Файл: ТУелсіз елімазастаным!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Армысыздар,қадірменді қонақтар! Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз.

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Бәрімізге мейрам құтты болсын!
Фанфары
Серік:

Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным

Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар,балалар және ата-аналар! Бүгін үлкен мереке тәуелсіздік күні.

 Адина: 16-шы Желтоқсан

              Тәуелсіздік алған күн

              Мерекеге ел тосқан

              Атамменен барған күн!

              16-шы Желтоқсан

              Тәуелсіздік алған күн

              Ерекше боп мәңгілік

              Ел жадында қалған күн!

 Біздің «Қарлығаш» тобының «Тәуелсіз елім-Қазақстаным!» атты мерекесіне қош келдіңіздер!

Балалар ән ырғағымен залға кіреді. 

Жүр:Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Ән: Әнұран

(Әннен кейін балалар жалауларын беруге айналып жатқанда

Адина,Айшабибі,Раяна киімін ауыстыруға перденің артына кетеді )

2

Тақпақтар:

Айбол: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн!

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің,Қазақстан. Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің Қазақстан.

Бағым.Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!

Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.

Алихан

Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Жүргізуші:Балалар, қазір мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді тексерейін.Жарайма балалар? Иә!

1.Біз қандай мемлекетте тұрамыз? (Тәуелсіз мемлекет Қазақстанда тұрамыз)

2.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев)

3.Қазақстан Республикасының елордасы,бас қаласы қай қала? (Нұр-Сұлтан қаласы)


4.Біздің тіліміз қандай? (Қазақ тілі)

5.Ал,ұлттық валютамыз,ақшамыз қалай аталады? (Теңге)

3
Жүргізуші:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
Қазақ биі:«Попурри»

(Билеп болып шыққан соң ,Адина,Айшабибі,Раяна көк көйлектерін киіп келіп отырады)

Жүргізуші:

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Мерекемізді тәуелсіздікке арналған өлең шумақтарымен жалғастырайық
Тақпақтар:

Мирас:Қазақстаным Отаным

 Шалқыған шаттық ордасы

 Тәуелсіздігім - ұраным

  Шалқыған жырдың арнасы.

Тәуелсіз елдің ұланы,

   Қырандай көкте самғасын  

 Көк туым менің желбіреп

  Тұғырың мәңгі таймасын.

Аяла:

Ешкімді де қас көрме,

                 Бірақ жауға дер берме.

                 Омырауға тағып жүр,

                 Елтаңбасын қастерлеп.

                 Елтаңбасы елімнің,

                 Неткен әйбат әдемі.

                 Қанатты қос арғымақ,

                 Екі жақтан көмкерген

Нұржігіт. Мерекеге шығады,

                  Бүкіл халық біліп қой.

                  Отандастар ұғады,

                  Тәуелсіздік – ұлы той.

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне мен қараймын.

Жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

- Ән: «Менің Қазақстаным»

Жүргізуші:Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Әнді жақсы айттыңдар. Ал  енді шаршаған боларсыңдар. Серігіп бір қазақтың ұлттық ойынын ойнайық.

Ойын: «Теңге алу».

4

Шарты: Балалар бестен — бес екі топқа бөлініп тұрады.  Оларға  бір — бірден ағаш аттар беріледі. Ойын басталды деген белгі берілген
кезде аттармен шауып, жердегі орамалға түйілген теңгені алып себетке салып, бірінші болып келген топ жеңімпаз атанады

Жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
«Жігіттер» квартетінің орындауында ән «Біргеміз» Ән: «Біргеміз» Жүргізуші: Тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың.. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық. Тақпақтар: Айшабибі: Отан менің ата-анам, Отан досым,бауырым. Отан өлкем,астанам, Отан туған ауылым. Отан деген-ата мекен Отанымды сүйемін мен Отан жерім,Отан елім Міне,менің қазақ жерім Жүргізуші: Тәуелсіз еліміз,туған жеріміз, жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өнуде. Олай болса балалар, «Тәуелсіз ел ұраны» әнін хормен бірге орындайық

Ән: «Тәуелсіз ел ұраны» хормен

Жүргізуші:

 Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім-Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары , егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.

Құттықтау сөз кезегі балабақшамыздың меңгерушісіне беріледі.