Файл: 1.Экспо2017 азастанны белесі блімі бойынша жиынты баалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

№1.«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сабақтың мақсаты:

9.4.3.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу

Сыныбы:-------9

Орындау уақыты

15-20 минут


Оқушының аты – жөні:-----------------------------------------------------------------------------------

;1. Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді:

«ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді.

ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін.

«ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын!

1.Мәтінге ат қойыңыз________________________________________________ 1 балл

Берілген сөйлемдердегі бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз
ЭКСПО өткізіліп жатқан уақытта туристік қызметке деген __________ 1,8 есе өсті.

Көрме барлық елдің _______________________ _____________________ потенциалын көрсетуге жол ашты.

Халықаралық көрме өткізу арқылы еліміз «жасыл» технологияларды _____________________ __________ дәлелдеді.

Көрме кешені _____________________ мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. 4 балл

2.Айтылым.

5 балл

1.ЭКСПО тарихы
2. «ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстанға не берді?


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы



Сөздер мен терминдердің

мағынасын түсінеді



1

- мәтінге ат қояды.

- бос орындарға қажетті сөздер мен

терминдерді қояды;

4

Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогқа

қатысады



2

тақырыпты ашады;

стильдік талаптарды сақтайды;

сұраққа қатысты пікір білдіреді;

өз пікіріне аргументтер келтіреді;

тақырып бойынша сенімді еркін сөйлейді.

1

1

1

1

1

Барлық балл:







10


Тексерілді:

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары: Тургенбаева Ш.С