Файл: 3 тапсырма Химиялы жне биологиялы заымдану ошатарыны сипаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3 тапсырма

Химиялық және биологиялық зақымдану ошақтарының сипаты

Радиоактивті  зақымданудың себептері ядролық  жанармайлардың бөлетін қосындылары, топырақта немесе басқа материалдарда  нейтрондардың әсерінен пайда болатын радиоактивті изотоптар – бағытталған белсенділік, сонымен қатар ядролық зарядтың бөлінбей қалған бөліктері болып табылады.

Жарылыстың  радиоактивті зақымдағыштары үш түрлі сәулелену шығарады: альфа, бета және гамма. Олардың қоршаған ортаға әсер етуі ұзаққа созылатын үрдіс.

Себебі, жер  үстіндегі жарылыс кезінде отты шар өз бойына топырақ пен көптеген басқа да заттарды жинақтап, суыған кезде  радиоактивті бөлшектер жер  бетіне радиоактивті жауын түрінде  жауады. Бұлттың жылжу мөлшеріне орай, оның ізімен радиоактивті жауынның жаууы өтеді де, осылайша жер бетінде радиоактивті із қалады. Жарылыс ауданындағы және радиоактивті бұлттың қозғалу ізіне қарай зақымдану тығыздығы жарылыс көзінен алыстау мөлшеріне байланысты азаяды.

Іздің формасы  сан түрлі болуы мүмкін, ол нақты шарттарға байланысты болады. Іздің конфигурациясы радиоактивті бөлшектердің жерге түсуінен кейін ғана нақты анықталуы мүмкін.

Аймақ радиацияның 0,5 р/с деңгейінде зақымдалған болып  есептеледі.

Ыдыраудың табиғи үрдісіне байланысты радиоактивтілік азаяды, әсіресе жарлыстан кеәінгі алғашқы сағаттарда бұл үрдіс ерекше қарқынмен жүреді.

Химиялық  қару

Химиялық қарудың  негізін улағыш заттар (УЗ) – адамдар мен жануарларды, ауаны, аймақты, су қоймаларын және аймақтағы әр түрлі нәрселерді зақымдайтын улағыш химиялық қосылыстар құрайды. Кейбір УЗ өсімдіктерді жоюға арналған.

Химиялық қару-жарақтарда, құралдарда УЗ сүйық немесе қатты  күйде болады, химиялық қаруды қолдану кезінде УЗ дайындық күйіне – бу, аэрозоль немесе тамшылар түріне өтіп, адамдарды тыныс алу мүшелері арқылы немесе денеге тиген кезде тері арқылы зақымдайды.

Физиологиялық әсер етуіне қарай УЗ бірнеше топқа  бөлінеді:

  • Жүйке-паралитикалық әсерлі УЗ – зарин, зоман, VХ (ви-икс). Олар жүйке жүйесі қызметін бұзады, бұлшық ет дірілін, сал ауруын немесе өлімді туындатады.

  • Тері-іріңдік әсерлі УЗ – иприт. Теріні, көзді, тыныс алу мүшелерін және ас қорыту жүйесін (ішке түссе) зақымдайды.

  • Жалпыулылық әсерлі УЗ – синиль қышқылы және хлорциан. Уланған кезде ауыр тыныс алу, қорқыныш сезімі, діріл мен сал ауруы пайда болады.

  • Тыныс тарылтқыш УЗ – фосген. Өкпені зақымдайды, оның ісінуіне, тыныстың тарылуына әкеп соқтырады.

  • Тітіркендіргіш УЗ – хлоацетофенон, адамсит, CS (си-эс) және CR(си-ар). Бұл УЗ тыныс алу органдары мен көзді тітіркендіреді.

  • Психохимиялық УЗ – B Z (би-зет). Тыныс алу мүшелері арқылы қозғалыс координациясын бұзады, елестер мен психикалық бұзылуларды туындатады.


Жүйке-паралитикалық  әсерлі УЗ, тері-іріңдік әсерлі УЗ, жалпыулылық әсерлі УЗ және тыныс тарылтқыш УЗ өлімге душар ететін УЗ болып табылады. Ал тітіркендіргіш УЗ мен психохимиялық УЗ адамды уақытша істен шығарады. Зақымдау жылдамдығына байланысты тез әсер ететін УЗ (зарин, зоман, синиль қышқылы, CS (си-эс) және CR(си-ар ) ) және баяу әсер ететін УЗ (VХ, иприт, фосген, B Z ) болып бөлінеді.