Файл: І. Дастархан басында саталатын ырым тыйымдар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

І. «Дастархан басында сақталатын ырым — тыйымдар»

Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің. Дастарханнан аттама.

Әкесі отырғанда баласына бас атртылмайды.

Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.

Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.

Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бұл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлер»

Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыхананың берекесі» деп қасиет тұтады.

Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамаша, ас – су беруге жайылады.

Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.

Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.

Күнделікті отбасының тамақтануынада ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.

Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.

Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы еі үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.

«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.

Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.

Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылатын су жылы болуы керек.

Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Ас ең алдымен ата - анаға, үлкен кісіге ұсынылады. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыханның берекесі»,- деп қасиет тұтады. Дастархан дәмі - киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады,- дейді халық. Дастархан - отбасының тамақтануына, үйге келген қонаққа дәм таттыруға жайылады. Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады. Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалықты сақтау рәсімдері орындалады. Тамақтанып болған соң ең үлкен, әрі құрметті адам асқа бата береді. Тойларда дастархан жаю - мәдениетті дәстүр болып саналады.


Қазақ халқы дастарқан мен дәм-тұзды ерекше қастерлеп, қадірлейді. Дастарқан мен нанды және тұзды «киесі атады» деп баспайды. Дастарқанды құт-береке, бақыт-байлық, ырыс-ынтымақтың ұйытқысы, нанды адам арқауы, тіршілігінің тірегі деп қарап, қандай жерде азықтанса да, ең алдымен, «бісміллә» деп дастарқан жайып барып азықтанады.

Әдетте, әрбір отбасы асқа отырар алдында қол жуады. Онан соң дастарқан жайып, отбасы мүшелері түгел жиналып, жас мөлшеріне қарай төрден бастап дастарқанды айнала отырып тамақтанады. Шайды сол үйдің әйелі, қызы немесе келіні құйып беріп отырады. Қонақ келсе, оған жасы мен жолына қарай төрден немесе өзіне лайықты жерден орын береді.

Қазақ халқы дастарқан тәрбиесіне ерекше мән берген. Асқа отырғанда әркім өзінің жасына, жолына қарай лайықты жерде малдас құрып отырған. Басқалардың алдында тағамға озбырланып қол созбау, тамақты олай-бұлай араластырмау, дастарқан үстінде шаш тарап, айнаға қарамау, тамақты ағызып-тамызып, төгіп-шашпау қажет. Ас үстіне келген адамдарға дәм татқызып, үлкен кісілер келсе тұрып орын беру, елдің ас-тағамына мән, сын тақпау, басқалар тамақ ішіп жатқанда «болдым» деп орнынан тұрып жүріп кетпеу, жата қалмау, теріс қарап отырмау, дастарқанға бата жасалған соң тұру сияқты жөн-жоралғылар үйретіледі.

Қазақ халқы ас-су, азық-түлік тазалығы тәрбиесінде ұрпақтарына «Тазалығың жақсы болса, денің сау болады», «Лас су ішіп, бұзылған тамақ жеген – аурудан айықпас», «Ауру мен дерттің анасы – ластық», «Қол мен ауызды жумай ас ішкенің – тас ішкенің» деп сусын мен азық-түлік тазалығына мұқият қараған. Тіпті «Тазалығы жоқтан ар-ұят сұрама» деп тазалықты ар-ұятпен сабақтастырған.

Бұл тәрбиеде қазақ халқы перзенттеріне ас-тағам әзірлейтін кезде немесе түйе, қой, бие, сиыр сауу алдында қолды, ыдысты таза сумен жуып, онан соң ас-су әзірлеп, мал сауу керек екендігін ұғындырады. Асқа отыратын кезде міндетті түрде қол жуып, онан соң ас ішілетіндігін, қонақ келсе қолына су құйып, таза орамал ұсыну қажеттігін егжей-тегжейлі үйретеді.

Қазақ халқы ауызсу тазалығына да ерекше көңіл бөлген. Ұрпақтарына таза бастау, бұлақ сулары мен құдық суларын пайдалануды үйретіп, лас, жарамсыз суларды пайдалануға қатаң тыйым салған. Ас-тағамдарды таза қолдану, ет-сүтті әбден пісіріп барып пайдалану, тамақтың алдында, соңынан қол жуып, ауыз шайқау, азық-түліктердің бетін ашық-шашық тастамай жауып жүру, тісті аршадан басқа нәрсемен шұқымау, түрегеліп жүріп, жатып, жүрелеп отырып ас ішпеу және тамақ іше салып жата кетпеу сияқты толып жатқан ғылыми қағидаларды түсіндіріп, ұрпақтарының таза, ретті азамат болып жетілуіне күш салады.