Файл: 3тосан бойынша жиынты баалауа арналан тапсырмалар Блім аламтор жне леуметтік желілер. Морфология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Ғаламтор және әлеуметтік желілер. Морфология»





Оқу мақсаты

7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты


Білім алушы

  • Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді

  • Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады


Қолдану

15-20 минут

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтарға жауап беруде мәтіннен деректер келтіріңіз.

Сұрақтар:

  1. Бүгінгі қоғамда ғаламторсыз өмір сүру мүмкін бе? Қалай ойлайсыз?

  2. «Ғаламторды тиімді пайдалану» дегенді Сіз қалай түсінесіз? Оны тиімді етудің қандай жолдары бар?

  3. Ғаламторға тәуелділікті психологиялық мәселе ретінде қарастыруға бола ма?

  4. Адамның ғаламторға тәуелділігін қалай анықтауға болады?


Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

Дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға жуығы ғаламторды пайдаланады екен. Яғни күннен-күнге интернет жүйесінің маңызы артып келеді. Ақпараттық технология заманында аталған ғылым жетістігі өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай.

Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес. Ғаламтордан электронды кітаптарды (e-book reader) оқудың да мүмкіндігі бар. Іздеген кітабыңызды интернет арқылы тауып алып, смартфон (түрлі гаджеттер) арқылы оқи аласыз. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де шағын. Смартфонға жүзден астам кітапты жүктеуге болады. Сөйтіп, қалаған кітабыңыз смартфоннан әп-сәтте табылады. Ал смартфондағы жазбаларды қалаған уақытыңызда оқи беруге болады. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс. Инстаграм игілігін білетіндер өзінің өнімін онлайн сауда жасап сата алады. Одан өзге, фейсбук, ВКонтакте желілерін қолданып кәсібіңізді дөңгелетуге болады. Сондай-ақ, ғаламторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар. Біз тізген қызмет түрлері ғаламтордың аз ғана мүмкіндігі. Әлемдік желінің пайдалы тұстары өте көп. Алайда, оның зияны да аз емес. Ғалымдар қазіргі таңда адамдар арасында ғаламторға тәуелділік синдромы пайда болғанын айтып дабыл қағуда. Ғаламтор қолданушылардың бірқатары оны тағам мен су іспетті өмірлік маңызы бар дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады. Десе де, ғаламтордың зияны мұнымен шектелмейді. Компьютердің алдында ұзақ уақыт отырудың салдарынан көздің көру қабілеті нашарлайды. Соңғы уақытта ересек адам­дардан бөлек, балалар арасында миопия ауруы жиі кездеседі. Бір ғана дерек, көзі нашар көретін балаларға арналған бала­бақшалар мен мектептерге келушілер күрт көбейген. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың әсерінен тірек-қимыл жүйесіне де зиян келеді. Ал жастайынан омыртқа ауруына шалдыққан баланың ағзасы көп уақыт емделуді қажет етеді. Сонымен қатар, медицина мамандары компьютерді ұзақ уақыт пайдалану бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы секілді дерттің пайда болуына әкеліп соғатынын айтады. Ақпараттық технология ғасырында ғаламторсыз өмірімізді елесету қиын. Десек те, интернетке, компьютерге тәуелділік синдромына шалдықпау үшін оны шектеп пайдалануды әдетке айналды­рыңыз. Күнделік бастап әлемторға қанша уақытыңызды арнайтыныңызды жұмыс кестеңізге жазып қойыңыз. Тек қажеттілік туғанда ғана ғаламдық желіге жүгініңіз. Одан тыс уақытыңызды спортқа, өзіңізді дамытатын істерге жұмсауға дағдыланған жөн.


2-тапсырма .Етістіктің шақтарына байланысты тест сұрақтары

  1. Шартты райлы етістікті табыңыз.

A) Бір көрсем, арманым болмас еді.

B) Содан кейін мені бір сына.

C) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз.

D) Теңді шештірме, үйге де әбігер болма.

E) Тамақ жегім келмей тұрғаны.

  1. Қай сөйлемде бұйрық рай қолданылып тұр?

A) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді.

B) Осы сұрақтың жауабын түсіндіріңіздер.

C) Менің дәптерімді табыңдар.

D) Олар үйге ертерек жетсін.

E) Күн жылы болса, тауға шығамыз.

  1. Шартты райлы етістікті табыңыз.

A) Бір түрлі ұйықтағым келіп тұрғаны.

B) Үйге тезірек келсейші.

C) Осы сұраққа жауап берсеңіз екен.

D) Қазір демалыс болса ғой!

E) Жазсам, бітіріп тастаймын.

  1. Қалау райды табыңыз.

A) Тез жазып бітір.

B) Бүгін бізге келерсің.

C) Үйге ертерек барса игі еді.

D) Жазса, тез бітіреді.

E) Оған айт, үйге тез жетсін.

  1. Бұйрық райдың III жағын табыңыз.

A) табыңдар B) түсініңіздер C) үйренгісі келеді

D) жетсін E) ұнатты

  1. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән?

A) шартты рай B) ашық рай C) ешбірі

D) қалау рай E) бұйрық рай

  1. Қалау райлы етістікті табыңыз.

A) толқыса B) алса игі еді C) оқысаңыз

D) айтсаңшы E) көрген







Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап береді


1

Сұрақтарға жауап береді:

1-сұрақ;

2-сұрақ;

3-сұрақ;

4-сұрақ;

Мәтіннен деректер келтіреді


1

1

1

1

1

Етістіктің шақтарына байланысты тест тапсырмаларын орындайды

2

1 – C,

2 – B

3 – A

4 – A

5 – B

6 – C

7-D



1

1

1

1

1

1

1

Барлығы

12