Файл: Химиялы заттарды табии ортадаы айналымыны химиялы негіздері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өсімдіктерге қажетті үшінші негізгі элемент – калий. Ол қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейді. Дегенмен, калий тыңайтқыштарымен жерасты суларына қажеті жоқ хлордың көп мөлшері енеді. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданғанда, топырақ-климатты жағдайларда қолданылған тынайтқыштың ерекше қасиеттерін есепке алып ғылыми негіздемеге сүйену керек. Азотты тыңайтқыштарды пайдаланудың өсуімен байланысты топырақтағы нитраттың құрамы ғана емес, сонымен қатар өсімдік өнімдері де (көкөніс, бақша және жем-шөп дақылдары) бақыланады.
Химиялық заттармен ластану

Табиғи топырақтың құрамында үнемі металдармен (қорғасын, сынап, кадмий, мыс және т.б.) бейметалдардан (көміртек, мышьяк) бастап, күрделі органикалық қосылыстар сияқты әртүрлі химиялық заттар бар. Антропогенді факторлардың нәтижесінде топырақтың құрамындағы заттардың мөлшері артуда. Бұл жағдайда химиялық ластану қоршаған орта үшін қауіпті болады.

Топырақтың ластануы региондағы атмосфера жағдайымен тығыз байланысты. Топырақтың ластануының негізгі көзі ұшақтармен автотранспорттың түтіндері, өндірістік кәсіпорындардың қалдықтары, мұнайды қайта өңдеу өнімдері болуы мүмкін. Мысалы, қорғасынның мөлшерінің артуы автокөлік түтіндерінің есебінен атмосфералық эмиссияны туғызуы мүмкін (компост тыңайтқыштар, пестицидтер енгізу нәтижесінде және т.б.)

Жемісті бақтардың топырақтарында және бақшаларда қорғасын арсенатын қолдану салдарынан мышьяк концентрациясының жоғарылауы байқалады.

Кәдімгі топырақта сынаптың мөлшері 90-дан 250 г/га мөлшерінде. Бидайдың протравливания жағдайының әсерінен оның мөлшері жылына 5 г/га –ға дейін артып отырады. Дәл осындай мөлшер топыраққа жаңбыр арқылы да келіп түседі. Қосымша ластану тыңайтқыштар, компосттар енгізу және жаңбыр суы арқылы болуы мүмкін.

Топырақта кадмийдің мөлшерінің антропогенді артуы салдарынан, 1970 жылы Жапонияда топырақтың ластану мәселесін шешу алғаш рет қоршаған ортаның ластануын бақылау туралы заң қабылдау деңгейінде шешілді.

Топыраққа басқа да органикалық заттардың енуінен топырақтың сандық және сапалық өзгеруі және органикалық заттардың биосферада таралу механизмі қазіргі таңға дейін зерттелмеген. Органикалық заттардың топырақта өзгеру процесінде абиотикалық реакциялар сияқты, биотикалық реакциялардың, яғни топырақтағы тірі ағзалардың әсерінен, сондай-ақ гумустағы бос радикалдардың әсерінен жүретін реакциялардың атқаратын рөлі зор.

Топырақ сапасының экологиялық-химиялық сипаттамасы

Топырақтың экологиялық-химиялық сапасын практикалық тұрғыдан анықтаудың маңызды химиялық көрсеткіштері төмендегідей:

- органикалық қосылыстардың (гумус) жалпы мөлшері;

- азот (аммонийлі, нитратты және байланысқан органикалық қосылыстар);

- байланысқан көмір қышқылы ( кальций және магний карбонаттары);

- өсімдіктер үшін тағамдық заттар ( кальций, магний, калий, фосфор, микроэлементтер);

- микроэлементтердің биологиялық игеру қабілеттілігі.

Топырақтың сапасын анықтауда механикалық және фракциялыққ құрамы, сутектік көрсеткіш рН, тығыздығы, ылғалсыйымдылығы, гигроскопиялығы, ылғалдандыру жылуы, топырақ тесігінің көлемі, ион алмасу сыйымдылығы және т.б. сипаттамалар маңызды рөл ойнайды.


Алынбайтын қалдық

Ұзақ мерзімді кезеңі үшін топырақ сапасы негізінен онда қалыптасатын алынбайтын немесе байланысқан қалдықтармен анықталады.

Алынбайтын (байланысқан) қалдықтар өсімдіктер мен топырақта өзінің химиялық заттарын білдіреді, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылған иестицидтерден қалыптасады және химиялық құрамын өзгертпейтін, мысалы экстракция және айдау әдістерімен алынуы мүмкін емес. Осы орайда, олар бастапқы материалдарды немесе олардың туындыларын, не болмаса олардың ыдырау өнімдерімен сипатталады. Өсімдік құрамы мен топырақтағы өсімдіктердің алынбайтын қалдықтарын қорғау құралдары IUPAC (Теориялық және қолданбалы химияның Халықаралық кеңеңсі) талаптарына сәйкес анықталады. Алынбайтын қалдықтың мөлшерін атағанда, міндетті түрде оның алыну әдісін көрсетіп өту қажет.

Қазіргі заманғы білім деңгейіне сәйкес топырақтағы алынбайтын қалдыққа байланысты келесідей түрлері болуы мүмкін:



  • күрделі құрылысты саз материалдарды қосу;



  • қуыстарына гуминді макромолекулаларды ковалентсіз қосу;



  • молекулалардың сутекті байланысы – гуминді макромолекулалардың да қосылуы;



  • ван-дер-ваальс күштері;


  • заряд алмасуының өзара әрекеттесуі;



  • мономерлермен ковалентті байланыс және гумин макромолекулаларын кірістіру.



Ковалентті байланыс әсіресе реакциялық-қабілетті топтары бар заттар үшін маңызды, атап айтқанда, гумустің құрамына кіретін фенолдар мен ароматты аминдер. Жасушадан тыс ферменттер саңырауқұлақтарымен реакция катализделеді.



Топырақтағы химиялық заттардың (пестицидтердің) қалдықтарымен байланысты ұзақ уақытқа созылған микробиологиялық ыдырау процесі және гуминді материалдарды түрлендіруде қайтадан аздаған көлемде босатылуы мүмкін және өсімдіктер биологиялық активті бола бастайды. Сол себепті оның құрамына тұрақты бақылау жұмыстары қажет. Оған дейін, олар минералданбай тұрып немесе кез-келген жолмен көмірсулар алмасуына ене алмайды, алынбайтын қалдықтар қоршаған ортаға бөтен зат ретінде қарастырылуы тиіс.