Файл: 15 жалпы білім беру мектебіні 4 З сыныбында Туелсіздік тырым! таырыбымен ткізілген трбие саатына Апарлама ткізілген кні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 29.03.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№15 жалпы білім беру мектебінің 4 «З» сыныбында
«Тәуелсіздік – тұғырым!»» тақырыбымен өткізілген тәрбие сағатына
АҚПАРЛАМА
Өткізілген күні: 15.12. 2022 жылы
Қатысқаны: 25
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасы өз алдына дербес ел болуына 31 жыл толуымен таныстыру, тамыры терең тарихын еске түсіру. Оқушылардың білім деңгейін топтық жұмыс барысында арттыру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін таныта білуге үйрету. Оқушылардың тілін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу. Отанын сүюге, мақтаныш етуге, еліміздің нағыз азаматы бола білуге, ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қазақстан» суреттер, сызбалар, түсті қағаздар.
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңінде «Молекула» әдісімен 4 топқа бөлініп,
ширату мақсатындасұрақтар берілді:
1.Отанымыз қалай аталады? / Қазақстан /
2. Қазақ елі қандай мемлекет? / тәуелсіз /
3.Тәуелсіздікті қашан алды? / 1991 жыл /
4.Мемлекеттік тіліміз қай тіл? / қазақ тілі /
5.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері. /Елтаңба, Ту, Гимн /
6.Елтаңбаның авторы кім? /Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов/
7.Көк тудың авторы кім? / Шәкен Ниязбеков /
8.Гимннің авторлары? /Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов /
Кіріспе бөлімінде тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап Қазақстанның жеткен
жетістіктері туралы ақпараттар беріліп, оқушыларға тәрбие сағатының өткізілу
барысы, яғни топтық жұмыстар түсіндіріліп өтті:
«Жазу» орталығы - Қазақстан бізге не болады?
үйіміз
Отан
Қазақстан
халқымыз
еліміз
бақытымыз
достығымыз
жеріміз
«Өнер» орталығы - Ребус шешу
-
,
лады.
, / Отан - отбасынан басталады. /
«Әдебиет» орталығы - Мақал-мәтелдерді толықтырып жазу
1.Халықтың ортақ үйі ... ( Отаны )
2.Отан- .... ыстық ( оттан да )
3.Туған жердің ...... ыстық, ..... ыстық (күні де, түні де )
4.Отансыз адам - ..... ( ормансыз бұлбұл )
5.Өзге тілдің бәрін біл, ..... ( өз тіліңді құрметте )
6.Өз елім - ... ( өлең төсегім )
7.Туған жердің жері де ..... , елі де .... ( көрікті, сүйікті )
8.Найзасыз ..... болмайды, таңбасыз .... болмайды.( ел, ер )
«Математика» орталығы - « Сандар сыры»
/ сөздерді тиісті сандарға орналастырып, жасырын сөзді табады/
1991 | 1992 | 1993 | 1.05 | 7. 05 | 6. 07 | 30.05 | 25.10 | 16.12 |
Қ | А | З | А | Қ | С | Т | А | Н |
1991 – Тәуелсіздік алған жыл.
1992 – ҚР – ның мемлекеттік рәміздер бекітілген жыл.
1993 – Ұлттық теңге шыққан жыл.
6. 07 – Астана күні.
7. 05 – Отан қорғаушылар күні
1.05 – ҚР – ның халықтарының бірлігі күні.
30.08 – Конституция күні
25.10 – Республика күні
16.12 – Тәуелсіздік мерекесі
«Өнер» орталығы - Суретті сөзжұмбақ шешу
Қарбыз – қ , асқабақ – а, зымыран – з, айна – а, құлпынай – қ, сүлгі – с, тарақ – т, алмұрт – а, нан – н.
Шешуі: ҚАЗАҚСТАН
« Әдебиет » орталығы - Өлеңді тиісті сөздермен толықтырып жазады.
Мен оның ............... сүйем, күнін сүйем,
Ағынды ..............., асқар тау, ................... сүйем.
Мен оның .............................. тілін сүйем,
Мен оның .............................. үнін сүйем.
Бар .................... сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған ......................... – деп сыбырлаған.
Тиісті сөздер: қасиетті, түнін, Отан, құдіретті, жәндігін, өзен, гүлін.
« Жазу » орталығы - «Тәуелсіздік» деген нені білдіреді?
Т – тыныштық;
Ә – әлемге танылу;
У – уақытпен жаңару;
Е – еңбек ету;
Л – лайықты болу;
С – сыйластық, сенім;
І – іскерлік;
З – зәулім;
Д – достық;
І – ілім жинау;
К – кекшіл болмау, көпшіл болу.
« Математика » орталығы - Сөзжұмбақ шешеді
1 ғасыр = …….. жыл | | Ж | Ү | З | | |
а + 4 = 36 бұл .......... | Т | Е | Ң | Д | Е | У |
Сұйық затты өлшеу бірлігі | | Л | И | Т | Р | |
Тік төртбұрыштың бұрыштары | | Т | І | К | | |
Ең үлкен бір таңбалы сан | Т | О | Ғ | Ы | З | |
Санды арттыруға арналған амал | | Қ | О | С | У | |
3-ке қай сан санды көбейткенде 24 саны шығады? | | С | Е | Г | І | З |
1 минутта неше секунд? | | А | Л | П | Ы | С |
10, 20, 30, 40, ..., 90 –қандай сандар? | О | Н | Д | Ы | Қ | |
Тәрбие сағаты оқушыларды Қазақстанның болашағы ретінде білімді ұрпақ болуға шақыру мен Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы керемет өлеңін жүрекке жеткізіп орындаумен қорытындыланды.
Қазақстан территориясы бойынша дүние жүзінде 9- орын алады, ал ТМД елдері бойынша 2 орын алады. Қазақстан алға нық қадам жасап, игілікті істермен ілгері басып келеді.Бүгінгі таңда бүкіл халықтың ой–ниеті татулықты, өрлеуді сақтау, әл- ауқатты арттыру.
Ел болашағы, оның өркендеуі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан ел үмітін ақтайтын ер – азамат болыңдар.
Тәуелсіз елдің білімді, салмақты, байыпты, саналы, салауатты азаматы болуға тырысайық. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мұқағали Мақатаев
ОТАН ТУРАЛЫ
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «ОтанІ» - деп сыбырлаған.
Жаным менің, кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем ...
Мектеп қабырғасында өткізілген іс-шаралардың бала тәрбиесіне маңызы зор.
Сынып жетекшісі П.Әбдіқадыр