Файл: Трбие сааты Таырыбы Асханадаы ереже.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Асханадағы ереже»

Тәрбиеші:.

Алматы қаласы

Күні: 26.10.2022г

Тақырыбы: «Асханадағы ереже»

Мақсаты: Шағын шығарманы жаттап алуға үйрету. Қауіпсіздік ережелері туралы білу

Міндеттері: 1.Қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Танымдық қызығушылықтарын арттыру. 3.Қоғамдық көлікте(асхана, далада т.б.) өзін-өзі дұрыс ұстауға, жол қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: сурет, карточкалар

Билингвалдық компонент:. 1.Асхана-столовая

2.Тамақ жеймін-кушаю

3.Ішемін-буду пить

4.Каша -каша

5.Тамақ-еда

6. «Ас дәмді болсын!»- Приятного аппетита

Әдіс-тәсілдер Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.

Өткізу барысы:

I. Кіріспе: Шаттық шеңбері.

Қуан шаттан,

Қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты, күн бүгін.

Шаттық шеңберінде балалар бір – біріне жылулық сыйлайды.

Балабақша – өз үйіміз. Сендер сәби болып келдіңдер, ересек болып кетесіңдер. Балабақша балалар асхана бар. Балалар біз бүгін өзін-өзі дұрыс ұстауға, сақтай білуге тәрбиелеуге үйренеміз.

I. Негізгі бөлім:

1. Асханаға тәртіпті сақтай отырып асықпай, сабырлықпен кіріп және шыққан жөн.

2. Асханаға сөмке немесе портфель апармаған жөн.

3. Асхананың ішкі бөлмелеріне кіруге болмайды.

4. Ыдыстар мен жиһазға ұқыптылықпен қараған дұрыс. Оларды сындыруға болмайды.

5. Электрожарығын өздігінен қосуға және сөндіруге тыйым салынады.

6. Терезені және терезенің желдеткішін өздігінен ашып - жабуға тыйым салынады.

Асханадағы жарақат алу қауіпсіздігі:

- Электржарығын косып және сөндірген кезде (тоқ соғу қаупі бар)

- Ыстық тағам, шәй құйылған ыдысты тасу кезде (күйіп қалу қаупі бар)

- Шыны ыдыс сынған жағдайда (жарақаттану қаупі бар)

ІІ. Ас ішу алдындағы қауіпсіздік талаптары

1. Ас ішу алдында қолды сабындап жу.

2. Асханаға кірген кезде тәртіп ережесін және ас ішу уақытынның кестесін сақта.

3. Үстел басында өз орнына отыр.

ІІІ. Ас ішу кезінде қауіпсіздік талаптары

1. Үстел басында тәртіп ережелерін сақта.

2. Жолдастарының ас ішуіне бөгет жасама.

3. Ас ішкен кезде сөйлеспе, көршілеріңді итерме

4. Ыстық тағамды асықпай, мұқиятты іш.

5. Босаған ыдысты сол жағына қойып, оның құлағанына жол берме.


ІV. Қауіпті жағдайдағы қауіпсіздік талаптары

1. Қауіпті жағдай туылған жағдайда (өрт, өткір иіс шығу) сынып кураторы немесе аспазшылардың бұйырымен асхананы босатқан жөн.

2. Жарақатталған кезде көмек алу үшін кураторға жолық.

V. Ас ішкенен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1. Асханадан сабырлықпен, бірін-бірі итермей, тәртіп сақтап шыққан жөн.

2. Асханадан тамақ шығарма.

III.Қорытынды: Нені өттік? Нені білдік ?деген сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау