Файл: Программасына сілтеме 10 2 webбеттерді жасауда css олдану Сабаты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы

HTML, CSS - каскадты кестелер стилі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

программасына сілтеме)

10.4.2.2 web-беттерді жасауда CSS қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: «Каскадтық стильді кестелер» ұғымын анықтайды Көпшілік оқушы: Каскадтық стильді кестелерді код жасауда қолданады Кейбір оқушы: Каскадтық стильді кестелерді қолданудың маңыздылығын түсіндіреді

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау, талдау, бағалау

Бағалау критерийі

  1. Каскадтық стильді кестелер ұғымын анықтайды

  2. Каскадтық стильді кестелерді код жасауда қолданады

  3. Каскадтық стильді кестелерді қолданудың маңыздылығын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

каскадтық стиль-каскадный стиль-cascade style, код-код-code, селектор-селектор- selector, жариялау-публиковать-publication

Диалог /жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Web-беттерді безендірудің қандай жолдары бар? Қалай әрлеуге болады?

Құндылықтарға

баулу

Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау

Пәнаралық

Байланыс

Ағылшын тілінде термин сөздер қолданылады

Алдыңғы білім

HTML-де гиперсілтемелер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортаса

Ой сергіту


Сабақтың соңы

2 мин

3мин

5 мин

5 мин

7мин

12мин

3мин


2 мин

1 мин

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Психологиялық тренинг

Топқа біріктіру: Оқушыларға пейджик таратылады. Сол арқылы үш топқа бөлінеді.

  1. HTML

  2. CSS

  3. Гиперсілтеме


«Шапалақ» әдісі бойынша үй тапсырмасына шолу жасау. 5 оқушы тақтаға шығады мұғалім сұрақ қояды оқушылар слайдта корсетілген жауап нұсқаралын «ұрғыш (хлапушка)» арқылы үстін басады.

  1. Компьютер немесе басқа да электронды құрылғыларда оқылатын мәтіндер не деп аталады? (гипермәтін)

  2. Гипермәтін терминін алғаш рет американдық әлеументтанушы, философ Тед Нельсон нешінші жылы енгізді? (1963 жылы)

  3. Гипермәтінді белгілеу тілі бұл? (HTML)

  4. Тегтермен толықтырылған мәтіндік файл, оның мәтіндерін бір –бірімен байланыстыра отырып, белгілеуге мүмкіндік беретен HTML тілі? (Web-құжат)

  5. HTML тілінде Web бетті қайда құруға болады? (блокнот)

  6. Браузер терезесінде жолдың бір шетінен екінші бір шетіне жылжып отыратын «сырғымалы жол» жасайтын тег? (



«Миға шабуыл» әдісі

  • Web-беттерді безендірудің қандай жолдары бар?

  • Қалай әрлеуге болады?


Оқулықпен жұмыс

Мұғалім тақырыпты бейнежазба немесе слайд материалы арқылы көрсетеді.

Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Мұғаліммен бірлесіп талдайды.

Ауызша мадақтау, ынталандыру
1-топ. Компьютермен жұмыс

Суреттегі мысалдай web-беттің түсі көкке, ал мәтін түсі ақ түспен жазылатындай Абай Құнанбаевтың өлең шумағын экранға шығару


2-топ.

web-беттің түсі қызылмен, ал мәтін түсі қара түспен жазылатындай Абай Құнанбаевтың он сегізінші қара сөзін экран бетіне шығару.
3-топ.

web-беттің түсі сарыға, ал мәтін түсі жасыл түспен жазылатындай Абай Құнанбаевтың өлең шумағын экранға шығару

Дескриптор:

style.css стильдік бетті қолданады.
Жеке оқушыларға тест тапсырмасы беріледі. Бірін бірі бағалайды

«Табыс баспалдағы» әдісі бойынша бағалау. Баспалдақтарды бояу арқылы. Боялған баспалдақтардың

саны бойынша қалыптастырушы бағалау.
Мақал сөздің мәйегі:

1.Жігітті компьютеріне қарап бағала.

Жігітті досына қарап бағала

2.Вирустан қорыққан интернетке шықпас

Шегірткеден қорыққан егін екпес

3.Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы олан да жақсы.

Бір бас жақсы, екі бас оданда жақсы.

4.Күлсең ескірген компьютерге күл

Күлсең кәріге күл

5.Байт биттен құралады

Теңге тиыннан құралады

6.WEB-дизайншының өз ерккі, сайтты қалай жасаса

Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса

7.Антивирусы күшті компьютерді Вирус ала алмайды

Досы көпті жау алмайды

8.Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.
Кері байланыс: «БББ кестесі» әдісі

Оқушылар тақырып туралы бұрыннан не білетінін, сабақта не білгенін және не білгісі келетінін кестеге жазады.
Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма: Өз хоббиі туралы веб бет жасау


пейджик

Слайд, ұрғыш (хлапушка)

Оқулық, слайд

Копьютер, карточкалар

Слайд


А4 парағы



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай

тапсырма бересіз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын

сақтау

Бірлескен жұмыс, жеке жұмыс арқылы сабақты меңгерту.

Шаттық шеңбері, «Күн шуағын төгеді» ойыны, «Миға шабуыл» әдісі, деңгейлік тапсырмалар,

«Тест» әдісі, кері байланыс орнату: «БББ кестесі»

«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы ауызша, жазбаша түрде қалыптастырушы бағалауды іске асыру

Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері\ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?