Файл: Пні аза дебиеті 5сынып Блім Адамгершілік асыл асиет.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні: қазақ әдебиеті 5-сынып

Бөлім: «Адамгершілік - асыл қасиет» Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Түбінде адам болатын бала

Оқу мақсаттары: 5Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына сай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Сабақтың мақсаты: Әдеби шығарманың оқиғалар жүйесін рет-ретімен айта алады;

Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын таба алады;

Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады;

Бағалау критерийлері:
  • Шығармадағы оқиғалар жүйесін рет-ретімен айтады;
  • шығарманы құрылысына қарай талдайды;
  • Шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды.

Білгенің жөн:



Фабула дегеніміз – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау, әңгімелеу

Сюжет дегеніміз – өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.

Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері де, яғни бастамасы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі, шешімі немесе аяқталуы болады.

Сюжеттің басталуы

Сюжеттің басталуы (лат.-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.

Сюжеттік байланыс

Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.

Сюжеттік шиеленісуі

Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістірге байланысты.

Сюжеттің шарықтау шегі

Шарықтау шегі (лат.-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы.

Шешімі

Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі;


1-тапсырма. Шығармаға сүйене отырып, берілген ақпараттың дұрыс немесе дұрыс еместігін табыңыз.

Ақпарат

Дұрыс

Дұрыс емес

Саябанға көтерілдім де сол арадағы тақтай орындықта тосып отырдым.

 

 

Директор кабинетіне осы мектепте бір оқушы ең көп бас сұқса, сол мен болармын деймін.

 

 

Мен сенің әкеңе қарыздар емеспін.

 

 

Мені қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-қайсының да себебі жоқ еді.

 

 

Әсіресе, оң жақта, директорға таман отырған Майқанованың сұсы қатал да сұрапыл көрінген жоқ.

 

 

Алдымда қақпан құрулы тұрғандай жыбырлап бір-екі аттадым...

 

 

Қоймаймын енді, кешіріңіздер!

 

 

-Қадыров түбінде адам болатын бала, - дейді Майқанова

 

 

Дескриптор
  • Берілген ақпаратты оқиды.
  • Дұрыс, дұрыс еместігін анықтайды.

Өзіңді тексер

Ықтимал жауап:

Ақпарат

Дұрыс

Дұрыс емес

Саябанға көтерілдім де сол арадағы тақтай орындықта тосып отырдым.

+

 

Директор кабинетіне осы мектепте бір оқушы ең көп бас сұқса, сол мен болармын деймін.

+

 

Мен сенің әкеңе қарыздар емеспін.

 

+

Мені қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-қайсының да себебі жоқ еді.

 

+

Әсіресе, оң жақта, директорға таман отырған Майқанованың сұсы қатал да сұрапыл көрінген жоқ.

 

+

Алдымда қақпан құрулы тұрғандай жыбырлап бір-екі аттадым...

+

 

Қоймаймын енді, кешіріңіздер!

 

+

-Қадыров түбінде адам болатын бала, - дейді Майқанова

+

 

2-тапсырма

“Галлереяға саяхат” әдісі арқылы шығарманың жанрына қарай сюжеттік дамуын анықтаңыз.


Дескриптор:
  • Суретке қарап, шығарманың композициясын анықтайды;
  • - шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды.

Өзіңді тексер

Шығарманың сюжеттік дамуы:
  • Шығарманың басталуы - Қожаның өз-өзіне риза болмауы.
  • Байланысы – Кітап мәселесі.
  • Шиеленісі – Бақаның әлегі.
  • Шарықтау шегі – Педсоветке салу.
  • Шешімі – Түбінде адам болатын бала.

3 –тапсырма. Шығармадан Қожаның тәртіпсіздіктен бас тартып, адам болуға бет бұрған қадамын көрсететін әрекетін тауып алып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Дескриптор:
  • шығармадан үзіндіні табады;
  • өз ойын жазады;
  • өз көзқарасына шығармадан дәлелдер келтіре алады;
  • тақырып бойынша қорытынды жасайды.

Өзіңді тексер

... – Қадыров Қожаның жекебас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәртіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан былай не істеуім керек?

...«Бірінші. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын көрсетіп бітеді екен. Оған көзім әбден жетті. Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян... Сондықтан қалай еткенде де тәртіпті болуым керек. Ол үшін...

Қосымша тапсырма:

«ХХІ ғасырдағы Қожа» - бүгінгі заманның баласы тәртіпсіз қылықтар жасаса, қандай әрекеттерге бой алдыруы мүмкін? Өз ойыңызды жазыңыз.

Дескриптор:
  • өз ойын шығармамен салыстыра отырып, жүйелі жазады;
  • сөз тіркестері мен сөйлемдерді байланыстырып, қатесіз жазады;

  • өмірмен байланыстырады;