Файл: Алтын сааматематикалы олимпиадасы20222023оу жылы Ікезе4сынып Атыжні Мектебі Сыныбы Тел нмірі 7 Атаанаызды тел нмірі барлыы 100 пай, уаыты 60 минут.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Алтын сақа»математикалық олимпиадасы2022-2023оқу жылы

Ікезең4сынып

Аты-жөні:Мектебі:Сыныбы:. Тел. нөмірі: +7 Ата-анаңыздың тел. нөмірі: +7 .

Барлығы 100 ұпай, уақыты 60 минут

І. Дұрыс жауапты таңдау (Әр тапсырма үшін берілген төрт жауап нұсқасының біреуі ғана дұрыс). (10 × 5 = 50 ұпай)

1. 1 га-дан 7 ц бидай алынатын болса, 45 га жерден неше ц бидай алынады?

A. 52 ц

B. 180 ц

C. 235 ц

D. 315 ц

2. Теңдеуді шешіңіз: 2023 ???? + 204 = 323.

A. 7

B. 17

C. 27

D. 107

  1. Аулада 25 тауық және бірнеше мысықтар жүр. Олардың бастарының саны барлығы 31 болса, аяқтарының санын есептеңіз.

    A. 24

    B. 62

    C. 74

    D. 124

  2. Екі оқушыда қаламдар бар. Бірінші оқушыда барлығы 60 қалам бар. Біріншісінде екіншісіне қарағанда 6 есе көп қалам бар болса, екеуінде қалам саны бірдей болу үшін біріншісі екіншісіне қанша қаламын беру керек?

    A. 25

    B. 50

    C. 75

    D. 150

  3. Тікбұрышты параллелепипедтің ені 3 см, ұзындығы 4 см және биіктігі 6 см. Параллелепипедтің көлемі 60 см3 болу үшін оның биіктігінен неше см қиып тастау керек?

    A. 1 см

    B. 2 см

    C. 3 см

    D. 4 см

  4. Ойын алаңының пішіні шаршы тәрізді. Ойын алаңының периметрі 840 м. Егер ойын алаңының жартысында футбол алаңдары, төрттен бір бөлігінде баскетбол алаңдары, ал қалған төрттен бір бөлігінде волейбол алаңдары орналасқан болса, футбол алаңдары мен баскетбол алаңдарының жалпы алып жатқан ауданы волейбол алаңдары алып жатқан ауданнан қаншалықты үлкен екенін табыңыз.

    A. 11 025 м2

    B. 22 050 м2

    C. 33 075 м2

    D. 44 100 м2

  5. 0, 6, 7, 9 цифрларын пайдаланып, цифрлары қайталанбайтын ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандар құрастырылды. Осы сандардың қосындысын табыңыз.

    A. 9 999

    B. 10 439

    C. 15 839

    D. 16 550

  6. Нұржол 18 минутта 900 м жүреді. Бақжолдың жылдамдығы Нұржолдың жылдамдығынан 3 км/сағ-қа артық. Онда Бақжол 24 минутта жаяу неше м жүреді?

    A. 1 272 м

    B. 1 678 м

    C. 1 800 м

    D. 2 400 м

  7. Төмендегі суретте әр жолдағы және әр бағандағы сандардың қосындысы өзара тең екені белгілі. Онда С+А+Қ+А қосындысы нешеге тең?





A. 12

B. 14

C. 20

D. 28

  1. 4 “А” сыныбының 21 оқушысы дене шынықтыру сабағында сапқа тұрды. Саптағы Саматтың сол жағындағы балалар саны оң жағындағы балалар санынан 4 есе артық. Ал саптағы Қанаттың сол жағындағы балалар саны оң жағындағы балалар санынан 4 есе кем. Самат пен Қанаттың арасында неше бала тұр?

A. 10

B. 11

C. 12

D. 13


ІІ. Бос орынды толтыру (Әр тапсырма үшін қалдырылған бос орынға есептің жауабын жазу керек). (10 × 5 = 50 ұпай)

  1. Пайда болған сан 5-ке бөліну үшін 2023 санына ең кем дегенде [ ] санын қосу керек.

  2. [ ] санын 67-ге бөлгенде, бөліндінің мәні 30-ға, қалдықтың мәні 13-ке тең.

  3. Арасы 400 км болатын екі қаладан қарама-қарсы екі көлік шықты. Біріншінің жылдамдығы 44 км/сағ, екіншісінікі 56 км/сағ болса, кездескенге дейін бірінші көлік [ ] км жол жүрді.

  4. Олжастың айлық жалақысы 160 мың теңге. Ол жалақысының төрттен бірін тамаққа, сегізден бірін жол жүруге жұмсайды. Ол қалған ақшасын ата-анасына жіберетін болса, ата-анасына 1 жылда [ ] мың теңге жібереді.

  5. Ерасылға шаршы пішінді бау-бақшаның сыртындағы қоршауды бояуға 400 г бояу алу керек болды. Алайда ол бау-бақшаны өзгеше қоршайтын болып, бау- бақшаны төмендегідей 5 бірдей бөлікке бөлді. Онда оған тағы да [ ] г бояу алу керек.




  1. “Алтын сақа” олимпиадасына қатысушылар өздерімен бірге емтиханға көк түсті қалам, қара түсті қалам және қарындаш алып келді. Олардың 7-еуінің көк түсті қаламы, 7-еуінің қара түсті қаламы, 7-еуінің қарындашы, 3-еуінің көк түсті қаламы мен қара түсті қаламы, 3-еуінің қара түсті қаламы мен қарындашы, 4-еуінің көк түсті қаламы мен қарындашы болды. Тек қана 1 баланың көк түсті қаламы, қара түсті қаламы және қарындашы болды. Онда “Алтын сақа” олимпиадасында [ ] қатысушы болды.

  2. Сиыр 10 литр суды 5 минутта ішеді. Ал қой болса 10 литр суды 10 минутта ішеді. Ұзындығы 1 метр, ені 60 см, биіктігі 10 см болатын ыдыс жартылай суға толтырылған. 1 л = 1 дм3 екенін ескерсек, онда осы суды сиыр мен қой [ ] минутта ішеді.

  3. 0, 1, 2, 3, 4 цифрлары арқылы цифрлары қайталанбайтын [ ] үш таңбалы сан құрастыруға болады.

  4. Арман 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа көтерілу үшін 40 минут жұмсайды. Онда Арман 1-ші қабаттан 9-шы қабатқа көтерілу үшін [ ] мин жұмсайды.

  5. ̅А̅̅Л̅̅Т̅̅Ы̅̅̅Н̅ + А̅̅Л̅̅М̅̅̅А̅ + Б̅̅І̅Л̅̅І̅М̅̅ + ̅А̅̅Л̅ қосындысының ең үлкен мәні [ ].


Мұнда әртүрлі әріптер әртүрлі цифрларды, ал бірдей әріптер бірдей цифрларды білдіреді.