Файл: Халы ауыз дебиеті арылы балаларды сйлеу абілетін дамыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың сөйлеу

қабілетін дамыту

Тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі ерекше екені мәлім. Өйткені, тіл – адамдардың бір – бірімен пікір алысып, қарым – қатынас жасайтын құралы.

Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының белгілері бейнеледі.

Тіл мәдениетін меңгеру – адамның сәби шағынан іске асатын, келе – келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке деәнгі меекемелерде, мектепте жүйелі жүргізілетін тәрбие үрдісінде іске асады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», – делінеді.

Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының «Халық ауыз әдебиеті- мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» атты әдістемелік ұсынымында көрсетілгендей мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа, патриотизм және толеранттылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйым педагогінің міндеті – болашақ ұрпаққа

жинақталған білімді сақтайтын және ұқыппен жеткізетін, өз отанының

тарихын, салтын, дәстүрін құрметтейтін және ана тілін білетін, шынайы

патриоттарды тәрбиелеу.

Аталған және т.б. әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, өзімнің педагогикалық жолымда, жұмысымда «Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың сөйлеу қабілетін дамыту» тақырыбында жүйелі жұмыстанамын.

Мақсатым: Халық ауыз әдебиетінің негізінде баланың шығармашылық танымдық, коммуникативті қабілеттерін дамыту, баланы өз халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған орта (ақиқат) туралы білімін кеңейту

Міндетім:

- балаларды қоршаған орта-табиғатпен (өсімдік, жануарлар, құстар), қазақ халқының өмірі-тұрмысымен таныстыру.

- диалогтың, монологтың сөйлеуін дамыту.


- халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырғанда эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

- тәрбиелеу барысында оң өзгерістерге бағытталған ізденімпаздық іс-әрекетін қалыптастыру.

- ауызекі сөйлеудің негізін қалауға, ана тілін меңгеруіне көмектесу.
Халық ауыз әдебиеті қазіргі заманда әдістемемен қатар қолдану, баланың тілін жақсартады және баланың шығармашылық, коммуникативтік, танымдық қабілеттерін деңгейіне көтереді.

Мектеп жасына дейінгі мекемелерде халық ауыз әдебиеті арқылы бала тек ана тілін ғана танып біліп қоймайды, соны мен қатар оның сулулығын меңгере отырып, өз халқының мәдениетіне араласады, ол туралы алғашқы әсерін алады.

Сондай ақ, халық ауыз әдебиеті адамдарды мейрім шуағын оятатын ерекше жылылық қасиетке баулиды. Балалармен жұмыс жасағанда халық ауыз әдебиетін қолдану — баланың тілін, ойлауын дамыту, мінез-құлқын реттеу, жеке тұлғаның тәрбиесі мен дұрыс сөйлеуіне тәжірбие жинақтау үшін жақсы жағдай жасайды. Баланың сөйлеу тілі жақсарады, танымдық, комуникативті қабілеттерінің деңгейі артады.
Атап өткенімдей, «Халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың сөйлеу қабілетін дамыту» тақырыбында жүйелі жұмыстану барысында өз мақсатымды іске асыруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын.

Оқу іс- әрекетінде тақырыптық сабақтар, әңгімелер, бақылау, ойындар, әр түрлі жағдаяттарды модельдеу, өлең, жұмбақтар жаттау формаларында жүргізіледі.

Жұмыс барысында тиімді тәсілдер деп мыналарды атар едім,

- баланың белгілі тілдік мазмұнын меңгеруге бағытталған тақырыптың сабақтар циклын өткізу;

- қимылды ойындар, дидактикалық, сюжетті-рольдік ойындар, драматизация өткізу;

- арнайы ойын тапсырмалары;

- еркін өздігінен іс-әрекеттер, жұмбақтар шешу, бақылаулар жүргізу; біріккен іс-әрекет;
Тәжірибе көрсеткендей, халық ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдер, ертегілер, санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштарды қолданудың маңызы зор. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.

Кіші топтарда (3 – 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 – 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.

Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.

Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы – мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі.


Қазақтың мақал – мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ – бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады.

Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой – қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.

Бала тілін дамытуда, ой – өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.

Жоғарыда аталған баланың тілін дамыту мәселерін шешуде қимылды ойындар, дидактикалық, саусақ ойындары да ерекше орын алады. Ұлттық ойындар «Тақия тастамақ», «Аңшы». «Ақ серек, көк серек». «Қыз қуу» .т. б. мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік тұрмысын байытып, балалардың дүниетанымын кеңейтеді, қимыл-қозғалысын да дамытады.

Бұл жұмыстар сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.

Өткізілетін жұмыстар нәтижесінде балалардың сөйлеу сапасы, ойлауы, қабылдау, қозғалыс шапшаңдығы, еңбексүйгіштін қаблеттері жақсарды. Қазақ халқының мәдениеті туралы білімдері кеңейді.

Балаларды ұлттық мәдениетке баулу туралы ата-аналарға әдістемелік ұсыныстар, кеңестер берілді.

Мен, халық ауыз әдебиеті баланың ауыз екі сөйлеу тілін тиімді дамытатынына, оның рухани, эстетикалық, эмоционалдық дамуына әсер ететіне сенімдімін.
Пайдаланылған материалдар:
http://rc-dd.kz/sites/rc-dd.kz/uploads/docs/metodicheskie_razrabotki/kaz/ustnoe-kaz.pdf

https://www.azbyka.kz/mektep-zhasyna-deyingi-balanyn-tilin-halyk-auyz-debieti-arkyly-damytu

https://bilimainasy.kz/alimbekova/

Қалыпты адамның бойында қандайда бір қабілеттің нышаны болады, ал олардың даму дәрежесі түгелдей дерлік адамның алатын тәлім-тәрбиесіне, еңбектенуіне байланысты екені анық. Әсіресе, шыңдалу жолында бағыт-бағдар беруші, дамуға, еңбектенуге жетелеуші ұстаздарының алар орны ерекше екені сөзсіз.

Ұлым Куанышкалиев Нұрсұлтанның көркем сөз, театр әлеміне ұмтылыс білдіріп, қанаттану жолында алғашқы ұстаздарының бірі Асылжан Жакин, қазіргі ұстаздары Қуаныш Амандықов, Самал Абуов, Эльмира Макашева сынды Ақжайық өңірінің өнер тарландарынан өз қабілетін шыңдауға тәлім-тәрбие алып, сахна сабақтарын, өнер жолының қыр-сырларын меңгеріп жүргені қуантады. Шәкірттерінің бойындағы қабілетті шыңдап, дамыту, шеберліктерін арттыруы сіздердің үлкен еңбегіңіз. Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін, шәкірттеріңіз көп болсын, қ

анаттары талмасын, биіктерге самғасын!


«Мусина мектебіне» сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.