Файл: аза дебиетінен тжб растыру ерекшеліктері бжб.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ әдебиетінен ТЖБ құрастыру ерекшеліктері

БЖБ — бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бір тоқсанда бірнеше бөлім болуы мүмкін. Оқушының әр бөлім бойынша білімі мен біліктілігін тексеру үшін осы БЖБ алынады. Тапсырманы орындауға 15-25 минут беріледі. Оған шамамен 10-18 балл қойылады.

ТЖБ — тоқсандық жиынтық бағалау, яғни әр тоқсан аяғында алынады. Оқушыларға оны орындау үшін 40 минут беріледі. Жұмысы 30 баллға дейін бағаланады.

БЖБ мен ТЖБ қиын дүние емес. Кезінде тапсырмаларды тест, диктант, деп атайтынбыз. Ал қазір барлық пән бойынша алынатын бақылау жұмысын БЖБ және ТЖБ дейміз. Айырмашылығы осы ғана.

Балаға бұрынғыдай қатып қалған есеп-қисап, сұрақ-жауап берілмейді. Оқушының сыни ойлауына, логикасына қарай тапсырмалар беріледі. Ал бала іздену арқылы орындайды. Керісінше, оқушы өз бетімен жұмыс істеп, жауапкершілікті сезіне бастайды.

БЖБ және ТЖБ бойынша дайын сұрақтар берілген. Дегенмен ол тапсырмалар ашық дереккөзге жарияланып, оқушылар интернеттен жауабын көшіруді әдетке айналдырған. Сол себепті қазір әр мұғалім дәріс беретін пәні бойынша БЖБ және ТЖБ сұрақтарын өзі құрастырады.

Кей оқушы сабаққа қатыспайды, тапсырманы орындамайды. Бірақ БЖБ мен ТЖБ кезінде жоғары балл алады. Ал тоқсан бойы белсенді қатысқан бала екі бақылау жұмысынан төмен баға алып қалып жатады. Мұндай кезде оқушыға әділ баға қою қиын. Сол себепті біз БЖБ мен ТЖБ-ға дейін оқушыны дұрыс бағалауға тырысамыз.

Себебі әр баланың деңгейін оның мұғалімінен жақсы ешкім білмейді. Әр пән оқытушысы әр сынып оқушыларының сыни ойлау қабілетіне, біліміне, дағдысына қарай сұрақтар дайындайды,

ТЖБ –бұл стандартталған үдеріс
Тоқсан бойы өткен барлық оқу мақсаттары қамтамасыз етілген.

Сол бойынша оқушылардың алған білімін тексеріп және бағасын анықтау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтайды
ТЖБ құрастыруда ашық, жабық, көп таңдауы бар тапсырмаларды қолданамыз. Бұл тапсырмаларды оқушы неше минутта орындай алуы мүмкін. Әр тапсырманың күрделілігіне сәйкес уақыт есептелуі керек. Тапсырма әзірлеуде Блум таксаномиясын басшылыққа алып отыруды ұмытпауымыз керек.
Жабық түрдегі тапсырма- бір жауапты ғана немесе бірнеше жауапты таңдау талап етіледі

Дистрактор - көп таңдауды қажет ететін тапсырманың бұл элементін қолданудағы негізгі міндет – оқу материалын жеткіліксіз меңгерген оқушылардың назарын аудару.

Ашық түрдегі тапсырма - қысқа немесе толық жауапты қажет етеді.
Сәйкестендіруге арналған жабық тапсырма
Пән ___Қазақ әдебиеті_________Сынып 5__________________________


Оқу мақсаты


5Т/Ж Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау


Бағалау критерийі

Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен орналастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну


Тапсырма Шығарманың сюжеттік дамуын ретімен орналастырыңдар.


Сюжет

Реті

Қалидың жаттығуға асығуы

3

Аға тәрбиешінің Манапты Қалимен кездесуге ертіп баруы

1

Манаптың қаяу күйде «Волгаға» отырып,вокзалға бағыт алуы

2

Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келуі, директормен әңгіме

4




Ашық тапсырма әзірлеу.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық тапсырма.

Пән__Қазақ әдебиеті________________Сынып: 5

Оқу мақсаты

5.А/И3.Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу,эпитет,ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау,өлең құрылысы) мағынасын анықтау

Бағалау критерийі

Шығармадан бейнелеу құралдарын анықтайды. Анықталған бейнелеу құралдарының мағынасына талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары Қолдану



Тапсырма

  1. Өлең мазмұнынан 3 түрлі бейнелеу құралын анықтап жазыңдар.

1.

2.

3.

  1. Берілген үзіндідегі қарамен берілген сөз тіркесі қандай ұғымды білдіретінін жазыңдар. «Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің.»

  2. Өлеңде кездесетін көркемдегіш құралдарға мысалдар жазыңдар.



Риторикалық сұрау

Эпифора













Ашық тапсырма

Пән____Қазақ әдебиеті__________________________________ Сынып 5___

Оқу мақсаты

5.А/И4.Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат,өлең жазу


Бағалау критерийі

Шығармадан алған әсерін сипаттайтын пікірін жазбаша жеткізеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей


Тапсырма
1. Шығармадан алған әсеріңізді сипаттап, өз пікірлеріңді 1-2 сөйлеммен жазыңдар.
2.Шығарма авторының бейнесін сипаттайтын түйінді ойларыңды 1-2 сөйлеммен жазыңдар.
3.«О, Ақтан жас ,Ақтан жас» өлеңінде жігіттің даңқын шығарып, оны мақсатына жеткізетін бір жол бар...» Автор пікіріне өз ойыңды 1-2 сөйлеммен жазыңдар.

Дескриптор:

Білім алушы

-шығармадан алған әсерін бір оймен жеткізеді.

-автор бейнесін анықтап, ойын 2-3 сөйлеммен жеткізеді.

-автор пікіріне өз ойын 3-4 сөйлеммен жеткізеді.