келтір.

  • Шартты тексеру операторларын ата?

  • Күнделікті тұрмыста әртүрлі кедергілер арқылы туындайтын шарт­тарды қалай шешеміз?

  • Визуалды ортада шартты тексеру және тармақталу алгоритмдерін қалай жобалауға болады?

  • Шарт қою және шарт тексеру мүмкіндігі болмаса біздің өміріміз қалай өзгерген болар еді?

«топтағы мотивация» тур. мультфильм,

топ атаулары суреттелген мозайка,
Оқулық,

маркер, АКТ




Сабақ ортасы

Түсіну, білу

(10-15мин)

(16-21 мин)

(22-25 мин)

Қолдану, талдау

(26-41 мин)


(С) «Серпілген сауал» әдісін пайдаланып, операторларының жазылу нұсқалары көрсетілген плакаттар, слайдтар көрсетіп, топтар арасында біріне-бірі сұрақтарды «лақтыру» арқылы жаңа тақырыпты ашу.



К іріктірілген шартта бір IF операторының құрамына екінші IF операторы енеді. Егер THEN және ELSE қызметші сөздерінен кейін IF операторы қолданылса, онда мұндай шарт кіріктірілген шарт деп аталатынын айту.
(Т/ж) Тақырыптың мақсатын ашуға тапсырма: Функцияның мәнін есептеу үшін кіріктірілген шарттарды пайдалану.
1-топ: 2-топ:


СЕРГІТУ: муз.сүйемелдеумен оқушылардың бойын сергіту мақсатында FLASH MOB

ұйымдастыру, «кір жуу» жаттығуын жасау.
(П/ж)

  • А деңгейінде : Бер.есептің алгоритмін түзіп, Паскаль тілінде бағдарламалау, нәтижесін компьтерде көрсету.

1-есеп: А бүтін саны берілген. А санның оң немесе теріс сан екенін анықтаңдар. Егер берілген сан оң болса «1», теріс болса «-1», сан нөлге тең болса «0» деген жауап шықсын.

Алгоритмді алдын ала жазу жолы:

Есепте A>0, A<0 шарттары туындайды. Бұл есепте нөлге тең жағдайын қосып қарастырсақ, онда шарттардың саны екеу емес, үшеу болады. Екі шарттан артық болған жағдайда кіріктірілген шарттарды қолданамыз.


  • В деңгейінде оқушыға тапсырма: Бер.есептің алгоритмін түзіп, Lazarus бағдарламалау ортасында бағдарламалау, нәтижесін компьтерде көрсету.

2-есеп: А бүтін саны берілген. А саны нөлге тең болса, «нөл», бірге тең болса «бір», екіге тең болса «екі», әйтпесе «Бұл санды білмеймін» сөздері экранға шықсын. Жобаның орындалу кезеңдері бойынша орында.

  • С деңгейінде оқушыға тапсырма: Паскальда жазылған программаны Lazarus бағдарламалау ортасына аудару; «Эйлер-Венн диаграмасы» әдісін пайдаланып, программалау тілдерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсетеді.

  • Қосымша тапсырмалар: С деңгейінде бер. есептің шарты бойынша программалық код құру.

3-есеп: Үшбұрыш

a,b,c қабырғалар берілген. Осы қабырғалардан үшбұрыш құруға болама? Егер болса, бағдарлама «Үшбұрыш құрайды», әйтпесе «Үшбұрыш болмайды» деген жауап беру керек.

Алгоритмін алдын ала жазу: a, b, c қабырғаларынан үшбұрыш құру үшін бұл қабырғалар мына шартты орындалу қажет: a+b >c, a+c >b, b+c >a a+b>c, a+c>b, b+c>a, (a>0, b>0, c>0)

плакаттар,Акт

ашық сұрақтар топтамасы,



Постер

МР3 файл

АКТ, тапсырмалар,

кеспелер



тапсырмалар,

кеспелер


Сабақ соңы

(42-45мин)




КЕРІ БАЙЛАНЫС:

- ненібілді, неніүйренді

- не түсініксіз қалды

- немен жұмыс жасау қажет



Стикерлер, конверт

Бағалау критерийі

Сызықтық және тармақталу алгоритмдерге мысалдар келтіру, программада қолдануын білу.

Тармақталу алгоритмдегі кірістірілген (екіден көп) шарттарды ажырату және бағдарламалау.


Дескриптор

  • операторлардың жазылу нұсқасына қарай жіктеу;

  • берілген функцияны есептеуде кіріктірілген шарттарды қолдану;

  • түзілген алгоритмді ПАСКАЛЬДА бағдарламалау;

  • түзілген алгоритмді LAZARUS -та бағдарламалау;

  • ПАСКАЛЬДА жазылған программаларды LAZARUS -қа аудару, ұқсастығы мен ерекшеліктерін көрсету;

  • берілген есепке программалық код құру.

Саралау

  • Алдынғы білімді анықтау мақсатында деңгейі әртүрлі оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қойылды. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл ойнады.

  • Сұрақ қою арқылы (сызықты операторшарт тексеру операторларытармақталу операторларында кездесетін кіріктірілген шарттар) жаңа сабақты ашылады.

  • Жаңа тақырыптың мақсатына жетудің алғашқы қадамы – постерде функцияны шешуде кіріктірілген шарттарды пайдалануды ұсындым.

  • Бүгінгі тақырып бойынша оқушы білімін нақтылау мақсатында практикалық жұмыс орындалды. Деңгейлік тапсырмалар беріледі.

  • Қабілеті жоғары оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі қосымша тапсырмалар түзетіліп отырылады.

Бағалау –

«Миға шабуыл», «серпілген сауал», «постер қорғау» «Эйлер-венн диаграммасы» әдіс-тәсілдерін пайдалану, практикалық жұмысты орындау қалыптастырушы бағалау «СМАЙЛИНГТЕР», «БАҒДАРШАМ», «БАС БАРМАҚ» арқылы жүргізіледі.

Кері байланыс «SMS ХАБАРЛАМА» әдісімен мүмкін болған тұста оқушылар өз жұмысын және өз сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




  • техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру;

  • көзге арналған

жаттығулар т.б.



0>